1 -бөлім психодиагностикаға кіріспе


Отбасы тұлғааралық кикілжіңдер себептерін


Download 217.15 Kb.
bet12/43
Sana19.10.2023
Hajmi217.15 Kb.
#1709664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Bog'liq
лекция (1)

Отбасы тұлғааралық кикілжіңдер себептерін А.Я. Анцупов пен А.И. Шипилов еңбектерінде төмендегідей топтарға бөлінген:

  • Психожыныстық келіспеушілік;

  • Жұбайдың бірінің ерекше өз қажетін өтеуге ұмтылуы (ішімдік, азарттық ойындар т.б.);

  • Демалысты өткізу қажеттілігінің түрлілігі;

  • Үй шаруасын жүргізуде өзара түсінуде, қарым-қатынаста өтелмеген қажеттіліктер;

  • Бала пайда болуына орай проблемалардың тууы; (әйелдің шаруасына көңіл бөлудің азаюы және т.б.);

Топаралық кикілжіңдердің өлшенуі жоғарыдағы авторлар пікірінше келесі себептерге тән:

  • Топаралық жаугершілік-өзгелерге жаулық;

  • Қызығулар бойынша келіспеулер;

  • Топішілік фаворотизм-яғни өзге топ адамдарына қарсылық таныту т.б.

А.Я. Анцупов пен А.И. Шипилов пікірінше еңбек кикілжің себептері келесі:

  • Еңбек жағдайын жақсартуда әкімшіліктің әрекетсіздігі;

  • Жұмыссыздықтың өсуі;

  • Жұмысшыларды заңсыз қуғындау;

  • Басшылардың ақша қаражатын мақсатсыз жұмсау;

  • Еңбекақыны өз мерзімінде төлемеу;

  • Еңбек келісімдерінің бұзылуы;

  • Қызмет берушінің еңбек заңдылық нормаларын бұзуы, ескермеуі.

Ұлтаралық кикілжіңдердің себептері мыналар:

  • Ұлттық өзіндік сапаның деңгейі, дұрыс, төмен немесе жоғары бағалау (эгоистік ұмтылыстардың байқалуы);

  • Қоғамда көптеген проблеманың болуы;

  • Алғашқы екі себепті қолдануға қабілетті саяси күштердің болуы және т.б. ғалымдар тұжырым жасайды.



2.2. Психологиялық тестілеудің шығуы. Тесті құру технологиясы мен психодиагностиканың негізгі инструменті. Тесттің түрлері. Проективті әдістер, моделдер ұғымдары.
Әрбір сала бойынша факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.
Психодиагностикалық әдістер: психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әркет өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян.
Тест ( ағылшынша test-тексеру) тұлғаның белгілі бір психологиялық құрамының даму деңгейін, білімін анықтауға көмектесетін тапсырмалар жүйесі. Тест - жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмаларды тексеру психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Тестік модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипатты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі.
Тест термині ең алғаш рет 1890 жылы Англияда енгізілді. Тесттер 1905 жылы балалар психологиясын анықтау кең тарады. Осы кезде Францияда дарынды балаларды анықтайтын бірнеше тесттердің сериясы дайындалып шығарылса, 1910 жылы психодиагностиканың практикасында да, Германияда кәсіптік іріктеуде тесттердің сериясы шығарылды.
Оларды әртүрлі бағыттарына байланысты топтастыруға болады:

  1. Қолданылу мақсаты байланысты;

  2. Жүргізілу жолдарына байланысты (жеке және топтық);

  3. Мазмұнына, арнайы қабілеттері байланысты;

  4. Вербальды және вербальды емес;

  5. Аанализдік және синтездік;

  6. Заттық ( белгілі бір заттар арқылы (мысалы: бөлшектерден фигуралар құрау);

  7. Аппаратуралық (арнайы техникалық құралдар арқылы);

  8. Тапсырмаларының біртектілік дәрежесі бойынша;

  9. Психикалық қасиеттерді қамтуы бойынша және т.б.


Download 217.15 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling