Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- Тірек сөздер
- Ключевые слова
241 «ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. ӘОЖ 541 ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Совет Е. докторант І.Жансүгіров атындағы Жетсу мемлекеттік университеті Талдықорған қ. E-mail: Erxanat.sovet.86@mail.ru Мақалада детектив жанрының тууы 1841 жылғы Эдгар Поның «Морг көшесіндегі өлім» новелласынан басталмайтындығы, одан да бұрын шығыс әдебиетінде, оның ішінде қазақ ауыз әдебиетінде де детектив жанрының элементтері көптеп кездесетіндігі жазылған . Тірек сөздер: детектив, жанр, құпия, қылмыс. В статье сообщается о появлении жанра детектива ранее, чем появлении новеллы Эдгара По «Убийство на улице Морг» в 1841 году. Элементы детективного жанра встречаются в ранней восточной литературе и в частности, в устной казахской литературе. Ключевые слова: детектив, жанр, тайна, преступность. The article reports on the appearance of the detective genre earlier than the appearance of the novel by Edgar Allan Poe “Murder on Morgue Street” in 1841. Elements of the detective genre are found in early Eastern literature and, in particular, in oral Kazakh literature. Key words: detective, genre, mystery, crime. Қазіргі таңда еуропалық Агата Кристи, Жорж Сименон, Джон Ле Карре, Себастьян Жапризо сынды детектив жанрының майталмандарының туындылары алғаш Англия мен Францияда кеңінен тараған. Алайда детектив жанрының Отаны Еуропада емес, Америка. 1841 жылы америкалық журналдардың бірінде Эдгар Поның «Морг көшесіндегі өлім» атты детектив жанрындағы алғашқы новелла басылып шықты. Бір жылдан кейін «Мари Роженің құпиясы», 1844 жылы «Ұрланған хат» атты үшінші новелласы жарыққа шығады. Эдгар Поның әдебиетке әкелген басты жаңалығы шытырман оқиғалы қылмыстың құпиясын шешетін логикаға негізделген прозалық туынды болды. [1,3] Алайда детективтi 1841 Эдгар Поның «Морг көшесіндегі өлім» новелласымен байланыстырып америкалық, еуропалық әдебиеттiң еншiсiндегi дүние көру қате тұжырым. Егер, тамыры терең шығыс әдебиетiне үңiлсек, детективтiң бастау элементтерi сонау ерте кезден бұл әдебиетте де жетерлiк екендiгiн аңғарар едiк. Қытай және жапон әдебиеттерiнде бұл бағыт орта ғасырларда-ақ жеке жанр ретiнде қалыптасып қойғандығы да нақты факты. Бiр мысал келтiре кетелiк, орта ғасырлық Әбу- л-Фарадж есiмдi қаламгердiң «Ғажайып әңгiмелер» атты жинағында шағын әңгiме бар. Мазмұны төмендегiдей. Энциклопедист ғұлама Әбу әли ибн Сина жергiлiктi әмiршiнiң қуғындауынан бас сауғалап Сирия асады. Дамаск (Дамашық) шаһарының көшелерiн аралап келе жатып, ем-дом жасап отырған бiр дәрiгердi ұшыратып қалады. Әлдебiр келiншектiң тамырын ұстап, дертiн анықтап отырған дәрiгер ара-тұра келiншектi әңгiмеге тартып жатса керек. « – Қожайыныңыз жебірей ме? Келіншек: – Иә, – деп жауап қатады. – Шаһардың түстiк жағындағы маһаллада тұрасыз ғой? – Оныңыз да рас. 242 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling