Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі
Download 1.18 Mb.
|
О У- дістемелік кешені (сп о К)
- Bu sahifa navigatsiya:
- 2 дәріс. АРЖ-ның негізгі түрлері.
1 дәрістің тест сұрақтары
1. Басқару жүйелерінің қай сипаттамасы жүйенің негізгі қасиетіне жатады А) Реттеуіштігі Б) Динамикалығы В) Стохастиаклығы +Г) Басқарулығы 2. Басқару сапасының жіберілетін деңгей параметірін қай параметр сипаттайды А) Реттеу уақыты Т Б) Динамикалық қателік +В) Энтропия Г) Қалдық ауытқу 3. Ақпарат қандай материалды энергетикалық түрде көрсетіледі +А) “Сигнал” түрінде Б) “ Берілген мәлімет” ,”ақтарат” түрінде В) “Хабарлама” түрінде Г) “мәлімет және сигнал” түрінде 4.Өлшеу құралдарының қай түрі көп таралған А) Өлшеуіш қондырғы Б) Өлшем В) Өлшенетін құрылғы +Г) Өлшеу жүйесі 5. Өлшенетін аспаптық дәлдік класының А) Абсолюттік +Б) Негізгі жіберілетін (допускается) В) Қатысты немесе жорамал (относительная) Г) Кептірілген. 2 дәріс. АРЖ-ның негізгі түрлері. Химиялық технологиядағы процестер динамикалық жүйелер түрінде көрсетілгені , олардың уақыт бойынша өтуі сипатталатын шаманың мәндеріне байланысты-аппарат арқылы өтетін қоспалардың шығыны оның температурасы, қысымы,концентрациясы т.б. Осы процестер егерде бірқалыпты өтіп жатса,бұл шамалар номинал мәндеріне ие болады. Сыртқы әсердің күшімен (шикізаттың шығыны және құрамының өзгеруі жылу-суық агенттерінің өзгеруі және т.б.) немесе аппараттың өзіндегі жағдайлар әсерінен(аппараттағы гидродинамикалық жағдай,катализатор қарқындылығы) көрсетілген шамалар номинал мәндерінен ауытқуы мүмкін. Бұл ауытқу процестің бұзылуына, алынатын өнімнің сонымен сапасының төмендеуіне құрылғының тез тозуына әкеп соғады. Сондықтан процесті басқарып отыру керек. Басқару - басқару объектісіне әсер ететін тиімді ықпал, ал сандық жағынан мәндердің сапалық критерийлерін және оптималды функциялауды қамтамасыз етеді. Критерийлер технологиялық немесе экономикалық тұрғыдан алынуы мүмкін(технологиялық құрылғының өнімділігі ,өнімнің өзіндік құны немесе т.б.) Хр Zв кірістік және у Т шығыстық шамалар болады. Кірістік шамалар –заттың шығынының өзгеруі,оның құрамы,берілетін жылу саны т.б. Шығыстық шамалар-заттың температурасы, аппараттағы деңгейі ,қысымы, концентрациясы,ылғалдылығы. Объектінің жағдайы әрбір мезетте шығыстық шаманың уТ –ның мәнімен анықталып отырады. Объект дұрыс функциялануы үшін ол, алдын ала берілген мәндерде U3 тұрақталып тұру керек немесе белгілі бағдарлама бойынша өзгеруі қажет. Жұмыс барысында шығыстық шамалар берілген мәндерден сыртқы әсерлерден zb кесірінен ауытқуы мүмкін. Басқару автоматты немесе қолмен болуы мүмкін.Қолмен басқаруда химия-технологиялық обьектке орындаушы құрылғы арқылы адам(оператор) басқарады. Оператор жұмыс режимінің ауытқуын орындаушы құрылғы арқылы реттеп отырады.Автоматты басқаруда обьектке арнайы автоматты құрылғы (тұйық контурға) әсерін тигізеді,мұндай элементтердің қосылуы АБЖ-ы құрайды.Басқарудың бөлек бір бөлімі реттеу болып табылады. Реттеу-обьектінің шығыстық шамаларын қажетті тұрақты немесе айнымалы мәндердің аймағында ұстап тұру,ол жұмыс режимін қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етеді. Осы реттеуді іске асыратыны автоматты құрылғы-автоматты реттеуіш деп аталады. АРЖ-ы реттеу принциптері бойынша ауытқу,сыртқы әсер,аралас принцип бойынша деп үшке бөлінеді. 1. Ауытқу бойынша реттеу 2..Сыртқы әсер бойынша 3. Аралас принцип бойынша АРЖ-ның реттейтін шамаларының саны бойынша бірөлшемді және көпөлшемді болып бөлінеді.Бірөлшемді жүйелер-бір ғана реттелетін шамасы болады,көпөлшемді жүйелерде-бірнеше реттейтін шамалары болады.Көпөлшемді жүйелер өзара байланысқан және өзара байланыспаған реттеуіштер болып бөлінеді.Өзара байланыспаған реттеуіштер обьектінің шаманың байланыспаған кезінде қолданылады.Егерде реттелетін шаманын бір-біріне байланысын толығымен алып тастасақ,онда мұндай байланысқан жүйенің реттеуіштерін автономды деп атайды. Тармақ сандары бойынша АРЖ 1тармақты және көптармақты болып бөлінеді. 1 тармақты жүйелер 1 тұйық тармақтан тұрады,ал көптармақты жүйелер үшін бірнеше тұйықталған тармақтардан тұрады. Қолдануына қарай АРЖ –рі автоматты тұрақтандырғыш, программалық басқару және қадағалауыш жүйелерге бөлінеді. Автоматты тұрақтандырғыш жүйелер-ең көп тараған жүйелер, реттелетін шаманы берілген мәнде ұстап тұратын жүйелер (U=const тұрақтысы). Программалық басқару жүйелері реттелгіш шамалар берілген мәні алдын-ала белгілі уақыт функциясы u=f(y1) түрінде көрсетіледі. Бұл жүйелер химия-технологиялық процестерді автоматтандырылған кезде цикл бойынша жұмыс істейтін периодты қозғалыс немесе процестерде қолданылады. Қадағалаушы жүйелер реттелетін шаманың берілген мәні белгісіз және сыртқы тәуелсіз шаманың u=f(y1) функциясы болып табылады. Үздіксіз АРЖ реттейтін әсерлерінің сипаты бойынша үздіксіз, релелі, импульсті боп үшке бөлінеді. Download 1.18 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling