Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- 6. Зерттеушілік іскерлігі
- 1.2.4. Педагогикалық шеберлiктi меңгеру жолдары.
5. Ұйымдастыру іскерлігі – 1) оқушылар коллективін ұйымдастыру, бір мақсатқа бiрiктiре алу; 2) жұмысты анықтау, тапсырма беру, бақылау, қоры-тындылау, бағалау, жағымды психологиялық жағдайды туғызу.
6. Зерттеушілік іскерлігі – педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарау, ғылыми болжам жасау, жобалау, эксперимент жасау, озат тәжірибелер-дi үйрену т.б. Бұлардан тыс оқытушының бойында білімділік, интелектуалдық, бел-сенділік, жаңаны жақтаушылық, творчестволық ынтымақтастық, өз бетінше педагогикалық білім алуға ынталылық сияқты қасиеттер болуы керек. Оқытушы педагогтық такт, байсалдылық, педагогикалық әдеп, өзін-өзі билеу, педагогикалық ойлау, өз әрекетiне талдау жасау сияқты кәсіптiк сапаларға ие болуы керек. Міне, осы бiрiн-бipi толықтыратын педагогикалық iскерлiктер, қасиет-тер, сапалар жиынтығы педагогикалық қабілет деп аталады. Педагогикалық қабілеттi үнемі дамытып отыру нәтижесiнде оқытушы педагогикалық шебер-лікке ие болады. 1.2.4. Педагогикалық шеберлiктi меңгеру жолдары. Басқа мамандық иелеріне қарағанда оқытушылар өз білімдерiн және жұ-мыс әдістерiн жаңартып отыруы қажет. Себебi оқытушылық қызмет үнемі өсіп, дамып отырушы адаммен байланысты. Сырттан қарағанда оқытушының еңбегі бip қалыпты сияқты – ол баланы оқытады, тәрбиелейдi. Ал, шын мәнін-де оның әрбір сабағы қайталанбайды. Сол кездегі оқушы, көңіл-күй, жағдай, қарым-қатынас екiншi рет дәл сондай болмайды. Сондықтан шебер оқытушы болудың дайын рецепті жоқ. Бұл күнделiктi, қажырлы еңбектің нәтижесiнде жылдар бойы жинақталады. Бiз қазіргі педагогикалық шеберлiктi қалыптастырудың бірнеше жолда-рына тоқталамыз. Алдымен, адамның бойында оқытушылық мамандығына бейiмділік болуы керек. Екіншіден, мұғалім сабақ беру методикасын меңгеруi керек. Әрбір сабақ-ты жаңа материалдармен толықтырып отыруы керек. Үшіншіден, оқытушы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерiн оқып-үйреніп, педагогикалық-методикалық әдебиеттермен танысып баруы керек. Төртіншіден, оқытушы өзiнің сөзіне, жүріс-тұрысына, бет-әлпетіне, киi-мiне ұқыпты болуы керек. Педагогикалық мамандыққа жат қылықтардан аулақ болуы керек. Бесіншіден, педагог қандай жағдайда да педагогикалық такт пен педаго-гикалық этиканы сақтай алуы қажет. Алтыншыдан, оқытушы салауатты өмip сүріп, қоғамның белсендi мүшесi болуы керек. Жетіншіден, мұғалім творчестволық жұмыс істeyгe әдеттенуi керек. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling