Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқытушының педагогикалық қабiлетi мен шеберлiгi


Download 1.31 Mb.
bet10/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

1.2.3. Оқытушының педагогикалық қабiлетi мен шеберлiгi.
Адаммен байланысты мамандықтардың ішінде педагогтық мамандық өзіндік ерекшелікке ие. Педагогтық мамандықтың предметі болған адам – жай ғана адам емес, ол күннен-күнге өсіп, жетіліп, дамып барушы адам. Мұ-ғалім сол адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін маман-дық иесі. Ол өзінің қызметі барысында оқушы жеке басынының интеллек-туал, эмоционал және дене жағынан даму, сонымен бірге рухани әлемінің қалыптасу процесін басқарады. Педагог әрқандай жетекші сияқты өзі басқа-ратын процесті – оқушы қызметін өте жақсы білуі және көз алдына келтіре алуы керек. Сондықтан оқытушы мамандығы адам туралы және арнаулы ілімдерді үйреніп, екіжақтама дайындықтан өтіуді талап етеді.
Оқытушы философиялық, социологиялық, адамтану, мәдениеттану, ме-тодологиялық, психологиялық, педагогикалық, оқытатын пәні бойынша ар-наулы және методикалық фундаментал білімдерді меңгеруінен тыс жас ұр-пақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптiк деңгейі және педагогтық шеберлiгi жоғары болуы үшін педагогикалық қабілетке де ие болуы керек. Педагоги-калық қабілет ең алдымен адам бойындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшелiктер нышандарға байланысты. Нышанды іс-әрекетке келтіріп, оны қабілетке айналдыру үшін педагогикалық іскерлік қажет. Оқытушының қыз-метіне байланысты мұндай педагогикалық іскерлiктер бірнеше бөліктерден тұрады:
1. Танымдық iскерлiк – қабылдау, зейiн, ойлау, елес, ес т.б. бiрлiкте да-муы. Мысалы, байқағыштық, бақылағыштық, педагогикалық ситуациядан шыға алу, талдау жасау, салыстыру, жинақтау сияқты дағдылардың болуы қажет.
2. Қарым-қатынас iскерлiгi – бұл мұғалімнің педагогикалық процесс барысында адамдармен қарым-қатынасқа кiрісе алуы.
3. Конструктивтiк iскерлiк – алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, ойлау, салыстыру, болжам жасау, оқушылардың жас және дара ерекшелiкте-рiне сай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алу.
4. Түсіндіру iскерлiгi – сөз, мимика, пантомимика арқылы оқу материа-лын анық, дәл, түсінікті, қызықты етіп баяндауы, оқушылардың білім алуға ынтасын ояту.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling