Актуальные научные исследования в современном мире iscience. In. Ua


«Актуальные научные исследования в современном мире»


Download 3.94 Mb.
Pdf ko'rish
bet99/131
Sana16.09.2023
Hajmi3.94 Mb.
#1679183
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   131
Bog'liq
Збірник V part 2 (web)

«Актуальные научные исследования в современном мире» ISCIENCE.IN.UA__ 
106 
Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жӛн. Олардың бір-
бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, кӛбейте таратуға болады. 
Қай жағдайда да технология ӛзіне сай тҥзілген оқу процесінің жоғары сапасына 
және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал 
әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, 
әдістеме технологиялық деңгейге дейін кӛтерілуі мҥмкін. Мысалы, жаңа 
материалды тҥсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, 
сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады. 
Проблемалық оқу технологиясы мҧғалім басшылығында ӛтетін 
оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған ӛзіндік ізденіс іс-
әрекеттерін 
ҧйымдастыруға 
негізделеді. 
Оқу 
ізденістері 
барысында 
оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, 
танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-ӛрісі, шығармашыл ойы және басқа да 
тҧлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, 
М.И.Махмудов және т.б.). 
Жалпы тҥрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы 
білімді дайын кҥйінде ҧсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, 
оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. 
Ал оқушылар мҧғалімнің тікелей басшылығында не ӛз бетінше олардың 
шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам тҥзеді, оның 
шынайылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, 
нәтижелерін талдайды, пікір жҥргізеді, дәлелдейді. 
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты ӛзінің ҧнамды да 
болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, 
ептілік және дағдылар жҥйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың 
ақыл-ой дамуына жол ашады, ӛз шығармашылық қуатымен берік білім 
қалыптастыруға кӛмектеседі, ӛз оқу еңбегіне қызығу ҧмтылысын дамытады, 
оқу нәтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нәтижеге 
жету кӛп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-
әрекеттерін жҥйелі басқару қиын. 
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары 
дәстҥрлі оқуға балама ретінде ҧсынылған білім игеру жҥйесі. Бҧл 
технологияның мәні - оқушы модульмен жҧмыс орындау барысындағы нақты 
мақсатқа ӛз бетінше (не белгілі шамада мҧғалім жәрдемімен) жетеді 
(П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу 
мазмҧны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген тҥйін, топ 
(узел). 
Модуль қҧрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, 
дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік кӛрсетпелері. 
Бҧл технологияға орай оқу мазмҧны ӛз алдына белгілі жинақы қҧрамға 
келтірілген ақпараттық топ (блок) кҥйінде беріледі. Ол ақпарат оқу 
мазмҧнының кӛлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де 
кӛрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі. 
Модульдік оқуда ӛзіндік жҧмыстарға аса кӛп уақыт бӛлінеді. Бҧл 
оқушыға оқу әрекеттеріне кірісумен ӛз мҥмкіндіктерін сезінуге, білім игеру 
деңгейін ӛзі анықтауына, ӛз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді 
байқауына жәрдемдеседі. 



Download 3.94 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   131




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling