Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Key words: spiritual rebirth, spirit, society, native language


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet241/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Key words: spiritual rebirth, spirit, society, native language  
 
Е.Бекмұхаметовтің «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» түсіндірме сөздігінде 
«Рух» араб тілінде «Жан», «Күш» деген ұғымды білдіретіні, көпше түрі «әруақ» екені 
айтылып, «Рух» - шындықты, ақиқатты танып білуге түрткі болатын (сана, ойлау) 
психологиялық ерекшеліктер, ауыспалы мағынасы күш, қуат, дем» [1,146 б.], - делінсе,
С.Сейітбековтің «Иман негіздері» кітабында да «Рух» - «жан», «күш» деген түсініктерге
келетіні айтылып, Ислами жүйе бойынша «Рух» сөзі көбіне Жәбірейіл періштенің аты 
ретінде, екінші Уақи мағынасында, үшінші жандыларда тіршілік көзі болып табылатын 
күш мағынасында қолданылатыны нақты мысалдар келтіріле отырып түсіндіріледі 
[2,189 б.]. 


226
Materials of the international scientific-practical conference 
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
Яғни «Рух»-ішкі жан-дүниең. «Рухани жаңғыру» - әр адамның өзінің ішкі жан- 
дүниесін түзеуі, Кеңес үкіметі тұсындағы құлдық сана-сезімнен арылып, жаңғыруы, 
жаңаруы, қайта түлеуі, қоршаған ортасында, қоғамда болып жатқан құбылыстарға 
бүгінгі күн биігінен қарап жаңаша көзқарас қалыптастыруы, білім, ғылымды, 
әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді-барлық рухты тәрбиелеу, жаңарту, 
жетілдіру. Сонда адам да, қоғам да, қоғамдық сана да кемелдене түседі.
Қоғам дегеніміз не? «Қоғам - саналы адами тіршіліктің жиынтығы. Ол жүйелі 
өзгерістерге уақытылы әрі оралымды жүгіне алса ғана өмір сүре алады»,-дейді Әбіш 
Кекілбаев [3.50 б.]. 
Қоғам - халықтар қауымдастығы. Олардың арасында әртүрлі ұлт өкілдері ізгі 
ойлысы да, қара ниеттісі де, кертартпасы да, жасқаншағы да, мақтаншағы да... бәрі бар. 
Көп болған соң бәрі кездеседі, ой-мақсаттары да тоғыса бермейді. 
Қоғам - бір шаңырақтың астындағы адамдар. Сол адамдар бір мақсат үшін 
жұмыла еңбек етсе ғана діттеген жерге, жеңіске жетеді. Ол үшін қоғамдық сананы, 
қоғамдық пікірді дамытып, тәрбиелеу, қалыптастыру парыз. 
Қоғамдық сана дегеніміз не? Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына 
айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана 
көптеген адамның ойын, мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін, уағыздайтын 
болу керек. Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Қоғамдық сана қашанда қоғамдық 
болмыстың бейнесі, соның туындысы... Қоғамдық сана әр адамның жеке санасынан гөрі 
жоғары, ауқымды. Мәселен, ғылыми тұжырымдар, нақыл сөздер, толғаулар т.б. Оларды 
кім жасайды? Әрине, жеке адамдар, ғалымдар, ақындар мен ойшылдар [4,131 б.]. 
Солардың арасында дәуір тынысын, заман рухын, қоғамдық-әлеуметтік ойды 
халыққа жеткізуші журналистер де бар. Олар - сол қоғамдық ойды қалыптастырушы. Бұл 
жайында Сәкен Сейфуллин: «Адамзатқа екі түрлі ас керек: біреуі-тәніне, біреуі-рухына. 
Рухыңа керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу»,- деп газет, журнал, кітап оқыған 
кісінің білімі, дүниеге, тұрмысқа көзқарасы бірте-бірте кеңейе беретінін айтады [5,291 
б.]. 
Қазақ: «Рухың мықты болсын, рухты жан» деп жатады. Ішкі жан-дүниең мықты 
болсын дегендері. Ішкі әлемің мықты болса, рухың да мықты! 
Рухтандыратын, яғни рухыңды көтеретін айналаңда болып жатқан ерекше 
жағдайлар, жақсы жаңалықтар, хабарлар, өмір сүріп жатқан ортаңда-қоғамда болып 
жатқан игі істер, ізгілік, ізет. 
«Рухани жаңғыру» - өткенімізді еске түсіріп, ой елегінен өткізу, бүгінімізді 
бүтіндеу. Кешегі саясаттандырылған, бұрмаланған дүниелерге қайта үңіліп, 
жалғандықтардан арылту, өшкенімізді жандырып, өлгендерімізді тірілту. 
«Рухани жаңғыру» - данышпан Абай айтқан «Нұрлы ақылды», Шәкәрім аңсаған 
«Сау ақылды» дамытып: 
Еңбекпенен, өрнекпенен 
Өнер ойға тоқылса, 
Жайнар көңіл, қайнар өмір 
Ар ілімі оқылса,- деп Шәкәрім жырлаған Ар ілімін ардақтау. 
Мақаламыздың басында «Рухани жаңғыру» - әр адамның өзінің ішкі жан-
дүниесін түзеуі» дедік қой. Кей қандасымыз сол кешегі Кеңес Одағының кертартпа 
керенау идеологиясынан әлі де алшақтай алмағанына өкіндік. Оқымайды, ал, не 
істейміз?! Оқымайтын жалғыз ол емес шығар?! Мақаламызды тәптіштей түсіндіре жазып 
отырғанымыз да сондықтан. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Тәуелсіз Қазақстанның 
әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, 
кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлануы керек. Бұл- 
әрбір азамат туған елімнің, туған халқынның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін 


227 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling