Өнертану факультеті педагогика және психология кафедрасы
Download 148 Kb.
|
Курс жұмысы 2
- Bu sahifa navigatsiya:
- Ғылыми болжам
Тақырыптың өзектілігі:
Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзиёев «Заманауи мектепке дейінгі тәрбиенің дені сау және жетілген ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор» деп атап көрсетеді.Республика Президентiнiң 2017 жылғы 30 қыркүйектегi ПҚ-3305-санды «Өзбекстан Республикасы Мектепке дейiнгi бiлiм министрлiгiн ұйымдастыру туралы» және 2016 жылғы 29 желтоқсандағы ПҚ-2707 -санды қаулысына сәйкес "2017-2021 жылдарда «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулысына сәйкес Уәзірлер Мекемесінің 2017-жыл 21-қазандағы «Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі білім беру уәзірлігі жарғысы мектепке дейінгі тәлімге балаларды білім алуға сапалы дайындау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының техникалық базасын нығайту , мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік және үкіметтік емес желісін кеңейту, сол арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру және алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені салаға енгізуге мүмкіндік береді",-деп көрсетілген. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы оқушылар арасындағы қарым- қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды. Кіші мектеп жасындағы оқушылар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады. Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қоюға арқылы мектеп тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды. Қазіргі кезде мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді.Туындаған мәселені шешу мектеп психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.Кіші мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген. Сондықтан мектеп сыныптарында туындайтын қарым-қатынас жасауда қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу - қазіргі мектеп алдында, қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі. Зерттеу мақсаты: Кіші мектеп жасындағы балалардың топтан изоляциялану себептерін зерттеу арқылы оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау. Ғылыми болжам: Кіші мектеп жасындағы балалардың сыныптан оқшаулануы сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын өткізу ерекшелігіне байланысты туындайды. Download 148 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling