2.4.4. Дәстүрлі болмаған сабақтар.
Соңғы жылдары дәстүрлі сабақ түрлерiмен қатар оқушылардың әр жақ-ты дамуына ықпал жасайтын, білім алуға iштей қажеттілігін туғызатын, олар-ды белсендi іс-әрекетке жетелейтiн дәстүрлі болмаған сабақтар да қолданы-луда. Олардың мынадай түрлерi бар: семинар-сабақ, лекция-сабақ, конферен-ция-сабақ, панорамалық сабақ, зачеттық сабақ, пікірталас сабағы т.б.
Семинар-сабақ.
Сабақты ұйымдастырудың семинар формасында оқылған лекция тақы-рыбы немесе курстың тарауы алдын-ала белгіленген сұрақтар бойынша тал-данады. Семинарда талқылау үшін белгілі бiр тақырыптың анағұрлым маңыз-ды мәселесі немесе бiрнеше тақырыпты қамтитын мәселелер алынады. Семи-нар сабақты оқушылар берілген сұрақтарға жазбаша дайындалып келеді. Ал кейбір оқушыларға баяндама жазу тапсырылады. Оқушылар баяндамала-ры мен хабарларын жасағанда өзгелері бұларды толықтырып, сұрақтар қойып отырады. Сабаққа барлық оқушылар қатысып, тікелей талқылау жүргізуін қамтамасыз ету керек.
Оқушылар тапсырманы орындау барысында талдау, салыстыру, қоры-тынды жасау үшін дербес әрекеттенедi. Сөйтiп, творчестволық ойға көшедi.
Ceминapғa дайындалғанда негізгі әдебиеттерден басқа қосымша әде-биеттерді де пайдалану керек.
Лекция-сабақ.
Лекция-сабақ оқыту процесiнің ең күрделi түрі, ол жоғары кластарда қолданылады.
Мектеп лекциясы оқу програмасының маңызды мәселелері бойынша оқылады. Лекцияның мақсаты басқа бiлiм көздерiнен мәлiметтер, деректер беру болып табылады. Мектептегі лекция-сабақта оқушылардың жас ерекше-лiгі ecкеріледi. Лекция 30-35 минуттан аспауы керек. Онда оқушыларға оқу-лықтарда толық қамтылмаған тың деректер, мәлiметтер беріледі. Оқытушы лекцияны проблемалық етiп өткiзудi ойластыруы керек.
Лекция-сабақта оқушылар материалды тыңдай бiлуге, баяндалған инфор-мацияны қабылдауға, талдап жинақтауға, қысқаша конспектілеуге үйренеді.
2.4.5. Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерi.
Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа мынадай формалары бар: оқу экскурсиялары, факультативтер, семинарлар, консультациялар, конференция-лар, практикумдар.
Do'stlaringiz bilan baham: |