Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
Key words: cognitive activity, computer technology, computer literacy, information technology
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- «ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж.
Key words: cognitive activity, computer technology, computer literacy, information
technology Қазіргі заманғы ғылыми — техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан — жақты жетілген, ақыл — парасатты, ой — өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр оқытушының шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Олай болса, қызықты сабақтар оқытушының ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс 219 «ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды. Танымдық белсенділік дегеніміз – білімгердің оқуға, білімге деген ынта — ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: оқытушының баяндап тұрған материалын түсіну үшін, білімгердің оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Білімгерлерге қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және олардың бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің шешімі – оқу үрдісінде педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізуде жатыр[1]. Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, білімгерлердің оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттыру педагогика ғылымы мен практиканың жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен іздену негізінде шығармашылық түрдегі іскерлікті қалыптастырады. Қазіргі таңда әр білімгерге компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтан оқыту, электрондық пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, қарастырылып отырған мәселенің шет елдегі жағдаймен танысуға мүмкіндік бар. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп білімгерлердің өз бетімен танымдық іс- әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық- педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады. Оқытудың компьютерлік технологиясы ақпараттық технологияның құрамды бөлігі болып табылады.[2] Білімгерлердің танымдық белсенділігін, ізденпаздығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтылмаған. Сабақ мазмұнын теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Оқытушының әр сабағы оқушы сезіміне, ынта –ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, оқытушының дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Білімгердің пәнге қызығушылығын арттыру үшін – оқытушы өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, білімгерлерге сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру мақсатында күнделікті сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін: - Сабақ мазмұны; - Сабақ өткізу әдістері мен тәсілдерін таңдау; - Білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеу түрлерін белсенді қолдану, өздік бақылау, бірін бірі бағалауды; - Білімгерлермен қатынаста мұғалім өнері /әр түрлі рольде, позицияларды қолдану/; 220 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling