Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet236/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
айтуымыз керек. Ақпараттық мәдениетте эстетикалық мазмұн да бар – информатикадағы 
қысқа, түсінікті, қызықты, тез, әмбебап алгоритмді көре білу, бағалай білу және құра білу, 
қорытындыны (қағаз және экран бетінде) әдемі безендіріп, графикалар және түстерді тиімді 
қолдана білу. 
Ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып өзіндік пән табылады. Ол мәтіндік 
алгоритмнің құрылымданған жазбасы, бағдарламалық өнімге түсініктеме беру, өзі және 
басқалар үшін, барлық құрылған жүйені көрсетіп, өзінің мәліметін ішкі жадқа сақтауды 
ұйымдастыру, ДК мен жұмыс істеу кезіндегі жақсы әдет қалыптастыру болып табылады. 
Енді көріп тұрғанымыздай, практикалық білімнің мақсаты компьютерлік 
сауаттылықты қалыптастыру, жалпы білім және ақылдың дамуының мақсаты компьютерлік 
біліммен байланысты, ал тәрбиелеу мақсаты ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. ДК мен 
жұмыс істеу меңгеру деңгейі, сауаттылық, білімділік және мәдениет арасында бірмәнді 
байланыс жоқ. Мүмкін бағдарлама құра алмайтын қолданушының бәрі білімді, ал қиялшыл 
бағдарламалаушы - өзінің сүйікті Си тілінен басқа ештеңе білмейді деп айтайық. Бұл 
көзқарастан вирус таратушы бәрінен де сауатты, мүмкін тіпті білімді, бірақ әрине онда 
мәдениет жоқ. 
Сонымен қатар, қазіргі таңда елімізде интернет пайдаланушылардың саны жыл 
санап артып келеді. Азаматтарымыз әлемдік үрдістен тыс қалып жатқан жоқ, көш бастап 
отырған барлық әлеуметтік желіге тіркеліп, пайдаланып әр түрлі санаттағы ақпараттарды 
алып жатыр. Ол түсінікті де, өйткені әлеуметтік желі арқылы адамдар өзінің ішкі 
сұранысына қажетті барлық ақпараттарды алып, ақпарат таратып, басқа адамдармен 
танысып, жарнамалар беріп, өз қуанышымен бөлісе алады. Қазіргі кезде әлеуметтік желі 
пайдаланушылар арасында елдің үрейін ұшыратын ақпараттар таратып, әр түрлі заң 
бұзушылыққа жол беретін, тым анайы топтар да құрылып, оны пайдалаушылар да артуда. 
Бұл өз кезегінде әлі ой-қабілеті толығымен қалыптаспаған жастардың дұрыс тәрбие алуына 
кері әсерін туғызатыны белгілі. Жасөспірімдер әлеуметтік желілер арқылы хат, ақпарат 
алмасып ақпараттық ресурс ретінде қабылдап жатыр. Әлеуметтік желі арқылы хат алмаса 
отырып, мәтін енгізу барысында көптеген сөздерді қате жазып және қысқартып жазу әдетке 
айналған. Осының салдарынан жұмыс, сабақ барысында осы қателіктер қайталанады. Бұл 
сауатсыздыққа жетелеудің алдын алу үшін, информатика сабағында тапсырмалар орындау 
барысында сауатты, қатесіз жазу бағалау критерийлеріне қосылып, бағалануы қажет.
Әрбір сабақ - ұстаздың шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты 
білімгердің есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың 
дамыған заманында білімгерлердің білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз 
бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілетін 
дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, компьютерлік сауаттылығы мен мәдениетін, өз 
беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу 
мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі[4]. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. М.Р. Жүнісова, Х.Ж. Әубәкірова, Ә.О. Туғанбаев, Г.Қ. Айтжанова, Г.А. Рахманова 
«Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін 
дамыту». Қарағанды-2008. 
2. А.Әбілқасымова, Р.Омарова. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын 
қалыптастыру негіздері. Алматы., 2010ж. 
3. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004 
4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – // Қазақстан мектебі, № 4, 
2008 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling