Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet13/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, Өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқалы білімін жетілдіру болып табылады.
Жеке адамның дамуында мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту шешуші роль атқарады.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын және бас-қарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.


1.3.2. Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы және дамуы.
Қандай ғылым болса да қоғамның өмірлік мұқтаж-талабынан туады. Пе-дагогиканың жарыққа шығуы, пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбие-леудің тиімді жолын табу мақсатынан туған. Жинақталған тәжірибенің келесі ұрпаққа берілуі қоғамның ілгері дамуының кепілі болып саналады. Педагоги-ка ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедігі Шығыс елдерінің (Египет, Азия, Yндi, Қытай) философиялық жүйесінде дамыды. Бұл елдерде жрец, са-рай және әскерилер мектептері болды. Вавилондағы жрец мектептерінде оқу, жазу, санауға үйретуден басқа астрология, медицина және діни пәндер оқы-тылды.
«Педагогика» терминінің көне Грециядан бастау алатынын айтып өттік. Ежелгі Грецияда көптеген қоғам қайраткерлері, ойшылдар оқыту мен тәрбие адам баласының дамуында айрықша роль атқарады деп есептеген. Сократ (469-399), Платон (427-347), Аристотель (384-222), т.б. шығармаларында тәр-бие туралы құнды пікірлер айтылған. Ортағасырлық отандастарымыз әл-Фа-раби, ибн Сино, Беруни сияқты ғұламалар да өздерінің шығармаларында тәр-бие, оқыту мәселелеріне көп тоқталған. Әсіресе, eң алғашқы болып Абу Али ибн Синоның балаға берілетін тәрбиенің түрлерін анықтауы, балаларды коллективті түрде оқыту керек деген шешімі педагогика тарихындағы құнды педагогикалық идеялар еді.
Педагогика туралы теориялардың жедел дамуына қарамастан, ол ХVII ға-сырға дейін философия ғылымының бір бөлігі ретінде қала берді.
Педагогика тек XVII ғасыр басынан бастап жеке ғылым ретінде таныла бастады. Ағылшын философы Фрэнсис Бекон (1561-1626) 1623 жылы жазған «О достоинстве увеличении наук» деген еңбегінде педагогиканы жеке ғылым ретінде қарастырды. Оны «Оқуды басқару» деп ұқты. Осы ғасырда өмір сүрген Я.А.Коменский еңбектерінде педагогика жеке ғылым ретіндегі статусқа ие болды. Ол «Ұлы дидактика» атты ұлы шығармасында тәрбие, оқыту, оқытуды ұйымдастыру мәселелерін көтеріп, өзінің педагогикалық теориясын ұсынды.
XVII-XIX ғасырлар арасында педагогика ғылымы жан-жақты дамыды. Оның дамуына Батыс Европа ғалымдары Джон Локк (1632-1704) тәрбиенің психологиялық негіздері, Жан Жак Руссо (1712-1778) «еркін тәрбие» идеясы, Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) балалар мекемесінде тәрбиелеу, тәр-биенің гуманистік сипаты, Иоганн Гербарт (1776-1841) оқыту мен тәрбиелеу-дің психологиялық негізі, Адольф Дистерверг оқушылардың белсенділігiн арттыру, мұғалімді даярлау идеяларымен салмақты үлес қосты.
Ал орыс педагогтары К.Д.Ушинский мен Л.Н. Толстойлар ана тілінде білім берудің маңызын көрсетуі, халықтық мектептерде оқыту мен тәрбиелеу теориялары арқылы педагогика ғылымын әpi қарай дамытты.
Педагогика ғылымының дамуына ұлы қазақ педагогы Ы.Алтынсарин әр-бір бала өзінің ана тілiнде оқуы керек деген идеясымен, қазақ даласында дү-ниелiк ілім үйрететiн қазақ мектептерiн ашқан ағартушылық қызметiмен, басқа тілді оқушыларға үйретудің методикасын iстеп шығуымен елеулi үлес қосты.
Дүниелік ілім үйрететiн мұсылман мектептерiн ашып, онда берілетін бі-лімдердің мазмұнын анықтап, оқыту теориясын ұсынған ХХ ғасырдың басын-дағы Түркістан жадидшілері де педагогиканың дамуында заңды орын алады.
Балалар коллективінің тәрбиелiк ықпалын ашқан А.С.Макаренко (1888-1939) және оқушы жеке басының, дара ерекшелiктерiнің, қабілетінің, қызы-ғушылығының жетілуiне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ме-тодикасын iстеп шыққан В.А. Сухомлинский (1918-1970) сияқты кеңестiк дәуірде өмір сүрген көрнекті педагогтар да педагогика ғылымының дамуын-да өзiндiк орын алады.
Міне осылай, педагогика ғылымы жан-жақты, салаларға бөлініп дамы-ды. Педагогикалық ой-пiкiрлердің мол қазынасы жиналды.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling