Қазақстан республикасы ұлттық Ғылым академиясының


Download 1.99 Mb.
Pdf ko'rish
bet117/147
Sana27.01.2023
Hajmi1.99 Mb.
#1134094
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147
Bog'liq
obsh (5)

сəйкестігі болатын жағдайлар кездесуі мүмкін. Мысалы, ... орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер 
қазақ тіліне сын есім түрінде беріледі: девушка из города – қалалық қыз; человек с характером – 
мінезді адам т.с.с. Орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда сөйлем мүшелері «ауыстырылуы» мүмкін: 
Книга прочитана мною – Мен кітапты оқып шықтым (толықтауыш бастауышқа ауыстырылған); 


Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
 
 
142
В комнате стояла жара – Бөлме қапырық болып тұр еді (пысықтауыш бастауыш түрінде 
аударылған) [6, 12].
Сəйкестікті түпнұсқадағы бірліктің орнына аударма тілдегі бір бірлікпен механикалық түрде 
орын ауыстыру ретінде түсінуге болмайды. Сəйкестік ұғымы аудармада қандай да бір бірліктің 
сəйкестігін таңдауды немесе белгілі сəйкестікті пайдаланудан бас тартып, аударманың басқа да 
тəсілдерін іздестіруді айқындайтын лингвистикалық жəне жағдаяттық мəнмəтін ұғымымен 
тығыз байланысты. Лингвистикалық мəнмəтін қандай да бір бірлік мəтінде қолданылатын тілдік 
«қоршау» болып табылады. Ал оның ішіндегі сөз мəнмəтіні дегеніміз – осы сөз қолданылған 
сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен құрылымдардың жиынтығы. 
Мəнмəтін ғылымда тар мəнмəтін (микромəнмəтін) жəне кең мəнмəтін (макромəнмəтін) болып 
бөлінеді. Тар мəнмəтін – осы бірліктің сөйлем шегіндегі қоршауын құрайтын сөз тіркестері немесе 
сөйлем болса, кең мəнмəтін дегеніміз – осы бірліктің сөйлем аясынан шығып кететін тілдік 
қоршауы: бұл – мəтіндік мəнмəтін, яғни шектес сөйлемдердегі тілдік бірліктердің жиынтығы. Кең 
мəнмəтіннің шекарасын белгілеу мүмкін емес, бұл сөйлемдер тобы, азатжол, тарау немесе тіпті 
бүкіл шығарма (мысалы, əңгіме немесе роман) болуы мүмкін. Тар мəнмəтінді синтаксистік жəне 
лексикалық мəнмəтінге бөлуге болады. Синтаксистік мəнмəтін – қандай да бір сөз, сөз тіркесі 
немесе бағыныңқы сөйлем қолданылатын синтаксистік құрылым болса, лексикалық мəнмəтін осы 
бірлік қоршауында қолданылатын лексикалық бірліктердің, сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің 
жиынтығы болып табылады. 
Жағдаяттық (экстралингвистикалық) мəнмəтін сөйлемде айтылатын жағдай, уақыт жəне 
мекен, сондай-ақ сөйлеушіге (аудармашыға) сөйленімдегі тілдік бірліктер жайлы білімін дұрыс 
жеткізуге көмектесетін ақиқат болмыстағы кез келген факті [1, 105]. Біздіңше, аудармашы бір 
тілден екінші тілге аудару барысында екі тілдегі бірліктердің де аталған мəнмəтін түрлерінде 
жұмсалу ерекшелігін басты назарда ұстауы керек. 
Аудармашының шеберлігі түпнұсқа бірлігіне бірнеше сəйкестікті іздеп тауып, оның ішінен 
мəнмəтінге сəйкес келетін нұсқасын таңдауынан байқалатындығы белгілі. Алайда түпнұсқа тілдегі 
бірліктің бір немесе бірнеше аударма сəйкестігінің болуы осындай сəйкестіктің кез келген 
аудармада міндетті түрде болатындығын білдірмейді. Кейбір жағдайларда тілдік бірліктің 
мəнмəтінде қолданылу шарты аудармашыны жүйелі түрдегі сəйкестікті пайдаланудан бас тартуға 
жəне түпнұсқа тілдегі бірліктің осы мəтіндегі мағынасын барынша дəл беретін нұсқасын табуға 
мəжбүрлейді. Түпнұсқа тілдегі бірлікті осы мəтінге ғана жарамды, жүйелі емес, ерекше аудару 
тəсілі окказионалды сəйкестік немесе мəнмəтіндік ауысым деп аталады [1, 107]. Бұл сəйкестік 
түріне көркем əдеби, публицистикалық шығармалар аудармаларынан көптеп мысалдар келтіруге 
болса да, ісқағаздарында көп кездеспейтіндіктен, оларға тоқталуды жөн санамадық. Осы ретте 
аудармашы кейбір жағдайларда сөздің окказионалды стилистикалық құрылымын ғана емес, осы 
сөзге автор берген образды да өзгертуге мəжбүр болатынын [7, 41] да айта кетуіміз керек. 
Аударылатын тілде жүйелі сəйкестігі болмайтын түпнұсқа тілдегі бірліктер баламасыз деп 
аталады. Баламасыз лексика неологизмдер арасында, ерекше ұғымдарды жəне ұлттық реалийлерді 
атайтын сөздер арасында, танымал емес есімдер мен атаулар арасында кездеседі. Проф. А. 
Алдашеваның пікірін келтірсек: «Сəйкестіктердің болмауы деген терминнің аясына екі тілдегі 
баламасыз лексика (мысалы, Африка елдерінің тілдерінде қар – снег деген сөз жоқ), ұлттық реалий 
атаулары (мысалы, шаңырақ, сəукеле), кісі есімдері енгізіледі» [3, 30]. Мұндай баламасыз 
лексемалармен қатар жекелеген морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар да баламасыз 
болуы мүмкін. Баламасыз бірліктер екі тілдің (түпнұсқа жəне аударма) біреуіне ғана қатысты 
болып, түпнұсқа тілдегі аударма тілге қатысты баламасыз бірліктердің басқа тілдерде жүйелі 
сəйкестігі болуы мүмкін. 
Аударма процесінде аудармашы аталған сəйкестіктер түрін қолдануда немесе баламасыз 
бірліктерді аударуда жəне т.б. да көптеген жағдайларда қателіктер жіберіп жататындығы шындық. 
Осы мəселені зерттеу нысаны еткен В.Н. Комиссаров бастапқы мəтіндегі мағынаны берудегі 

Download 1.99 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling