«студенческий вестник»


Figure 1. “Wall collector” heated by low temperature sunlight heating device: 1 sunlight; 2 light-


Download 3.52 Mb.
Pdf ko'rish
bet50/67
Sana25.07.2023
Hajmi3.52 Mb.
#1662483
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Bog'liq
Мақола 2021 муҳокама

Figure 1. “Wall collector” heated by low temperature sunlight heating device: 1 sunlight; 2 light-
transmitting clear glass; 3rd air cover; 4 rooms hot air inside; 5 chilled air; 6 The mass radiates 
from the wall heat waves; 7 black surface of light-receiving wall; 8-grid 
 
References: 
1. QMQ 2.01.04-97 * “Construction heat engineering”, Tashkent 2011. 
2. QMQ 2.01.01-94 “Climatic and physical-geological for design Information ”Tashkent, 2006 
3. SHukurov G’.SH. Boboev S.M. “Architectural Physics” Part 1, “Construction thermal physics 
”Tashkent,“ LABOR ”- 2005. 
4. Boboev SM, SHukurovG.Sh., Burliev Q.U., Ismankhadjaeva M.R. “Heating” Tashkent “New 
Century Generation” 2008. 
5. Aрчитектурная физика: Учебник для вузов: Specialization "Architecture" В.К. Литскевич, 
Л.И. Макриненко, И.В. Мигилина at all.; Под ред. Н.В. Оболенского-М .; Стройиздат 1998 -
448 с. 
6. Тернойс,Бекл Л.идр. “Проектирования энергоекономичных общественных зданий”, 
Стройиздат, М. 1990. 
7. (Солдатов Э.A.), Aзизов П.A. Aрхитектурно – строителные средства повышения тепловой 
эффективности гражданских зданий. Тошкент.: «Ўзбекистон» , 1994 г. 


Журнал «Студенческий вестник» 
№ 7 (152), часть 3, 2021 г. 
76 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛАЛАР 
 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
1-БӨЛІМ. 
ПЕДАГОГИКА 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ 
ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ 
Рахым Мәдина Нұрділлақызы 
магистрант,
Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Қазақстан, Алматы қ. 
Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда қазіргі таңда мектеп бағдарламасында 
бейін алды жұмыстар жүргізілуде. Оқушылардың бейінді оқытуға даярлығын зерделеуде мектеп 
психологының атқарар қызметі ерекше. Оқушылардың мүдделері мен бейімділіктеріне қарай 
үнемі зерттеу жүргізіп отыру, ол оқушылардың өзіндік танымы, өз мүмкіндіктері, қабілеттері, 
мүдделерін жандандырады,өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдірумен айналысуына, 
нәтижесінде 9-10 сынып оқушысының өмірлік, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауына, 
тұлға ретінде өрістеуіне көмектеседі . 
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және 
азаматтық кұндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін 
педагогиканың, психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын кіріктіре
үйлестіре қолдануға тура келеді. Себебі, оқытудың психологиялық негіздерін білу – әрбір 
оқушының таным деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-
жақты зерттеу, білу – оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Сондықтан да қазіргі 
педагогиканын, психологияның оқушының саналы әрекетіне мән бере бастауының бір себебі 
осында. Қазіргі мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы да мол. 
Мектепте оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар деп аталатын осынау санаттарды қамти отырып, 
психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға сүбелі үлес қосуда. «Баланы жан-жақты 
білу керек» деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі, педагогикалық іс-әрекеттің, 
психологиялық қызметгің тығыз қарым-қатынаста болатындығының айқын дәлелі . 
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептердегі психологиялық қызметтің мақсаты 
мен міндеті: 
 Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың психологиялық денсаулығына 
ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әртүрлі 
қиыншылықтарды түзету; 
 Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін анықтау; 
 Оқушылардың бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау. 
Бұл мақсат-міндеттерді орындау үшін психолог төмендегі бағыттарда жұмыс жүргізуде. 
Педагог-психологтың қызметтік міндеттері қызметтік нұсқаулық 03/09/-1999 жылғы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 санды қаулысымен бекітілген педагог-
психологтың тарифтік біліктілік мінездемесі негізінде жасалды . 


Журнал «Студенческий вестник» 
№ 7 (152), часть 3, 2021 г. 
77 
 Педагог-психологты жұмысқа мектеп директоры тағайындайды және босатады. 
 Педагог-психолог болып арнайы орта немесе жоғары білімі бар маман қабылданады.
 Жұмыс өтілінің болуына талап қойылмайды.
 Педагог-психолог тікелей мектеп директорына бағынады. 
Педагог-психологтың функционалдық міндеттері оның жұмысының негізгі 
бағыттарын анықтайды. Мәселен,
 Мектептің білім беру тәрбие беру үрдісіне педагогикалық-психологиялық негіздеме 
жасау. 
 Әлеуметтік бейімделуге тосқауыл болатын жағдайларды болдырмау және алдын-алу. 
 Оқушыларға психологиялық көмек көрсету. 
Білім беру мекемесіндегі педагог-психологтың қызметтік міндеттері: 
 Оқыту барысында оқушылардың психологиялық, әлеуметтік және соматикалық 
қолайлығын сақтауға бағытталған кәсіби қызмет көрсету. 
 Балалардың құқықтары жайлы Конвенция мен Қазақстан балалары құқықтары заңымен 
өзгеде балаларға байланысты заңдылықтарға сәйкес оқушылар құқықтарының сақталуын 
қадағалау. 
 Мектептің әлеуметтік саласының үйлесін табуына ықпал жасап, әлеуметтік 
бейімделуге кедергі болатын жағдайлардың алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-
шараларды жүргізу. 
 Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына кедергі болатын факторларды анықтау 
және түрлі психологиялық /коррекциялық, бейімдеу, кеңес беру/ көмек беру.
 Оқушылармен ата-аналарға /олардың орынындағы адамдарға/, педагогикалық 
ұжымға нақты туындаған мәселелер жөнінде көмек көрсету. 
 Әр деңгейлі және көп бағытты диагностикалауды жүргізу. 
 Оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік қалыптасу барысында мәселелерді 
шешу мақсатында педагогикалық ұжым мен ата-аналар/ болмаса олардың орындағылар 
/жұмысын бағыттауға арналған зерттеу материалдарына негізделген педагогикалық-
психологиялық қорытындылар жасау.
 Кәсіби мамандығына байланысты бекітілген үлгідегі құжаттарды жүргізу және оны 
тек кәсіби қызметінде қолдану. 
 Дарынды балаларды анықтау, оларға психологиялық қолдау көрсету, дамуына көмек 
көрсету. 
 Оқушылардың дамуындағы ауытқудың /ойлау қабілеті, дене бітімі, эмоциялық/ 
деңгейін анықтау және олардың дамуына көмектесу. 
 Оқушылардың ата-аналар мен педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін 
қалыптастыру, сонымен қатар жыныстық қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
 Өзі қызмет ететін мектепті дамыту жөнінде қызметкерлерге кеңес беру және 
психологияны тәжірибе жүзінде пайдалануға үйрету. 
 Еңбек қауіпсіздігі нормалары мем ережелерін, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі 
ережелерін орындау.
 Білім беру үрдісін жақсарту мен сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру.
 Өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін үнемі көтеріп отыру.
 Мектеп әкімшілігі өткізетін барлық педагогикалық кеңестер мен мәжілістерге қатысу.
 Педагогтың қоғамдағы дәрежесіне сай келетіндей қоғамдық орындарда, мектеп 
тұрмыс жағдайында өзін-өзі ұстаудың этикалық нормаларын сақтау. 
Республика мектептерінде психологиялық қызметтің енгізілуі мемлекетімізде білім 
сапасына, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруына, жалпы айтқанда, оқу-тәрбие 
жұмыстарын ғылыми негізінде ұйымдастыруына ерекше назар аударуының дәлелі. 
Мектептегі психолог баланы мектеп қабырғасына алғаш келген күннен бастап бітіргенге дейін 
зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Психолог өз жұмысында әрбір оқушының жан-жақты білімді, 
білікті және тәрбиеленген тұлға болып жетілуіне әсер ететін барлық жағдайларды қарастырады. 


Журнал «Студенческий вестник» 
№ 7 (152), часть 3, 2021 г. 
78 
«Білім туралы» заңда білім берудегі міндеттерінің ішінде ең маңыздылығы баланы жеке 
тұлға ретінде қалыптастыру дамыту туралы айтылалы. 
Мемлекетіміз бәсекелестікке қабілетті 30 мемлекет қатарына кіру үшін балаларымыз 
дүниежүзілік білім кеңістігінде өз білімі, қабілеті, тапқырлығы еңбек қамқорлығымен өз 
орынын табу керек. Міне, сол міндетті орындауда жас ұрпаққа, мұғалімдерге, ата-аналарға 
мектептегі психологтың көмегі үлкен роль атқарады. 

Download 3.52 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling