1 -бөлім психодиагностикаға кіріспе


Download 217.15 Kb.
bet14/43
Sana19.10.2023
Hajmi217.15 Kb.
#1709664
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Bog'liq
лекция (1)

СӨЖ тапсырмасы: Белгілі ғалымдардың «тест», «жоба», «модель» ұғымдарына берілген анықтамаларын топтастыра отырып өзіндік тұрғыдан анықтама беріңіз.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Кабанов М.И.., Личко А.Е. Методы психодиагностики и коррекции в клинике. –Л.Медицина, 1983.

  2. Мальников В.М.., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности-М., 1985.

  3. Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личносни. –М., 1980.

3-бөлім ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ МЕН ТАНЫМАЛ ТҮРЛЕРІ.
Жоспары:
1. Психодиагностикалық әдістердің анықталу түсінігі.
2. Проективті әдістердің анықтамасы.


Ұғымдық түсініктеме сөздер: байқау әдісі, лабараториялық эксперимент, эксперементтік әдіс, лабараториялық эксперимент, табиғи эксперимент, қалыптастыру эксперименті, тестілік әдіс.


3.1. Психодиагностикалық әдістердің анықталу түсінігі.
Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинады, дамыған эксперименттік әдістемелік аппараттарын қалыптастырды. Бірақ та осы эксперименттік фактілердің көп болуы психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуын тежеуі мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті, алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары, ұстанымдары анықталуы керек. Әдіснама – бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім. Теория - бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Ұстаным – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді. Ұстанымдар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін қағидалары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа байланысты, теорияға байланысты өзгеріп отырады. Әдіс - біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Әдіс-метод. Әдістеме - методика –бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін нақты тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу процедурасы – бұл зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі немесе зерттеу барысында талқыланатын барлық танымдық және ұйымдастырушы әрекеттердің реті. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдардың 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  1. философиялық методологиялық принциптер деңгейі;

  2. жалпы ғылымдық деңгейдегі ұстанымдар;

  3. жалпы психологиялық деңгейдегі ұстанымдар;

  4. нақты эксперименталды психологиялық деңгейдегі ұстанымдар.


Download 217.15 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling