БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА «САЛМАҚ ӚЛШЕМ
БIРЛIКТЕРI» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ
А.Нагметова – Нӛкіс қаласы, 34 санды жалпы
білім беру мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру,
ӛміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің
маңызы зор. Ӛзбекстан Республикасында жалпы орта білім беру системасын
реформалаудың бағдарларын белгілеу, ӛсіп келе жатқан жас ұрпақты руханий және
интеллектуал дамытуды жаңа дәрежеге кӛтеру, оқу -тәрбие процесіне тәлімнің
инновациялық формалары және әдістерін енгізу мақсатында, Ӛзбекстан Республикасы
Президентінің «Ӛзбекстан Республикасы Халық білімдендіру системасын 2030 жылға
дейін рауажландыру Концепциясын бекіту туралы» 5712-санды ПП сай, кіші мектеп
жасы оқушыларын тәрбиелеу және тәлімнің заманагӛй тәсілдері және бағдарларын
енгізу; тәлім системасында бәсекелі орталықты кеңейту; жастар тәлім-тәрбиесі үшін
қосымша жағдайлар жаратылуына қаратылған комплекс жұмыстарды практикаға енгізу
мәселелері орын алған.
Математика пәні – күрделі пәндердің бірі. Оны оқушы сабақта зейін қойып
тыңдамаса, қызығушылығы болмаса, жақсы нәтижелерге қол жеткізу оңай болмайды.
Қызығушылық болмаған жерде оқушылардың ӛзіндік ізденісі де тӛмендейтіні белгілі.
Қазір біз 3-сынып математика сабақтығында берілген «Салмақ ӛлшем бірліктері»
тақырыбына интерактив методтар негізінде оқыту әдістеріне тоқталып ӛтеміз.
Тақырып: Салмақ ӛлшем бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
a) Білім беру: Оқушыларға салмақ ӛлшем бiрлiктерi туралы түсінік беру, мысал
және есептер шешу дағдыларын қалыптастыру және бекемдеу.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды бірге жұмыс жасауға, уақыттан үнемді пайдалануға,
достық қарым- қатнаста болуға тәрбиелеу.
в) Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін тұрмыста ӛз бетінше дұрыс
қолдана алу біліктіліктерін дамыту.
Кӛрнекі құралдар: Оқулық, сызғыш, қағаз, қалам, кеспе қағаздар, суреттер
т.б.
Сабақтың түрі: Оқушылардың білім, дағды және біліктіліктерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Интерактив. Кіші топарларда жұмыс жасау.
Сабақ барысы:
Do'stlaringiz bilan baham: |