Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білімдендіру министрлігі ажинияз атындағы нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты «мектепке дейінгі тәлім»


ІІ БАП. СЮЖЕТТІК РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ


Download 34.58 Kb.
bet6/9
Sana01.03.2023
Hajmi34.58 Kb.
#1240678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Bog'liq
ИНДИРА 2

ІІ БАП. СЮЖЕТТІК РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Сюжетті – рөлдік ойынның бала тәрбиесіндегі алатын орны
“Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, оны істейді. Ойын ойнағанда балалар жанындағы нәселерді пайдаланады”, – дейді Мағжан Жұмабаев. Ойын –тек әрекет емес, балалардың да үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамда рахат пен қанағат сезімі. Белгілі ғалым психолог Д.Б.Элконин: «Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйренеді»- демекші ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы: сюжетті-рөлдік, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындары. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты ойын түрі. Оны сипаттай отырып, С.Л. Рубинштейн бұл ойын баланың ересектермен өзара әрекеттесуіне негізделгенін атап өтсе, Д.Б. Эльконин ойын баланың зияткерлік және моральдық-еріктік дамуына әсер ететін жетекші қызмет түрі деп атады.
Бүгінгі таңда балалардың сюжеттік ойындарын белгілеу үшін әртүрлі терминдер қолданылады: «шығармашылық», «сюжеттік-рөлдік» және «әуесқой». Сюжеттік-рөлдік ойын сюжет, мазмұн, рөл құрылымдық компоненттеріне ие. Бала тек ойнауға ғана емес, белгілі бір рөлді орындауға да ұмтылады. Әрекетті, рөлдерді, бейнені өзгерту қабілеті, қиялдың күшімен балалар ойын жасайды. Ойында нақты жағдай, кеңістік жоқ. Ойын уақыты ұзақта, қысқа да болуы мүмкін. Ендеше, сюжеттік-рөлдік ойынның ерекшеліктері назар аударып көрейік.
Сюжеттік-рөлдік ойынның басты ерекшелігі — импровизация, яғни, балада ойын алдын ала жоспар құрып, болжамай, оның желісімен ешкіммен бөліспей кенеттен, тұтқиылдан туындауы мүмкіндігі. Рөлдік ойын барысында балалар нақты ұйымдастырушылық қатынастарға түседі (балалар ойынның сюжеті туралы келіседі, рөлдерді бөледі) сонымен бірге олардың арасында күрделі рөлдік қатынастар орнатылады (мысалы: аналар мен қыздар, дәрігер мен пациент, сатушы мен сатып алушы, теңізші мен қарақшы).
Сюжеттік-рөлдік ойын – баланың интеллектуалды дамуының құралы. «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады», – деп Антон Макаренко айтпақшы, оқу процесінде, айналасындағы әлем, ересектер мен құрдастардың өмірі мен қызметі, отбасында алған білім, идеялар, дағдылар ойында тікелей көрініс табады және практикада қолданылады.
Сюжеттік-рөлдік ойын – эмоционалды-ерік және танымдық саланың, сөйлеудің, ұсақ моториканың бұзылуын түзетудің тиімді құралы. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға, еркін сөйлеп, өз ойын басқаға еркін жеткізе білуге тәрбиелейді. Сонымен қатар, ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар ёйқолдануды үйренеді. Сюжеттік-рөлдік ойын – балалардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі.
Бұл ойын барысында қажетті құралдарын іздеуде, ойынға арналған атрибуттар мен заттарды таңдауда, ойын сюжетін дамытуда көрінеді. Мысалы: ойын барысында кейбір тұрмыста қолданатын заттардың жетіспейтін немесе ауыстыру қажеттілігі туындайды. Мысалы, қуыршақтың «анасы» «баласын» тамақтандырғысы келеді, мұнда «нан» орнына құрылыс жиынтығын, «пышақ» етіп таяқшаны алады. Немесе ойын барысында бір заттың бірнеше рет қолданылып, әртүрлі функциялар атқаруы мүмкін, мысалы, шеңбер, бір ойында ол табақ, екіншісінде – монета, үшіншісінде – доңғалақ.
Сюжеттік-рөлдік ойын – баланы ересек өмірге дайындайтын тәсіл. Балалардың көпшілігі ойын барысында ересектердің еңбегін көрсетеді: балалар тәрбиешіге, дәрігерге, жүргізушіге, ұшқышқа, өрт сөндірушіге еліктейді. Ойын балалардың әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын нығайтады және тереңдетеді, еңбекке деген құрмет тәрбиеленеді. Сюжеттік-рөлдік ойынды функционалды тұрғыдан баланы әртүрлі әлеуметтік рөлдерде қоғамдық өмірге қатысуға дайындау ретінде қарастыруға болады.
Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл баланың өзін-өзі тануы. Бұл баланың саналы түрде өзін-өзі жетілдіру мақсатын қояды дегенді білдірмейді. Жоқ, бала бұл туралы ойламайды да: ол жай ғана ойнайды, ұшақпен ұшады, теңіздердегі қарақшыларды қуып жетеді және тағы да басқалар. Мұнда ол байқамай, өзін-өзі өзгерту үшін көп жұмыс істейді: көңілді ойнап, өмірдің жаңа қабаттарын игереді; есте сақтауды, ойлауды, қиялды үйренеді; жаңа білім алады, табиғат пен қоршаған шындығын біледі.
Сюжеттік-рөлдік ойын – баланың тәуелсіз, еркін әрекеті, онда бала алғаш рет құрдастарымен, ойын серіктестерімен ойнайды, олармен жанашырлық, достық, өзара көмек негізінде қарым-қатынас орнатуды үйренеді, балалар әлеуметтік тәжірибені, адами қатынастар әлемін игереді. Сюжеттік-рөлдік ойын- адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу мектебі. Ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысын қабылдап, ізгі-ниет, ықылас таныта білуге үйренеді.
Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болды, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді. Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Сюжеттік-рөлдік ойындардың түрлері: тұрмыстық сюжеттерге арналған ойындар («Отбасы», «Қонақ шақыру», «Туған күндер»). Адамдардың еңбегін көрсететін өндірістік және қоғамдық тақырыпта («Мектеп», «Дүкен», «Сән салоны», «Аурухана», «Құрылыс», «Өрт сөндірушілер», «Цирк»). Халқымыздың батырлық ерліктерін көрсететін батырлық-патриоттық ойындар («Майдан алаңы», «Ғарышқа ұшу», «Шекара»). Әдеби шығармалар, кино, теледидар және радио бағдарламалары тақырыбындағы ойындар. “Режиссерлік” ойындар (бала сізді сөйлеуге, қуыршақтардың әртүрлі әрекеттерін орындауға мәжбүр етеді). Сюжеттік-рөлдік ойынның анықтамаларын, оның ерекшелігін педагогика мен психология тұрғысынан зерттей келе, рөлдік ойын – бұл мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің ең тартымды түрі деген қорытынды жасауға болады. Дәл осы ойын балаға екі жағдайда – нақты және қиялда бір уақытта болуға мүмкіндік береді. Рөлдік ойын процесінде баланың ақыл-ой қабілеттерін ғана емес, зейінін, есте сақтауын, қиялын қамтитын білімді игерудің маңызды және күрделі процесі жүреді. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сөйтіп сюжетті-рөлдік ойын бүлдіршіндердің өзін-өзі тануына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі басқаруына жетелейді. «Бөбек» орталығының «Өзін-өзі тану» балабақшасында аптасына үш рет балақайлармен сюжетті-рөлді ойындарды ойнатып отырамын. Мұндағы мақсатым «ойнай жүріп үйрету» идеясы. «Ойынды үйретуде» бір уақытта балалардың қоршаған шындыққа деген білімі мен жағымды қарым-қатынас тәрбиесін жинақтайтындай болуы керек екендігі маңызды.
Кіші топта ойын сюжеті тұрмыстық сипатта болады (отбасы, шаштараз, аурухана, дүкен, көлік). Сәбилерге эмоционалдық әсерленушілік, жарқын нәрсеге деген ұмтылыс тән құбылыс. Балалардың қызығушылығын, еліктеуі, жаңа білім мен идеяларға деген ұмтылысын ояту үшін ойын мазмұны жақын да қызықты болуы керек. Балалар ойынында ең бастысы ересек адамдардың іс-ірекеттерін қайталайды, өмірде көргендерін көрсетеді. Мысалы: аналары сияқты тамақ әзірлейді, тамақтандырады, ыдыс жуады; әкелері сияқты көлік жүргізеді, диванда жатады; шаштараз сияқты шаш жасайды, дәрігер сияқты адам емдейді. Кіші топтағы балалар рөлді әлі түсінбейді, рөлді орындау кезінде өздеріне таныс адамдардың қимыл, әдеттерін қайталайды. Бастапқыда балаларға ойын шартарын түсіндірумен ғана шектеліп, келе-келе рөлмен байланыстыра бастаймыз. Мысалы: қуыршақпен ойнап отырған Айымға «Қуыршағыңды анаң сияқты тербетеді екенсің», текшелерді жинап отырған Жәңгірге <<сен үйді нағыз құрылысшы сияқты тұрғызыпсың>>. Кішкентайлар құммен, қармен, сумен ойнағанды ұнатады. Қар мен құмнан «тәтті тоқаш», «торт» жасап бір-бірін қонаққа шақырады. Суда қайықтарымен жарыс ұйымдастырады. Кіші топ балалары сюжеттік-рөлдік ойында жалғыз ойнағаннан бірлесе ойнауға ауысады. Алайда ойын кезінде жолдасына өз көзқарасын, әрекетін, шартын түсіндіре алмай, серігімен келісе алмай қалады. Тәжірибе көрсеткендей бұндай жағдайдың өрбуіне жол бермеу керек. Тәрбиешінің міндеті ойын кезінде ойын деңгейін, балалардың қарым-қатынасын, мүдделерін, әрекеттерін үнемі назардан тыс қалдырмай бақылап, басқарып отыруы маңызды.
Жыл басында балалардың қызығушылығын тудырған «Отбасы», «құрылыс», «дүкен», «аурухана», «шаштараз» ойындары жыл соңына дейін мағынасы кеңіп, дамып отырды. Тәрбиешінің ойынға араласуы көбіне баланың ойынға деген ынтасын арттырып, қызығушылығын дамытады. Ересектердің ойынға араласуы баланы қуантқанымен, бұл ұзаққа созылмауы керек, әйтпесе балалар белсенділікті, тәуелсіздікті жоғалтуы мүмкін, ересектерге белгілі бір тәуелділікке түседі, сондықтан ойын өзінің тәрбиелік мәнінің көп бөлігін жоғалтуы мүмкін. Негізі балалар арасында келіспеушілік, қақтығыстар ойынға қажетті қандай да бір затты немесе обьектіні иеленуіне байланысты туындайды. Сондықтанда кейде ойын кезінде көлікте екі «жүргізуші» жүргізіп, тамақты бірнеше «ана» жасап жатады. Сондықтан ойынға деген қызығушылығын нығайтуды қамтамасыз ететін дамытушы ортаны құру оны жабдықтармен толтыру керек.
Сюжетті-рөлді ойындарды дамытудың маңызды шарттарының бірі балаларға мынандай мінез-құлық ережелерін игерту: ренжіспей, тату ойнау; топта тәртіп сақтау; ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстау; досымызға көмектесу. Тәрбиеші бұл ережелерді баланың жүрегіне жол тауып, санасына құйдыра алса әр бала ересектердің мақтауы мен құрметіне лайық болатыны анық. Ойын барысында балалардың мінез-құлқын басқару оңай емес. Ережелер, нұсқауларды «үстірт» немесе «өктем, бұйыра» айтса онда ол есте қалмайды, тәрбиешінің ойынның «ішінде»жүріп, үлгі ретінде көрсетсе тез сақталады. Ережелер бала жадында сақталып қалуы үшін ойын-сабақтар, әңгімелесулер, экскурсия, көркем шығармалар оқу және оны драматизациялауды өткізген абзал. Меңгерген білімдері ойында лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулеріне әкеледі. Бірлескен әрекет кезінде бала үшін тәрбиешінің қысымын сезбей, оның нұсқау беретін ересек емес, қызықты ойнай алатын серіктес ретінде сезінсе ғана ойын бола алады. Бала ойынмен дамиды, ал тәрбиеші міндеті бала мен ойын тізбегінің жетекші және баланыстырушы буынына айналуы.


Download 34.58 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling