«студенческий вестник»


Download 3.52 Mb.
Pdf ko'rish
bet51/67
Sana25.07.2023
Hajmi3.52 Mb.
#1662483
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Bog'liq
Мақола 2021 муҳокама

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: в 6 т. – М.: Педагогика, 1990. -Т.2 
2. ҚР Ата заңы. – Алматы, 1995. Толықтырулар. 21.05.2007 ж. 
3. Мектеп 
оқушыларының 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
анықтауға 
арналған 
психодиагностикалық қызмет. – Алматы, 2004. 
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру 
стандарты. – Астана, 2006. 


Журнал «Студенческий вестник» 
№ 7 (152), часть 3, 2021 г. 
79 
2-БӨЛІМ. 
ҚҰҚЫҚТАНУ 
 
ТЕРГЕУ МЕН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ-
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯСЫ
Нагаев Талгат Джамбулович 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенті, 
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. 
Сматлаев Бауыржан Мамытбекович 
З.Ғ.Д., Профессор Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, 
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. 
Қылмыстық сот ісін жүргізу қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі, 
осыған сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың 
қылмыстарды анықтауға, ашуға, олардың жасалуына кінәлі адамдарды тауып анықтауға және 
оларға әділ жаза тағайындауға бағытталған қызметін білдіреді. 
Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 58-бабының 1-бөлігіне сәйкес Прокурор, ҚПК-те 
көзделген құзыреті шегінде қылмыстық сот ісін жүргізу барысында мемлекет атынан 
қылмыстық қудалауды, сондай-ақ органдары алдын ала тергеу мен анықтау органдарының іс 
жүргізу қызметін қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам болып табылады. 
Прокуратураның қадағалау объектілерінің бірі алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдар: 
алдын ала тергеу органдары және анықтау органдары болып табылады. Бұл органдардың 
қызметі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ қылмыстық 
процестік кодексінде белгіленген тергеуге сәйкес қылмыстарды тергеуге бағытталған. Осы 
қызмет шеңберінде азаматтардың конституциялық құқықтары айтарлықтай шектелуі мүмкін, 
сонымен қатар заңнаманы елеулі бұзушылықтар болуы мүмкін болғандықтан, прокуратураның 
осы саладағы қадағалау қызметі әрқашан қажет болады. 
Қылмыстық қудалау биліктік-әміршілдік сипатқа ие және қылмыстық процесте 
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тікелей байланысты. 
Яғни, қылмыстық процесс барысында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың заңды 
құқықтары мен мүдделерін елеулі түрде қозғайтын процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: адам, оның құқықтары мен 
бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын 
тану, сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті.Бұл принцип конституциялық құрылыс 
негіздерінің жүйесінде орталық болып табылады, оның айналасында қоғамдық қатынастардың 
барлық басқа реттелуі құрылады.Сонымен қатар прокурорға қылмыстық іс жүргізуді жүзеге 
асыру өкілеттігі ғана емес, сонымен қатар алдын-ала тергеу және анықтау органдарының 
іс жүргізу қызметін нақты бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелгенін түсіндіреді. 
Қылмыстық істерді тергеу барысында тергеу және анықтау органдарын іс жүргізу 
мәжбүрлеу шараларын қолдануға мәжбүрлейтін мән-жайлар қылмыстық істер бойынша сотқа 
дейінгі іс жүргізуде заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың мәнін алдын ала 
айқындайды.Прокурор алдын ала тергеу органдары мен анықтау органдарының іс жүргізу 
қызметін реттейтін заң нормаларының бұзылмауын, ал бұзушылықтар анықталған кезде 
оларды жою, азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, заңдарды 
бұзудың алдын алу жөнінде дереу шаралар қолданылуын қадағалауға міндетті. Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің Қазақстан Республикасының Конституция-
сының ережелерінен, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен 


Журнал «Студенческий вестник» 
№ 7 (152), часть 3, 2021 г. 
80 
принциптерінен, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету 
жөніндегі халықаралық шарттардан туындайтын талаптарды ескереді. Мысалға, қылмыстық 
сот ісін жүргізу барысында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың ар-намысы мен 
қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер мен шешімдер қабылдауға, сондай-ақ оның адами 
қадір-қасиетін қорлайтын не оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін іс-әрекеттер 
жасауға және шешімдер қабылдауға тыйым салынады. Қатысушылардың ешқайсысы 
қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде зорлық-зомбылыққа, басқа да қатал немесе адамның 
намысын қорлайтын әрекеттерге ұшырауына тыйым салынады. Сот, прокурор, тергеуші, 
анықтаушы күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізудің 
басқа да қатысушыларына олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіруге 
және осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Қылмыстық істер 
бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың қылмыстық 
іс жүргізу заңнамасында көзделген құқықтары мен бостандықтарын шектеудің негіздері мен 
рәсімдерін сақтау қажет. Мысалы, азаматтың хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, 
телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығын шектеуге сот шешімінің негізінде ғана 
жол беріледі ҚР ҚПК 16-бабы. 
Жасалған және дайындалып жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды 
шешудің белгіленген тәртібі де прокуратура туралы заңда айқындалған прокурорлық қадағалау 
мәнінің элементтерінің бірі болып табылады. Қылмыстарды алдын-ала тергеу тәртібі қылмыстық 
іс жүргізу заңымен егжей-тегжейлі реттеледі. Бұл тәртіптің негізгі ережелері Қазақстан 
Республикасының Конституциясында көрініс тапты. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде 
прокурор мынадай конституциялық нормаларға бағдарлануы тиіс: ұсталған, қамауға алынған, 
қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам тиісті ұсталған, қамауға алынған немесе айып 
тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы (16-бап); 
айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес (77-бап), Сот төрелігін жүзеге асыру 
кезінде заңды бұза отырып алынған дәлелдемелерді пайдалануға жол берілмейді (77-бап,9-т.); 
ешкім өзіне, жұбайына және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес, олардың 
шеңбері заңмен анықталады (77-бап,7-т.); қылмыс пен билікті теріс пайдаланудан зардап 
шеккендердің құқықтары заңмен қорғалады; мемлекет жәбірленушілерге сот төрелігіне қол 
жеткізуді және келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз етеді.Қылмыстық іс жүргізу 
заңнамасында конституциялық нормалар алдын ала тергеп-тексеру сатысына (жеке адамға қол 
сұқпаушылық; тұрғынжайға қол сұқпаушылық; жеке адамның өмірі мен хат алмасу құпиясын 
қорғау және т.б.) қатысты жалпы талаптарды регламенттеу арқылы ғана емес, сондай-ақ әрбір 
тергеу әрекетін жүргізудің нақты тәртібін белгілеу арқылы да іске асырылады. Мәселен, егер 
бұрын жауап алынған адамдардың айғақтарында елеулі қайшылықтар болса, очная ставка 
жүргізіледі. Оны жүргізу кезінде осы адамдардан жауап алуды бастау ережелерінен ауытқу, 
сұрақтар қоюға мүмкіндік беру және т. б. болмауы тиіс. 
Алдын ала тергеудің жалпы шарттарын және жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу 
тәртібін тексеру прокурорлық қызметтің айтарлықтай үлкен көлемін құрайды.Прокурор 
қызметінің жауапты учаскесі-сотқа дейінгі іс жүргізуде қабылданатын шешімдердің заңдылығын 
қадағалау болып табылады.Қылмыстық істің қозғалысына әсер ететін шешімдерге ерекше назар 
аударуға лайық. Бұл, ең алдымен, қылмыстық іс қозғау туралы шешімдердің заңдылығы мен 
негізділігіне, іс қозғаудан бас тартуға, тергеуге байланысты хабарлама беруге қатысты. 
Алдын ала тергеп-тексеру процесінде қабылданатын және прокурордың мұқият 
тексеруіне жататын неғұрлым маңызды шешімдерге мыналар жатады: күдіктіні ұстау туралы; 
күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шараларын таңдау туралы; айыпталушы 
ретінде тарту туралы; күдіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәны алып келу туралы; 
айыпталушыны қызметінен уақытша шеттету туралы; айыпталушыны іздестіру туралы; тінту 
жүргізу туралы; мүлікке тыйым салу туралы; сараптама тағайындау туралы; қылмыстық іске 
заттай дәлелдемелерді; тергеу, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы; қылмыстық істерді бөлу 
туралы және басқалары.Алдын ала тергеудің соңғы кезеңінде қабылданған, алдын ала тергеуді 
тоқтата тұру, қылмыстық қудалау мен қылмыстық істі тоқтату сияқты маңызды шешімдер 
прокурорлық тексеруге жатады. Сотқа дейінгі іс жүргізуде қабылданатын шешімдердің 


Журнал «Студенческий вестник» 
№ 7 (152), часть 3, 2021 г. 
81 
заңдылығын қадағалау тергеушінің, анықтау органының немесе анықтаушының мұндай 
шешімдерді өз бетінше қабылдайтынына не сот шешімін және (немесе) прокурордың санкциясын 
алуы талап етілетініне қарамастан, барлық тергеу және өзге де процестік шешімдерді қабылдау 
кезінде заң талаптарын орындауды қамтиды. 
Заңдардың сотқа дейінгі іс жүргізуде орындалуын прокурорлық қадағалаудың міндеттері 
прокуратураның мақсаттары мен қылмыстық сот ісін жүргізуді тағайындау ескеріле отырып 
айқындалуы мүмкін. Сотқа дейінгі іс жүргізуде заңдардың орындалуына прокурорлық 
қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықтау органдары мен алдын ала тергеу органдарының 
қылмыстан зардап шеккен адамдар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау 
жөніндегі заңның талаптарын орындауына бағытталған шаралар, сондай-ақ жеке адамды 
заңсыз және негізсіз айыптаудан қорғауды, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді 
қамтамасыз етуге арналған шаралар қолданылуға тиіс. Прокурор төмендегілерді қадағалау қажет: 
 қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу кезінде 
заң талаптарын орындалдауын қадағалау; 
 қылмыстық істерді қозғаудың заңмен белгіленген тәртібін сақталуын қадағалау; 
 қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда тергеуші, анықтау органы және 
анықтаушы қылмыс оқиғасын анықтау, қылмыс жасауға кінәлі адамды немесе адамдарды 
әшкерелеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдауын қадағалау; 
 қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде қабылданатын 
шешімдер заң талаптарына сәйкес келуін қадағалау; 
 тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу шарттары мен тәртібі, ал заңда 
көзделген жағдайларда-оларды жүргізу үшін негіздерді сақталуын қадағалау; 
 жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының және қылмыстық сот ісін жүргізудің 
басқа да қатысушыларының құқықтарын сақталуын қадағалау. 
Алдын ала тергеу және анықтау органдарының заңдардың орындалуын қадағалауды 
жүзеге асыруы үшін прокурорға тиісті өкілеттіктер беріледі. Прокурор өз қызметін осы 
өкілеттіктер шеңберінде қатаң жүзеге асырады. Іс жүзінде прокурордың қызметі белгілі бір 
нысандарда жүзеге асырылуы керек. Қадағалау нысандарында прокурорға заң бойынша 
берілген құқықтар іске асырылады. Прокурордың өкілеттіктерін айқындайтын құқықтық 
норма оған белгілі бір әрекеттерді жасауға құқық береді. Прокурор мұндай әрекеттерді 
жасауға өзінің құқығын іске асыра отырып, сонымен бірге белгілі бір әрекетті жасауға міндетті. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде қолданылатын "прокурор" 
ұғымы келесі мағынаға ие: прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, 
анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң, қылмыстық процестiң барлық сатыларында 
қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 83-бабына және ҚПК сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды 
адам. (Қылмыстық Процестік кодексінің 58-бабы.) Сонымен бірге, 58-б ҚПК осы бапта 
көзделген прокурордың өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, 
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың 
аға көмекшілері мен көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік 
прокурорлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорлары 
және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, олардың 
орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға 
прокурорлары және прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға 
теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар жүзеге 
асыратыны көрсетілген. Бұл бап Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында 
прокурордың өкілеттіктерін көздейді, олардың көпшілігі билік-өкімдік сипатқа ие (мысалы, 
егер алдын ала тергеу жүргізу кезінде осы Кодекстің талаптарын бұзуға жол берілсе
анықтаушыны, тергеушіні одан әрі тергеу жүргізуден шеттету; анықтау органынан кез келген 
қылмыстық істі алып қою және оны тергеушіге беру, осындай берудің негіздерін міндетті 
түрде көрсете отырып, қылмыстық істі бір тергеушіден екіншісіне беру және т.б.). Алайда, 
олардың барлығы бірдей сипатқа ие емес (мысалы, қылмыс туралы хабарламаларды қабылдау, 


Журнал «Студенческий вестник» 
№ 7 (152), часть 3, 2021 г. 
82 
тіркеу және шешу кезінде заң талаптарының орындалуын тексеру), бірақ оларға прокурорлардың 
көмекшілері ие емес. Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы басқа жағдайларда прокурор-
лардың көмекшілерінің өкілеттіктерінен айырмайды. Мысалы, прокурордың көмекшісі, 
Прокурордың тапсырмасы бойынша қылмыстық іс бойынша сотта мемлекет атынан айыптауды 
қолдайды, заңда көрсетілген сот шешімдеріне апелляциялық және кассациялық тәртіппен 
ұсыныс беруге құқылы.Сотқа дейінгі іс жүргізуде заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге 
асыру кезінде прокурордың өкілеттіктерін іске асыру анықтау органдары мен алдын ала тергеу 
органдарының қылмыстардан зардап шеккен адамдар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды 
мүдделерін қорғау жөнінде заңда көзделген барлық шараларды, сондай-ақ жеке адамды заңсыз 
және негізсіз айыптаудан қорғау, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөніндегі 
шараларды қабылдауына бағытталған. 
Прокурорда алдын-ала тергеу процесінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 
талаптарын орындауды қадағалау кезінде көптеген түрлі проблемалар туындайды. Заң 
талаптарының орындалуына тексеру жүргізу кезінде прокурор анықтау органының: алдын ала 
тергеу жүргізу міндетті болатын қылмыс белгілері болған кезде қылмыстық іс қозғағанына; 
нақты жағдайды ескере отырып қажетті шұғыл тергеу әрекеттерін орындағанына; кезек 
күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындағаннан кейін және 10 тәуліктен кешіктірмей істі 
прокурорға жолдағанына; істі прокурорға жібергеннен кейін, қылмыс жасаған адам 
анықталмаған жағдайларда, оны анықтау үшін іздестіру және жедел-іздестіру шараларын 
қабылдауды жалғастырғанына назар аударғаны жөн. 
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың (жәбірленушінің, күдіктінің, 
айыпталушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, қорғаушының және т.б.) 
құқықтарын прокурорлық қадағалау құралдарымен қамтамасыз ету ерекше өзектілікке ие 
болды - прокурор қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тиісті нормаларымен белгіленген 
қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесінің сақталуын қадағалау 
қажет.Айта кету керек, прокурор мен прокуратура органының тергеушісінің қарым-
қатынасында прокурор өзінің қадағалау функцияларын ғана емес, сонымен бірге бағынышты 
тергеушілерге әкімшілік басшылық жүргізеді (олардың кезекшілігін ұйымдастырады, 
тергеушілер арасында қылмыстық істерді бөледі және т.б.). 

Download 3.52 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling