Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 - Қолайлы психологиялық климат жасау. Сонымен қатар практикалық нұсқаулар сабақты мазмұны мен түрін түрлендіріп қызықты өткізуге көмектеседі: саяхат сабағы: «Компьютер: өткенде, қазіргіде, болашақта»; іскерлік ойын «Компьютер сатып алу», ізденушілік жоба «Менің қаламның ауа райы» және интеллектуалдық ойындарды «Не, қашан, қайда?», «Жұлдызды сағат» «ХХІ ғасыр алғыры», «Брейн- ринг», т.б[3]. Әрбір білімгер танымдық белсенділігін арттырып, дербес компьютермен жұмыс жасау барысында компьютерлік сауаттылықты естен шығармағаны абзал. Алдымен, әдеттегі сауаттылық пен компьютерлік сауаттылықты салыстырып, ара – жігін ажырататын болсақ, компьютерлік сауаттылықты - ДК көмегімен санау, жазу, оқу, сурет салу, ақпаратты іздеу қабілеттері деп айта аламыз. Жоғары, қалыптасқан сауаттылықтың белгісі бұл - өз бетімен және ДК-ді қолдана отырып тиімді жұмыс істеу. Бұл білімгерлерді оқытудағы ең бірінші сипаттамасы болып табылады. Компьютерлік сауаттылықтың артықшылығы молайып, қолдану аясы кеңейіп, ол жүйелік сауаттылыққа дейін жетті. Басқа да, біршама нақтылы категория - компьютерлік білімділік сияқты оқудың екінші сипаттамасы керек. Информатиканың контекстінен алынған негізгі белгілері білімді адамның қарапайым ойларынан шығады. Оған жататындар: - негізгі, мүмкін компьютерлік емес мамандықпен байланысты компьютерлік әдебиетті жиі оқу; - кең білімділік, көптеген бағдарламалар және компьютерлер арасында бағдарлау, олардың мүмкіндіктерін білу; - нақты жұмысқа қолайлы бағдарламалық жүйені (БЖ) таңдай білу; - нақты бағдарламалық жүйенің сапасына баға беру қабілеті; - өзінің бағдарламалық жүйе кітапханасының бар болуы және оның уақытылы кеңейтілуі; - жақсы көретін және жақсы көрмейтін бағдарламалық жүйесі болуы; - ДК-ді қолданғандағы артықшылықтар мен шектеулерді түсіну. Білімгерлердің сапалы білімнің үшінші сипаттамасы - ақпараттық мәдениет. Ол мүмкін жалпы даму деңгейінің жеке ойлау сипаттамасындағы байланысты қарасытырады. Біз осыдан өте белсенді мәдениет түрін бар болу мүмкіндігін көреміз. Бұл ең әуелі контекстік жалпы адамдық құндылықта компьютерді қолдану әдебі. Адамның қалыпты іс- әрекетін ғасырлар бойы, бақылайтын өсиеттер стилінде де нақты айтуға болады: - Біреудің ақпаратын кездейсоқ немесе әдейі «құртып алма» (осыдан вирустық шығармашылық пен жағымсыздық туындайды); - Біреудің бағдарламасын немесе деректерін «ұрлама», мұндағы мәселе- көшірілген ақпарат иесінен зат ретінде бөлінбейді, ал ақпарат жалпы жағдайда мүлдем тауар болып саналмайды. Мұндағы мәдениеттің минималды талабы - біреудің еңбегінен өзіңе пайда түсірмеу және тегін алынғанда автордың келісімімен тегін тарату керек. Автордың келісімінсіз көшіру және тіпті көшіруден қорғауды бұзу өзінің меншігіне иемдену болып табылады. Қорғауды бұзудың абстрактілігі істің мәнін өзгертпейді. - Компьютерлік фонатизмнен «хакерліктен», бағдарламалар мен тілдерден шектен тыс «тоқтап қалудан» нақты өмірді компьютерлік ортада тарылтуға тырысудан бас тартуды білдіретін «өзіңе табынушыны жаратпа». Дүниетанымның шеңберінде – бұл барлығын біреуден мәңгілікке түсіндіруге тырысудың алдын алу, бұл жағдайда компьютердің метофорасы арқылы түсіндіру болып табылады; - «Жалған куәгер болма» яғни нашар білетін бағдарламалар мен мәліметтерді талқылама; - «Жақыныңды өзіңдей жақсы көр»: достарыңа кеңеспен мысалдармен көмектес, жалпы жадта артық орын алма, көшірмелер мен ескірген файлдарды өшір, жұмыс істеп біткен соң, жадты қалпына келтір. Сонымен қатар, ақпараттық мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылықты қатар |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling