Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білімдендіру министрлігі ажинияз атындағы нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты «мектепке дейінгі тәлім»


Сюжеттік рөлдік ойындарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі


Download 34.58 Kb.
bet7/9
Sana01.03.2023
Hajmi34.58 Kb.
#1240678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Bog'liq
ИНДИРА 2

2.2 Сюжеттік рөлдік ойындарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі
Педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:
1) адамдар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.
2) жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.
3) бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.
4) кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады. Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойынға басшылық жасау кезінде бұйыруға болмайды. Егер мұғалім баланың эмоциясына, қиялына әсер ету арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, онда баланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі. Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда әр мұғалім өзінің әдісін оқушының психологиялық және физиологиялық дамуын ескере отырып іске асырады. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойын үстінде ауызекі сөйлесу барысында түсінеді. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Күнделікті өмірдегі қиындықтың бірі күтпеген жағдайлардағы адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдайға тап келген адамның дұрыс шешім жасай алмауы жиі кездеседі. Осындай жағдайларды яғни, сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету балалардың бойындағы жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып шешуге үйренеді. Сюжеттік-рөлдік ойындарды сабақ үстінде де, үзілісте де, бос уақытта да, өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, толық меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды. Сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету үшін, оқушылардың оған толық қатысуы үшін сыныпты 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлген жөн. Топтар бір ойынды кезек-кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары көрермен болып отырады. Содан соң бүкіл сынып болып әрекеттерді талқылауға болады. Алғашқы кезде балаларды белгілі әңгіме, ертегі немесе мысалды сахналауға үйрету оңай болады. Кейіннен олар мұны меңгеріп болған соң, олардың өз шығармаларын ойнап көрулеріне болады.
Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді.Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз әмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді. Сюжетті рөлдік ойындарға төмендегілер жатады:
«Мектеп»
«Аурухана»
«Шаштараз»
«Көше»
«Дүкен»
«Кітапхана»
«Отбасы»
«Құрылысшы»
«Ғарышкер»
«Ателье»
«Шекарашы»
Ойын үлгісінің технологиясы баланың белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер, кітапшалар, атрибуттар, халаттар, бас киімдер, құрал - жабдықтар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ - жауап
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Бүгін балалар сабақты біз екі топқа бөліп өтеміз. Бірінші топтағы балалар «Отбасы», « Дәрігер» ойынын ойнайды. Екінші топтағы балалар автобусқа отырып, саяхат жасауға барады.
- Дәрігер ойынын ойнау үшін, отбасы ойынынан бастаймыз.
Отбасы: Екі бала, әкесі, шешесі қатысады.
Шешесі мен қызы үйін жинайды, ұлы мен әкесі жұмысқа жиналады.
Әкесі:
- Айтолқын, біздің Ләйлә ауырып тұр ғой! Сен оны дәрігерге апарсайшы. Тілеужан екеуміз жұмысқа кеттік. Шешесімен қызы тіркеу орнына келеді.
Шешесі:
- Сәлеметсіз, бе?
- Сәлеметсіз, бе.
- Маған Сембай Ләйләнің кітапшасы керек еді.
- Қандай бөлімге барасыз?
- Бесінші бөлім
- Мекен - жайыңыз қалай?
- Әуезов көшесі, 10 үй
- Бесінші бөлімге барасыздар
- Рахмет, сізге.
Екеуі дәрігерге келеді.
- Шешесі:
- Кіруге рұқсат па?
Дәрігер:
- Кіріңіз, отырыңыз
- Сәлеметсіз бе, кітапшаңызды беріңіз, сіздерді не мазалайды, қай жері ауырады?
- Шешесі: Қызымның қызуы көтеріліп тұр, тамағы ауырады, тамақты аз ішеді, басы ауырады.
Дәрігер: Қазір тыңдап көрейін, қатты дем ал, тамағыңды көрсет.
- Мен сізге дәрі жазып берейін, ертең қан тапсырасыз, уқалау бөлмесіне барып, уқалау аласыздар. Екі күннен кейін маған қайтадан келесіздер.
- Тез сауығып кетіңіздер, Сау болыңыздар!
Анасы мен қызы екеуі уқалау бөлмесіне келеді.
Есік қағып екеуі бөлмеге кіреді, амандасады қағазды береді.
Дәрігер баланың денесін уқалап береді.
Рахмет айтып екеуі шығады.
Екеуі дәріханаға келеді.
Дәріханашымен амандасып, дәрігер жазып берген қағазды береді.
Шешесі:
- Бізге мынандай дәрілерді беріңізші.
Медбике:
- Мына шөппен тамағын шаясыз. Мына дәріні күніне екі рет ішесіздер.
- Сізге рахмет, сау болыңыз! - деп шығып кетеді.
Қызымен шешесі үйіне оралады. Әкесі мен ұлы жұмыстан келеді. Шешесі бәріне тамақ дайындап, үстел басына шақырады. Қызы шешесіне көмек көрсетіп, үстелге ыдыстарды қояды. Дәрігердің берген дәрісін ішкізеді. Балалар ойынды әрі қарай жалғастыра береді.
«Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».
( А.С. Макаренко)

Ойын: «Қонақжай»


Тәрбиеші: Балалар сендер өз қалауларын бойынша бөлінесіңдер?
Санжар - ата, Даяна - әже, Мирас - әке, Анель - ана, Диас, Алина, Тлеужан - балалары.
Балалар өздері киініп әр кім өз жұмысына кіріседі. Атасы киініп теледидар қарайды. Әкесі газет оқиды. Ал әжесі жіп иіріп отыр. Анасы тамақ дайындап жатыр. Балалары бірі сабақ оқып, бірі ойнап, бірі анасына көмектесіп жатыр.
Диас атасымен әңгімелесіп:
- Ата теледидардан не көрсетіп жатыр екен.
- Балам, теледидардан бұдан былай ертелі - кеш «балапан» бағдарламасы болады екен. Онда тек балаларға арналған керекті хабарларды береді дейді. Кинолар, жарнамалар, ертегілер, өлеңдер, сайыстар көрсетіледі.
Әжесіне көмек көрсетіп отырған Анель:
- Әже, мына қайдан алдын? Неге иіріп жатырсың? деп сұрайды.
- Жүнді қойды қырқып аламыз, жүнді жуып тазалап, былай түтеміз деп өзі көрсетеді.
- Түткен жүнді иіріп сендерге қолғап, шұлық тоқып беремін.
Алина бала анасына көмектесіп, картоп тазаласып жатыр. Анасы екеуі турайды, ыдысқа салып қуырады. Одан кейін ыдыстарды үстел басына қоя бастайды. Бәрі жиналып үстел басына тамақ ішеді. Үстел басында әңгімелерін жалғастырады. Тамақ дәмді екен. Тамақ істеуге Алина қызымыз көмектесіпті. Тамақтанып болған соң «рахмет» айтып ойынды әрі қарай жалғастырады. Рөлдерді де бөлісіп алады. Әрі қарай ойнайды. Ойын соңында кімнің қалай ойнағандары жайлы қорытындылайды.



Download 34.58 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling