Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білімдендіру министрлігі ажинияз атындағы нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты «мектепке дейінгі тәлім»
Сюжеттік-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері
Download 34.58 Kb.
|
ИНДИРА 2
1.3 Сюжеттік-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері
Д.Б. Эльконин белгілеген балалалық шақ аралығындағы сюжетті-рөлді ойынның төрт деңгейі тәрбиеші үшін ойынды дамытудың дамытудың бағдары бола алады. Бірінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып табылады. Іс жүзінде ойында рөлдер бар, бірақ олар әрекеттерді анықтамайды, олар баланың орындаған әрекеттердің түрлерінен өздері туындайтын болады. Әдетте ойынның алдын ала жоспары құрылмайды: балалар рөлдерді атамайды, оларды ойын әрекетін орындап болғаннан кейін белгілейді. Әрекеттері біркелкі және бірнеше рет қайталану тенденциясы бар және олардың логикасы оңай бұзылады. Бала ойын барысында рөлдік жүріс- тұрысты құрайтын әрекеттердің күрделі реттілігін орындамайды. Екінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып қала береді. Ойында күрделі әрекеттердің тізбегі орындалады. Бұл ретте алдыңғы қатарға ойын әрекеттің шынайы өмірдегі әрекетке сәйкестігі шығады. Әрекеттер логикасын олардың шынайы өмірдегі реттілігі анықтайды. Ойын әрекеттер түрлерінің диапазоны кеңейе түседі. Орын ауыстыру мүмкіндігі шектеулі. Ойындағы заттардың атауларын ауыстыру тұрақсыз, орынбасар-заттардың жаңа мағынасы тез жоғалады. Балалар рөлдерін атайды, алайда, ойын әрекеттің өзі және ойындық заттың таңдауы баланың белгілі бір рөлді қабылдауын анықтайды. Үшінші деңгей. Баланың рөлді ойнауы және ойынға байланысты әрекеттерді орындау - ойынның негізгі мазмұны болып табылады. Ойын іс-әрекетті алдын ала жоспарлай бастайды, рөлдердің орындалуын қадағалап, түзетеді. Рөлдер айқын, анық, балалар оларды ойын басталмай тұрып анықтайды, рөлдер әрекеттердің логикасын және түрін анықтайды. Модельденген әлеуметтік қарым- қатынастардың сипатын жеткізетін ойын әрекеттері пайда болады. Бұл әрекеттер әркелкі, жалпыланған бола бастайды, жиі сөйлеу арқылы орындалады (аталады). Кейіпкерлердің арсындағы қарым-қатынасты сипаттайдын өзіндік рөлдік сөз сөйлеу пайда болады. Орын ауыстырудың мүмкіндіктері кеңейе түседі: орынбасар заттың нақты белгіленген қызметі жоқ болса ғана заттық ойындық жаңа мағынасы тұрақты болады. Ережелер ашық анық түрде көрсетілмеген, бірақ іс жүзінде рөлдердің орындалуын реттейді және ойын әрекеттердің логикасы бұзылған жағдайда өзекті болады. Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны — әлеуметтік және жеке тұлға аралық қатынастарды көрсететін әрекеттерді орындау. Алдын ала жоспарлау іске асырылады: ойынды ойластыру, рөлдер және ойнайтын заттар бөлу, кейде ойын ережелері бөлінеді. Рөлдер анық және айқын, орындалуы ережелермен реттеледі. Сөйлеген сөздері мәнерлі, өрістетілген және рөлдік сипаты бар. Әрекеттердің логикасы бар және әр түрлі, нақты жүйе дамыған. Сөз сөйлеу әрекеттерінің үлесі арта түседі. Бала шынайы өмірдің ережелерін алып, оларға ойын барысында бағынатынын көрсетеді. Орын алмастыру кеңінен қолданады. Егер нақты белгіленген қызметі бар зат орынбасар ретінде қолданса да, балалар ойынның жаңа мағынасын, сақтау қабілеттерін танытады. Мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойынның бірінші деңгейінен (Мектепке дейінгі кіші жастағы) төртінші деңгейіне дейін даму динамикасы байқалады (Мектепке дейінгі ересек жастағы). Алайда, көпшілік тәжірибелік мәліметтер көрсеткендей, мектепке дейінгі балалық шақтың аяқталу кезінде ойын дамуының төртінші деңгейіне дейін жететін балалардың саны көп емес. Әрине, осындай жағдай мектепке дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуында және жеке тұлғасының дамуына әсер етеді. Шығармашылық ойынның ерекшеліктерін талдау кезінде негізгі талданатын ерекшелік-ойынның мазмұны. Ойынның мазмұны ересектер орындайтын әрекеттерді бейнелейтін ойындардан, одан әрі адамдардың қарым-қатынастарын бейнелейтін ойындарға қарай дамып, соңында Қоғамдық жүріс-тұрыстың және қатынастардың ережелеріне бағыну негізгі мазмұны болатын ойындарға дейін мазмұны өрістейді. Ойынның мазмұны «жақсы» ойынның дамуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Осындай ойынның келесі критерийлерін атауға болады: -ақыл-ойды және адамгершілікті дамытатын мазмұнының болуы; -қиялды және шығармашылықты дамытатын; -қарым-қатынаста ықыластықты дамыту; -өз күшін сезінуден қуаныш алу. Алайда, зерттеулердің мәліметтері бойынша (Артемова Л.В., Гаспарова Е.М., Зворыгина Е.В., Новоселова С.Л. және т.б.) балабақшаның тәрбиеленушілерінде шығармашылық ойыны стереотипті сипатында болады. Ол жиі қатаң тәртіпті іс-әрекет түрінде болады, біркелкі, тәрбиеші алдын ала барлығын ұйымдастырып, балалардың шығармашылық еркіндіктеріне орын болмайтын фронтальды сабақтар тәрізді. Ойынның осындай жағдайдың келесі себептерін атауға болады: -ересектердің ата-аналардың және тәрбиешілердің саналырында бала ойынының құндылығын түсінбеушілігі; -тәрбиешінің пассивті бақылаушы немесе баланың жүріс-тұрысын және әрекеттерін айтып істеткізуші позициясы; -балабақшаның барлык топтарында бірдей тәптіштенген және балаларды олармен әрекеттесудің бірдей тәсілге итермелейтін ойыншықтардың болуы: -бала қиялының дамуына себеп болатын жабдықтылмаған ойын материалының жеткіліксіз саны. Тәрбиешіге тәрбие процесін модельдеуі ғана емес, ойынды өткізудегі шығармашылық позициясы байланысты болады, себебі, тек тәрбиеші ғана балаға әсер ету тәсілдерін анықтайды. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекетте ересек пен бала арасындағы қарым-қатынастың сипатын өзгеру басты болып табылады. Ересек пассивті бақылаушы позициясын ұстанбай, ойыннын белсенді серіктесі ретінде болу тиіс. Біздің ойымызша, осындай жағдайды қамтамасыз ету үшін: -бала ойынына үн қатып, әрбір қатысушының эмоциогалды күйін сезіне алу; -ойын сюжетінің дамуына сәйкес қарым-қатынастың балалармен сипатын және мінезін өзгертуге қабілетті болу қажет. Ол үшін затты- ойындық ортаны өзгерту арқылы және ересектің баламен ынталандырушы қарым-қатынастары арқылы құрылатын мәселелі ойын жағдайлар қолданылады; -бала ойынының мазмұнының көзі болатын ретінде ақиқаттағы оқиғаларды тәрбиешінің білуі, оның балалар түсінетіндей мәліметтерді белгілі бір тәсілмен, әдіспен жеткізе білуі, балалардың шығармашылық қабілеттерін танытуларын және балалардың іс-әрекетін ынталандыру; балада ересектің бейнесін және оған еліктеуді тырысуын (ойын сюжетінің даму деңгейіне байланысты) қалыптастыратын лайықты педагогикалық ықпал құралдарын іріктей алу; -ойынның мүмкін болатын нәтижелерін модельдеу Ойынға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсаты «білімді ұжымдық өңдеу» eмеc, балалардың өзіндік ойынды қамтамасыз ететін, шағын ойын бірлестіктерде құрдастарымен қарым- қатынасқа түсу өз еркіндерімен әр түрлі мазмұнды іске асыратын ойнау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Download 34.58 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling