Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ташкент облысы шыршық мемлекеттік педагогика институты гуманитар пәндер факультеті
Download 67.42 Kb.
|
Жұлдыз
- Bu sahifa navigatsiya:
- Жаркент, Құлжабарған
- Бүркітті
- Жатыс септік.
Барыс септік. Барыс септіктің зат есімге жалғанатын жалғаулары -ға,-ге-қа,-ке,-а,-е,-на,-не. Мысалы, ауылға, үйге, университетке т.б. Бұл септіктің грамматикалық мағыналары өте көп. Оқулықтарда көрсетіліп жүрген мынадай мағыналары бар:
- барыс септіктегі сөз істің, қимылдың, іс-әрекеттің барып тірелер жерін, аяқталар шегін көрсетеді. Мысалы, Әкем қырық бірінші жылы майданға кеткенде сіздің жасыңыз 20 да екен (Н. Ғабдуллин). - қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын білдіреді. Мысалы, Ол жолаушыға терезеден үңіліп қарады (Н.Ғабдуллин). - іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын, не үшін істелетінін білдіреді. Мысалы, Әділбек әскери борышын өтегеннен кейін оқуға кетті. - барыс жалғаулы сөз өзі жалғанатын сөзінің семантикасына қарай кейде мөлшер, мезгіл мағынасында да қолданылады. Мысалы, Солардың арқасында екі араға, енді міне жол түсті, мың жылға созылатын құдалар жолы (Н. Ғабдуллин). Барыс септігі қосымшасының жасырын түрде қолданылуы тілде өте сирек кездеседі. Мысалы, Астана барды.Сонау біржылы келдің... Құлжа бардың. Сауда мақсатымен Жаркент, Құлжабарған (С. Бақберсенов). Барыс септігіндегі сездер сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Ол не істерін білмей Аронға қарады (X. Есенжанов). Альпинистер туды таудың төбесіне тікті. Табыс септік. Бұл септікгің қосымшасы-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н. Осы қосымшалардың ішінде -н үшінші жақ тәуелдік тұлғасынан кейін жалғанады (ел-і-н, жер-і-н т.б). Табыс септігінің негізгі мағынасы қимылға түсетін объектіні білдіреді. Мысалы, Бүркітті көрген түлкі ол кезде тастың үңгіріне кіріп кеткен (С. Мұқанов). Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да қатты қадірлейтін еді (Ғ.Мүсірепов). Табыс септік те ілік септік секілді бірде ашық, бірде жасырын қолданылады. Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары тілдің грамматикалық құрылысының дамуында әрқайсысы өзінше мағыналық реңкке ие болып, әрқайсысының қолданылатын орны мен қызметі ажыратылған. Сондықтан да, бұл екі форманың екеуі де тілде күні бүгінге дейін сақталып, қызмет атқарады. Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары жүйесіз колданыла бермейді. Олардың әрқайсысы белгілі орында қолданылуға бейімделген. Табыс септік істің қосымшалы формасы, негізінен, төмендегі жағдайда қолданылады. - сөйлеуші объектіге ерекше мән беріп, оған көңіл аударғысы келсе, табыс септіктің жалғаулы формасы қолданылады. Мысалы: кітапты бер, журналды оқы, тамақты іш, т.б. -табыс септіктегі сөздің алдынан жекелейтін, даралайтын, топ заттан бөліп көрсететін анықтауыш тұрса, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: бұл баланы танимын, мына кітапты оқыдым, т.б. - жалқы есімдерде табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: Асқарды көрдім, Айжанды шақырды.т.б. - тәуелденген сөз табыс септіктің қосымшалы формасында тұрады. Мысалы: әкемді танимын, кітабымды алдым, т.б. - табыс септік жалғаулы сөз бен тіркесетін етістіктің арасында басқа сөз тұрса, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: киноны кеше көрді, егінді бүгін суарды, т.б. - заттанған сөз таптары /сын есім, есімше, тұйық етістік т.б./ табыс септіктің қосымшалы формасында қолданылады. Мысалы: жақсыны сыйла, естігенді айтпа, көргенді айт, айтуды ұмытпа т.б. - есімдік пен сан есім табыс септіктің қосымшалы формасымен қолданылады. Мысалы: мынаны түсіндірші, онды онға қос т.б. - объекті бастауыш болып түсінілуі мүмкін құрылыста табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: Жолшыбай кейде биді, кейде қожаны, кейде төрені оңашалап әкетіп, алдағы бір ауылға жақындағанда ғана топқа қосылып отыр /Ғ. Мүсірепов/. - бастауыш пен толықтауыш бір сөзден болғанда, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады, Мысалы: адам адамды сыйлайды, аңшы аңшыны таниды т.б. - күрделі етістікпен тіркескен толықтауыштар табыс септіктің қосымшалы формасында қоданылады. Мысалы: көшті бастап әкетті, жоспарды жүзеге асыру, табысты баянды ету т.б. - экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктердің жетегінде айтылатын тура толықтауыштар табыс септіктің қосымшалы формасында қопданылады. Мысалы: Қатар тұрған екі самауырға таскөмірді тастап-тастап жіберді. Он жеті мың жылқыны жауып жіберіп..., еріксіз көшірмекші /Ғ.Мүсірепов/. Табыс септігіндегі сөз сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады, Мысалы, Рысқұлов машинаны тоқтатып, жерге түсті (Ш. Мұртаза). Төреші жап-жас қазақ балуаны Мұқанды күрес алаңына алып жүрді (М. Тәнекеев). Жатыс септік. Бұл септіктің қосымшалары -да,-де,-та,-те,-нда,-нде. Жатыс септіктің басты мағыналары мыналар:- істің, қимылдың болып жатқан орнын, мекенін білдіреді. Мысалы, Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады (М. Дулатов). - жатыс септігіндегі сөз істің, қимылдың қай уақытта, қай мерзімде өткендігін білдіреді. Мысалы, Сабақ қыркүйектің басында басталады дегенге, ауылдан Ботагөз ерте шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған (С. Мұқанов). Жатыс септіктің қосымшасыз қолданылуы өте сирек кездеседі. Тек қана бірыңғай мүшелерде жатыс септігі жалғауы түсіп қалады. Мысалы, Солтүстік Африка мен Аравияда мүйізі бар улы сұр жыландар өмір сүреді (журналдан). Жатыс септігінде қолданылған сөздер мезгіл, мекен пысықгауыш және жанама толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Кейбір жерлерде қоянның кеуегі тәрізді қуыстар кездеседі. Көктемде сай-сала суға толды. Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ. Download 67.42 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling