Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі


Download 1.18 Mb.
bet29/60
Sana01.04.2023
Hajmi1.18 Mb.
#1315630
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Bog'liq
О У- дістемелік кешені (сп о К)

10 дәрістің тест сұрақтары

  1. Сандық есептеуіш деп:

+А) біраз уақыт аралығындағы заттардың мөлшерін өлшеу құралы
Б) біраз уақыт аралығындағы сапалық өлшеу құралы
В) біраз уақыт аралығындағы температураны өлшеу құралы
Г) уақыт өлшеу құралы



  1. Интеллектуальды модельдердің құйын тәрізді шығын өлшеуіштері қандай болады:

А) 9900,99000
Б) 8880
В) 0008
+Г)8800, 8800С



  1. Шапшаң есептеуіштердің жұмыс істеу принципі неге негізделген

+А)бірлік уақыт ішіндегі айналу санының турбинкасы п ағын жылдамдығына пропорционал
Б) бірлік уақыт ішіндегі айналу санының турбинкасы п ағын массасына пропорционал
В) бірлік уақыт ішіндегі айналу санының турбинкасы п ағын жылдамдығына паралель
Г) барлық жауап дұрыс

4.Шығын датчигінің массасы қандай


А) 15 кг
Б) 35 кг
В) 45 кг
+Г) 25 кг-нан аспайды.

5. Өлшеудің жоғары дәлдігі қалай қамтамассыз етіледі?


+А) цифрлі технологияның қолдануымен
Б) датчиктердің қолдануымен
В) шығынның азайтылуымен
Г) дұрыс жауабы жоқ


11 дәріс. Заттың сапасы және құрамын өлшеу. Техникалық құралдар: газды талдау, мұнай өнімдерінің құрамы, газ тығыздығы және сұйық өнімдері.
Газ құрамын өлшеу.
Термокондуктометрлік газоанализаторлар. Газ құрамының өлшеу құралдарын газоанализаторлар деп атайды. Газоанализаторлар көмегімен газ қоспасындағы талданатын компонентті сақтау сандық түрде немесе (сандық талдау), газ қоспаларында басқада қоспалар табылады(сапалы талдау).
Үлкен сан түрлі химиялық, физико-химиялық және физикалық газоанализаторлар ішінде ең көптеген қолданылатын физикалық газоанализаторлар болып табылады. Осы топта термокондуктометрлік, магниттік және оптикалық газоанализаторлар кең қолданылады.
Термокондуктометрлік газоанализаторлар. Термокондуктометрлік газоанализаторлар әрекеті газдық қоспаның жылу өткізгіштігін өлшеуге негізделген және ол қоспадағы талданатын компонент құрамымен анықталады.
Талданатын газ қоспасындағы сезімтал элементтің электрлік кедергілерінің өзгеруімен жанама шығарылады.
Газоанализаторлардың біріншілік түрлендіргішін құрастырғанда мынандай жылу алмастыру шарттарын жасайды, яғни негізгі жылу беру тізбегі түрлендіргіш камера қабырғаларының газбен қоршалған жылу алмасу жолы арқылы орындалады. Егер жылу өткізу газы ұлғайса, онда жылу берілуі де ұлғаяды, бұдан кейін температура тізбегі азаяды. Кедергі тізбегі температураның төмендеуімен азайып отырады. Осыған сәйкес жылу өткізгіштік газының төмендеуі оның қоршаған кедергі тізбегінің өсуімен анықталып отырады.
Біріншілк түрлендіргіштер мынандай төрт камерадан тұрады, оның екеуі газдық өлшеуіш камералар, ал қалған екеуі-салыстырмалы ауалық камералар. Кедергі тізбегін өлшеу тең емес көмір схемасымен жүзеге асады. Екіншілік аспаптар ретінде милливольтметрлер және автоматты потенциометрлер қолданылады.
H2, He, CO2, SO2, NH3 концентрациясын өлшеуде термокондуктометрлік газоанализаторлар қолданылады.
Магниттік газоанализаторлар. Магнитты газоанализаторлардың негізгі жұмысына әртүрлі құбылыстар тиісті олар анализделінетін компоненттегі газды қоспасымен магнитті өріс байланысқан.
Магниттік өріске тартылатын газдар – парамагниттік деп аталады, ал магниттік өрістен тебілетін газдар – диамагнитті деп аталады.
Мөлшері жағынан газдың магниттік қасиеттері магниттік қабылдағыштық шамасымен анықталады. Газдардың көпшілігі диамагнитті болып табылады. Парамагниттік қасиет оттегімен азот оксидынан тұрады. Оттегінің магниттік қабылдағыштығы басқа газдардың магнитті қабылдағышына қарағанда 100 есе және оданда жоғарырақ болады.
Қазіргі кезде көптеген конструкциялық магнитті газоанализаторлар оттегі концентрациясын өлшеу үшін жасалған. Осылардың көп таралған түрі термомагнитті газоанализаторлар, яғни олар термомагнитті конвенцияны қолданады, электр тогымен қыздырылады, оттегі қабылдағыштығы қызу себебінен азаяды және өрісінің жоғарғы кернеулігінен төмен кернеулігіне бағытталған газ қоспасының қозғалысы пайда болады. Үздіксіз магнитті өрісте екі терморезистор орналасқан, олар газ қоспасы қозғалғанда кедергісін өзгертеді. Қалған көпір құратын екі резистордың тұрақты кедергісі болады.
Талданатын газдағы оттегінің көлемдік концентрациясы арқылы анықталатын тең емес көпірдің газ баланысын автоматты потенциометрмен өлшенеді және тіркеледі.

Download 1.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling