Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet58/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Осылайша, мұғалім отбасымен жұмыс жасауда бір уақытта бірқатар рөлдерді 
орындайды: 
Кеңесші: отбасында ата-аналар мен балалардың өзара әрекеттесуінің 
маңыздылығы мен мүмкіндіктері туралы, баланың даму ерекшеліктері туралы 
әңгімелейді, балаларды тәрбиелеу бойынша педагогикалық кеңес береді. 
Көмекші: Отбасылық құқық туралы, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас 
туралы кеңес береді; нақты отбасына бағытталған оқытудың қолданыстағы әдістері 
туралы хабардар етеді; ата-аналарға отбасындағы баланы қалыпты дамыту мен қолдау 
үшін қажетті жағдайларды жасау туралы түсіндіреді. 
Қорғаушы: ата-анасы ішімдікке, нашақорлыққа құмар болған кезде, балаларына 
қатыгездік көрсеткен жағдайда және осындайдан туындайтын ата-аналардың балаларына 
қарым-қатынастың жоқтығы, көңіл бөлмеуі сияқты проблемалар кезінде баланың 
құқықтарын қорғайды. 
Түрлі зерттеулер көрсеткендей, қазіргі жас ата-аналардың бәрі бірдей балаларын 
тәрбиелеу әдістерін меңгерген емес. Бұл құбылыстың себептерінің ішінен А.П.Ситник 
келесілерді белгілейді:
• отбасындағы бала санының аздығы өз іні-қарындастарын күту мен тәрбиелеуде 
тәжірибелік дағдыларды меңгермеуіне әкеледі, отбасылық қатынастар тәжірибесі 
болмайды; 
• үлкендерден бөлек тұру жас отбасыларға балаларын тәрбиелеуде үлкендерінің 
даналығын пайдалануға мүмкіндік бермейді;
• баланы кішкентай кезінде тәрбиелеу керектігін айтатын халықтық педагогиканың 
дәстүрлері толығымен жоғалып кетті,; 
• Егер бұрын адамдар бір-бірін жақсы танитын ауыл жағдайында ата-аналары 
тәрбиесіз балаларынан ұялса, ал балалар тәртіпсіз қылық жасауға ұялатын болса, онда 
қазіргі қала жағдайында балалар мен ересек тұрғындар арасындағы қарым-қатынас 
дербестігі күшейе түсті;
• Туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, отбасылардың 
материалдық қамтамасыздандырылмауы ішкіотбасылық эмоционалды көңіл-күй деңгейін 
төмендетеді, отбасындағы жанжалды күшейтеді, отбасылық қатынастар мен тәрбиені 
нашарлатады.
• Ата-аналар саяси немесе көркемдік сипаттағы бағдарламаларды (түрлі 
телехикаялар түрінде) көруге тәуелді болған кезде, балалармен қарым-қатынас жасауға, 
оларды тәрбиелеуге уақыттың жетіспеушілігі. 
Қалай болғанда да, педагогикалық күш-жігерді біріктіре отырып, мұғалімдер мен 
ата-аналар бірлесіп шешуі қажет келесі шарттарды сақтау керек. 
Өзінің сәтсіздігі үшін кінә сезімін жою. Мұғалімдердің пікірінше, ата-аналар 
әрқашан оларды қолдауға, олардың кеңестерін тыңдауға және қажет болған жағдайда 
өздерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерін қайта қарауға дайын болуы керек. Дәл осындай 
көзқарас үнемі көңіл қалудың қайнар көзі болады. Біз, мұғалімдер, көбінесе өзімізді бәрін 
білетін ересек адам ретінде санаймыз, сондықтан бізге ата-аналардың жағдайын түсіну 
қиын болады. Нәтижесінде, біз оларға түсіністікпен қарамаймыз, тек айыптаймыз. Әрине, 
содан кейін біз олардың қарсыласуына кездесеміз. 
Мұндай қарым-қатынаспен кінәлілік пен қорқыныш сезімдерін ұялата отырып, біз 
өз әрекеттерімізді қайта қарау мүмкіндігін толығымен жоққа шығарамыз. Мұғалім 
сыныптағы баланың үйдегіге қарағанда «тәртіпті» екенін айтқан кезде, ата-аналар 
өздерінің әлсіздігін сезінеді («ата-ананың жалғыз баламен жасай алмайтынын мұғалім 30 
баламен жасайтыны») немесе, керісінше, бала мүлдем бағынбайды «оны үйде нашар 
тәрбиеледі»).
Ата-аналар өзін бұзық балалар сияқты сезінеді. Сонымен бірге, ересек адам мен 
жетілмеген баладай сезіну ішкі жанжал туғызады, бұл ата-аналардың білім беру 


56
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling