Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ташкент облысы шыршық мемлекеттік педагогика институты гуманитар пәндер факультеті
II тарау. Зат есімнің грамматикалық категориялары
Download 67.42 Kb.
|
Жұлдыз
- Bu sahifa navigatsiya:
- Құдық басында
II тарау. Зат есімнің грамматикалық категориялары
II.1. Көптік мәнді есімдер мен көмекші есімдер. Зат есімдердің семантикапық топтарының бірі-көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұбат, адыраспан, өрік, күміс, қуаныш секілді зат есімдер көптік ұғымды білдіреді. Сондықтан, ғылымда «затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер көптік мәнді есімдер» деп аталады. Олай болса, көптік мән деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мәнді есімдер заттың санын дәл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек қана тұлғасы жекеге ұқсайды. Мысалы, шаш, дән, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалық көрсеткіші болмаса да, көптік мәнді білдіреді. Проф. А.Ысқақов көптік мәнді есімдерді мынадай түрлерге бөледі: 1. Сұйық заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б. 2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін т.б. 3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетегет.б. 4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау т.б. 5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш т.б. 6.Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қарт.б. Осы топтарға жататын зат есімдердің барлығы да ешбір грамматикалық көрсеткішсіз семантикалық жағынан көптік ұғымды білдіретін сөздер. Сондықтан да бұл сөздер осындай семантикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай зат есімдердің жеке бір тобы ретінде, яғни көптік мәнді есімдер ретінде танылып жүр. Кейбір жеке сөздердің мағынасының өзінде көптік ұғымның болуы көне жазба ескерткіштер тілінде де кездеседі. Мысалы, жылқы (жылқы), барым (мүлік, дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, көптік те ұғым берген . Сондай-ақ табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (көз, құлақ, аяқ, қолғап, етік, сырға, кебіс, бәтеңке т.б.) көптік мәнді зат есімдер қатарына жатады. Қазақ тілінде көмекші морфемаларға қосымшалардан басқа көмекші сөздер де жатады, олар тілдің грамматикалық құрылысынан көлемді орын алады және өздеріне тән ерекшеліктері бар. Проф. Н.Оралбаева көрсеткендей, «көмекші сөйлемде де бес сөзге мағына қосу үшін қолданылады,бірақ оның дыбыстық құрамына енбей де тобымен тіркесіп қана қолданылады. Олар сөз тіркесінің жеке сыңары бола алмайды, дербес сөздің құрамындағы қосымшалар сияқты ғана сөз тіркесінің құрамына кіреді. Дербес сөз бен көмекшінің тіркесі сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Көмекшілерде лексикалық мағына жоқ, бұл олардың бәріне ортақ, бүкіл көмекші атаулының қайсысы болсын нақтылы лексикалық мағына бермейді... көмекшілерде лексикалық мағына болмайтын себебі - олар грамматикалық дамудан өткен. Грамматикализациялану арқылы олар лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық көрсеткішке айналған». Міне, бұл үзіндіден көмекші сөздердің негізгі ерекшеліктері анық байқалады. Көмекшілер тіркесетін сөз табына, тіркесу орнына, дыбыстық құрамы мен сөзге қосатын мағыналарына қарай түрліше болып келеді, соған байланысты олардың бірнеше түрлері бар. Солардың бірі- көмекші есімдер. Көмекші есім деп грамматикалық өзгеріске түсіп дерексізденудің (абстракцияланудың) нәтижесінде заттық мағынасынан айырыла бастаған тәуелдік жалғаулы көбіне мекендік септіктерде қолданылып матаса байланысқан тіркестің екінші сыңары қызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мәнді ерекше бір тобын айтады . Көмекші есімдердің дербес сөздерге қосатын қосымша мағыналары көбінесе мекендік, мезгілдік қатысты білдіреді. Мысалы, Құдық басында жылқы су ішіп жатыр (Ж. Аймауытов). Абай кеш батар алдында Баймағанбетті жіберіп, Әбішті шақыртып алған (М. Әуезов). Дербес сөз бен көмекші есім белгілі бір морфемалар, яғни ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауының 3-жағы арқылы байланысады: қаланың ортасы, көшенің шеті, өзеннің жаны т.б. Бұл екі қосымшасыз дербес сөз бен көмекші есім бірімен- бірі байланыспайды. Н. Оралбаева көмекші есімдерді осы ерекшелігіне қарай дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшіге жатқызған. Көмекші есімнің алдынан келетін толық мағыналы сөздің мынадай жағдайларда түсіп қалатыны байқалады: а) Көмекші есімнің алдынан келетін толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемде айтылғанда, келесі сөйлемде түсіп қалып, көмекші есім жеке қолданыла алады. Мысалы, Сейіт атына мініп алып, өзенге қарай жіті аяңдатып келеді. Алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады. Негізінде «Сейіттің алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады» - деп айтылуға тиіс еді. Бірақ онда Сейіт сөзі қатар екі сөйлемде 2 рет қайталанып, ол стильдік қолайсыздық туғызар еді. Ондай ыңғайсыздықты болдырмау үшін жазушы ол сөзді екінші сөйлемде қолданбаған. ә) Құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінде аталған толық мағыналы сөз басыңқы сөйлемінде аталмай, көмекші есім жеке қолданылады. Мысалы, Сейіт бұрылыңқырай беріп, Тілеукүні атының кеудесімен соғып құлата салып, артына қарамастан жүре берді. Ал кейде керісінше, толық мағыналы сөз басыңқы сөйлемінде беріледі: б) Мұндай жағдай салалас құрмаласта да кездеседі. Мысалы, Самолет жерге қонады, мен жүгіріп қасына барам. в) Бір зат, құбылыс, уақиға баяндалғанда, толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемдерде аталады да, көмекші есім кейінгі сөйлемде жеке беріледі. Мысалы, Аспалы шамды төменірек түсіріп, алдына үлкен есеп шотын қойды. Осы сөйлемдегі «алдына» көмекші есімнің тіркесетін мағыналы сөзі 3 сөйлем бұрын айтылған. г) Субъектісі аталып, оны айқындайтын өздік есімдігіне тіркесуге тиісті көмекші есім көбіне жеке қолданылады. Мысалы, Ушаков алдында кетіп бара жатқан үшеуді қуып жетті. Дүкенші артына бұрылып, ағаш шелек толы қызыл уылдырықты көтеріп ала берді. Бұл сөйлемдердегі көмекші есімдердің тіркесетін сөздерін алдыңғы сөйлемдерден табуға боламайды, өйткені мұнда осы сөйлемдерде қолдануға тиісті «өзінің» деген дербес сөз түсіп қалған. Ілік септіктегі өздік есімдігі көмекші есімнің алдынан келгенде түсіп қалып отырады. Көмекші есімнің алдынан түсетін толық мағыналы сөздер - көбіне зат есім, есімдіктер. Енді сөйлемде аталмаған толық мағыналы сөзді табуға көмектесетін көрсеткіштерді қарастырсақ, одан мынадай жағдайлар байқалады. Жалпы көмекші есім өз мағынасында қолданылғанда, сөйлемде аталмай тұрған дербес сөзді табу өте оңай, ол белгілі болып тұрады, мұндайда түсіп қалған сөздің қандай сөз екенін тәуелдік жалғауы көрсетеді, әсіресе, көмекші есім I, II жақтарда тұрғанда, айтылмай тұрған, дербес сөз I, II жақтық жіктеу есімдіктері екеніне ешбір күмән келтіруге болмайды, өйткені I, II жақтарда олардан басқа дербес сөз болуы мүмкін емес. Мысалы, Шек, кедергі қоймаспыз алдыңа. Жеке қолданылған көмекші есім III жақ тәуелдік жалғауында тұрса, оның түсіп қалған дербес сөзін бірден көрсету қиын, өйткені 3-жақта зат есім мен 3-жақта жіктеу есімдігі және өздік есімдігі тұра алады. Сондықтан көмекші есім III жақ тәуелдікте тұрып, жеке қолданылса, осы үш түрлі сөздердің біреуі түсті деп санаймыз . Мысалы, Алдын бөгеп бер, әйтеуір. Бұл сөйлемдегі түскен толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемде аталған. Ал "Олар көлденеңдеп алдын кесіп алды да, тұра қалды", - деген сөйлемде. III жатағы жіктеу есімдігі түсірілген. Ал мына сөйлемде III жақ өздік есімдігі түскен. Мысалы, «Әкеттің... Алдадың... .Сенікі, сенікі,»- деп алдындағы ақшаны Сандыбай жаққа қарай ысырып қойды. Көмекші есімнің толық мағыналы сөз тіркесінсіз қолданылуының тілде екі түрі бар: І.Көмекші есімнің белгілі контексте ғана дербес сөздің тіркесінсіз қолданылуы. 2.Көмекші есімнің үнемі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылуы. Көмекші есімдердің белгілі контексте ғана жеке қолданылғандары сөйлемде дербес сөзбен тіркескенде қандай мағына берсе, дербес сөздің тіркесінсіз де олар сол мағынаны білдіреді. Рас, ол түсіп қалған дербес сөздің мағынасын да қамтуға тиісті, бірақ ол көмекші есімнің өзінен гөрі контекске байланысты. Мұндай қолданылудағы көмекші есімдерде сапа өзгерісі болмайды. Үнемі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылатын көмекші есімдерді тарихи тұрғыдан ғана көмекші деп атамасақ, қазіргі дәрежесінде оларды басқа сөз табына ауысып үлгерген деп тануға толық болады. Олар- көмекші есімнің лексикалық мағынаға ие болған түрлері. Мысалы, Ол басында құр бақыра берді. «Басы» көмекші есімі негізінде, заттың басталар шегін білдіретін болса, мына сөйлемде ол жеке тұрып, мезгілдік мағынаны білдіріп тұр. Ол толық мағыналы сөздің тіркесін керек етпейді, жоғарыдағы мысалдардай мұнда дербес сөзді тауып алу мүмкін емес, өйткені мұнда түсіп қалған дербес сөз жоқ, «басында» - өз алдына дербес мағыналы сөз. Екінші бір мысал алайық. Түбінде біреуіміз тауып алып жіберерміз,- деп тағы біреулер қалжыңдап жатыр. Осы сөйлемдегі «түбінде» көмекші есімі толық мағыналы сөзбен тіркескенде (құдықтың түбінде) затқа жуық мекенді білдірсе, бұл мысалда мезгілдік мағынаны білдіріп тұр.2 Көмекші есімнің лексикалануының басқа түрлері де кездеседі. Көмекші есім сын есімге де ауысатын жайлары бар, яғни туынды сын есімнің жасалуына негіз болады, мұнда да сөйлемде айтылмаған дербес сөз жоқ. Мысалы, Алдыңғы пәуескемен азырақ тілге келеді. Алдыңғы көк қырғи келген бойы жаудың «қоңыр аласының» тобына кіріп кетті. Көмекші есімнің тілде қайталанып қолданылатын да кездері болады. А.Ысқақов бұны «көмекші есімнің қайталануы арқылы туған форма үстеу сөзге айналады да, дербес мүше болады», - деп көрсеткен. Бұдан көмекші есімнің жеке қолданылуының тілде әр түрлі себептері бар екендігін байқауға болады. Құрылымы жағынан зат есімдерді А.Ысқақов жалаң және күрделі деп екі топқа бөліп, оларды өз ішінде тағы да тармақтайды . Жалаң зат есімдерді бөлшектенбейтін бір ғана сөзден тұратын түбір зат есім (от, су, көл, өзен, дала т.б.) және түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалатын туынды зат есімдер (қуырдақ, оймақ, малшы, биші, саудагер т.б.) деп екіге бөлген. Күрделі зат есімдерді өз ішінде біріккен, кіріккен атаулар (ағайын, жарғанат, сәресі, алтыбақан т.б.), тіркескен күрделі зат атаулар (ақ бата, бесікбау, шағын несие, іс қағазы т.б.), қосарланған күрделі атаулар (өкпе-бауыр, мектеп-лицей, ар-ұят т.б.), қысқарған атаулар (Ахмет- Ақа, Мұқтар-Мұқа, ЖАК- жоғарғы аттестациялық комитет т.б.), - деп бөлінеді. Download 67.42 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling