Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet52/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Ключевые слова: ценность, ценностная ориентация, аксиология, личность, 
развитие, сознание, чувство, мировозрение, культура, мораль, внутренние ценности 
 
The article discusses the formation of the consciousness of the youth and changing value 
orientations of the personality associated with trends in the new socio-economic development in 
modern Kazakhstan, however, value orientations of young people depending on age have a huge 
impact on the nature of the process of identity formation 
Key words: value, value orientation, axiology, personality, development, consciousness, 
feeling, worldview, culture, morality, internal values 
Қазіргі заман өзінің жаңартпашылдық өзгерістері мен әлеуметтік, экономикалық 
жаһандану жағдайында тұлғаның дамуы мен құндылықтар жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғып 
отыр. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтар мен жастардың өзіндік 
сезімінің қалыптасуы және қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық 
жақтары күннен күнге сапалы өзгерістерге ұшырап отыр. Адамның әлеуметтік ортаға 
қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарды бағалау болып табылады. Құндылықтар 
адамдардың әлеуметтік өзара әрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен 
күресуі және адамның мінез-құлқы мен тұлғаның әлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп 
отырады. Қазіргі қоғамға өзіндік құндылықтық көзқарасы қалыптасқан, тұлғалық 
мәдениеттің жоғары деңгейіне ие жастардың тұрақты қатарының қажеттілігі артуда. 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдеде бекітілген «Бiлiм туралы» Заңында: 


49 
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
«Оқу орындарында белсендi азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, 
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысуы және жеке 
адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру қажет» - деп 
талап қойғанын байқаймыз [1, 322 б]. Бұдан біздер еліміздің мүдірмей алға қарай дамуы 
үшін өмірлік құндылықтары түзу қалыптасқан адамдар тобын құру қажет екенін көреміз.
Құндылық жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз 
екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және 
абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық 
сұраныстарын қамтамасыз ету- қоғамның түпкілікті мақсатына айналып отыр. Адамзат 
жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру 
үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаны жан-жақты дамуына әсер ететін құндылықтық 
көзқарасын арттыруға, ішкі рухани қуатын қалыптастыруға баса назар аударылуда. 
Құндылық бағдар мәселесімен келесі ғылымдар айналысады: аксиологиялық құндылық, 
философиялық құндылық, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет 
антропологиясы, педагогикалық психология. Құндылық бағыттары терминін алғаш рет 
АҚШ-қа қоныс аударған поляк шаруаларының өмірлік көзқарастарын зерттеу үшін XX-
жылдары У Томас қолданған [2, 126 б]. Құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап 
адам санасында үнемі өзгеріске еніп, дамып отырды десек те болады. Себебі құндылық 
адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру 
салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымыдық элемент. Құндылықтың сапасы тұлғаның 
жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, 
мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, құндылық адамның адами 
қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі 
адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен бірігу 
идеясымен ерекшеленеді. 
Ғалым-педагогтар құндылықтың өзгерісін оқушының тәрбие құралын, даму және 
жас ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік 
ерекшелігін де ескерген. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі 
бір эмоцияларды –қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. қамтып дүниетанымдық өзгерісімен 
қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы – қасиеттерге табыну бала кезден, ана 
сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-
ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай өзгеріске ұшырап 
дамып отырды.
Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға 
ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз 
сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне 
бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылып, өзгерістерге 
алып келіп отырған.
Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: философиялық тұрғыдан 
витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, 
жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, шіркеу және т.б.); 
моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттік және т.б.) 
эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, ата 
заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.) Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен 
сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.
Педагогикалық сөздікте: құндылық адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-
қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік 
жүйесі- делінген. Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылық тәрбие арқылы 
жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік құндылықтар адам бойынан бастау алады. 
Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті 
мен сезімі арқылы өлшеніп сараланып отырады.


50
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling