1 -бөлім психодиагностикаға кіріспе


Өзін-өзі бақылау сұрақтары


Download 217.15 Kb.
bet10/43
Sana19.10.2023
Hajmi217.15 Kb.
#1709664
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Bog'liq
лекция (1)

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностика» пәнінің міндеттерін аайтыңыз.

  2. Психодиагностика ұғымының шығу тарихы.

  3. Қоғамдағы педагог-психолог маманның орны.

  4. Педагог-психолог маманның қызметі.

  5. Мектептегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Анастази А. Психологическое тестирование. Т. 1,2-М., 1982.

  2. Выготский Л.С. Собрание сочинений. В. 6т. –М., 1984.

  3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-спарвочник по психодиагностике. Спб., 1999.

  4. Бурлачук Л.Ф., Психодиагностика.- Спб., 2003.

2- Бөлім ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.


Жоспары:
1. Психодиагностиканың эксперименталды психология саласында құрылуы. Психологиялық тестілеудің шығуы.
2. Тесті құру технологиясы мен психодиагностиканың негізгі инструменті. Тесттің түрлері. Проективті әдістер, моделдер анықтамасы.


Ұғымдық түсініктеме сөздер: эксперимент, психологиялық эксперимент, тест, қарым-қатынас, психодиагностика, инструмент, эффект, әдіс, гипотеза.

2.1. Психодиагностиканың эксперименталды психология саласында құрылуы.


Эксперименттік психология – психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіс арқылы жүргізілетін зерттеулердің жалпы аталуы. Психологияның философиядан бөлек ғылым саласы ретінде қалыптасу үшін экспериментті қолдану маңызды роль атқарды. Эксперименталды психологияның қалыптасуына негізінен әсер текен көзқарастар: қайта өрлеу дәуірінен бастап, әр түрлі ғылым салаларында эксперименталды ойлар қалыптаса бастады. Эксперименталды психологияның дамуына шарттарды байланыстыру қажет болды:

  1. Ғылыми ойлаудың дамуы. Яғни, жаңа мәселелерді тудыратын ғылыми ізденістердің қалыптасуы;

  2. Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникалары енуі керек (психофизика, психофизиология);

  3. Арнайы ғылымдық білімдердің және арнайы дайындығы бар адамдардың сол ғылым саласына келуі керек.

Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар. Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады.
Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон – империзмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, империзмнің алғашқы жаршысы болды.
Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды.

Download 217.15 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling