Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білімдендіру министрлігі ажинияз атындағы нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты «мектепке дейінгі тәлім»
Download 34.58 Kb.
|
ИНДИРА 2
Қорытынды
Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің еркін жаюы ойынға тікелей тәуелді. Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін . М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже «ойын-баланың рухани дамуының негізі» - деген, сонымен қатар, К. Левин, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойын әрекетінің оқу үрдісінде маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсеткен. Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа еңбек сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ. Ертеңімізді бүгін ойлап, уақытында жүзеге асырып, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті. Ойын белгілі бір ғылымның зерттеу пәні болғанға дейін ол балаларды тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі ретінде кеңінен пайдаланылады. Қорытындысында ерекше айтып өтетін нәрсе - рөлдік ойын оқытудың ең перспективті нысаны болып табылады: - ол ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде жағымды психологиялық климаттың құрылуына ықпал етеді: - ынталандыруды күшейтеді және балалар қызметін белсенді етеді; - қолда бар білімді, тәжірибені, әр түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу іс – әрекеттерінде рөлдік ойындарды пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді, оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі. Оқиғалы рөлді ойындар оқытудың әр түрлі сатысында баланың жоғары психикалық даму сатысына көшуінде рөл атқарады. Жоғарыда айтылғандар келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді: - ойын әрбір ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне белгілі бір түрде ендірілуі тиіс - оқу іс – әрекетінде ойынды пайдалану –оқу процесі тиімділігінің, қарым қатынас жағдайын құрудың міндетті құралы - оқу процесінде ойын жүргізу оқытудың тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді - ойын тиімділігі оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты - оқыту процесінде ойынды әзірлеу және ендіру оқытудың әртүрлі сатыларында ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі міндеттерін әлдеқайда үлкен жетістікпен шешуге ықпал етеді. Ойындар келесі әдістемелік міндеттердің орындалуына ықпал етеді: - сөз қарым-қатынасына балалардың психологиялық дайындығын құру қайталау ретінде жүргізуі мүмкін - бір ойын сабақтың әртүрлі сатыларда пайдалануы мүмкін - ойынның тартымдылығы мен тиімділігінің өзінде шегін сақтай білу қажет, әйтпесе олар оқушыларды шаршатып жібереді және эмоцияға әсер ету қабілетін жояды. Балалардың әрқайсысының жұмысқа қатысу деңгейі ашық түрде анықталады, ортақ міндеттерді шешу кезінде қатысушылардың өзара байланысы сезіледі. Оқиғалы рөлді ойын процесінде қисынды ойлау, қойылған сұрақтарға жауап іздеу қабілеттілігі, сөйлеу, сөз этикасы, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды. Сондықтан мектепалды даярлық тобында оқиғалы рөлді ойынды пайдалану оқу процесінің тиімділігін көтереді. Балалардың тілге деген қызығушылығын оқытудың барлық сатыларында сақтауға көмектеседі. Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қалыптасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері хақ. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін, сөз саптау деңгейлерін дамытады. Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн. Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рөлдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту. Балабақша тәрбиеленушілері ойын баласы. Сондықтан оқу іс – әрекеті үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан да балалардың жас ерекшелігіне және өтілетін сабақтардың тақырыбына сай етіп таңдап алған дұрыс. Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет. Сөйтіп, рөлдік ойын дұрыс сауатты сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады. Қорыта келгенде, баланың коммуникативті құзыреттіліктерін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата – ана болып табылады, өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз. Ал екінші тылсым күш – тәрбиешілер. Демек, ұжым тәрбиешілері мен отбасылар арасындағы хабар алмасу ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осылай бірлесе еңбектеніп қана тілі жетік, ой – өрісі кең, құзыретті балаларды тәрбиелеп, мақсатымызға жетеріміз анық. Download 34.58 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling