Өнертану факультеті педагогика және психология кафедрасы
Download 148 Kb.
|
Курс жұмысы 2
- Bu sahifa navigatsiya:
- Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Сонымен, қарым-қатынасты коммуникативті іс- әрекет ретінде қарастыру қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің басқа түрлері мен сәйкестендіріп осы жүйеде қарым-қатынас орнын түсіну және индивидтің жалпы өмірлік іс-әрекеті мен қарым-қатынастың байланысын анықтау. Қарым-қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс-әрекет пен қылығымыздың себеп болса, басқа адамдармен қатынасымыздың мақсаты мен мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор біз үшін ерекше мазмұнға ие болады және тұлғалық құндылықтардың мазмұны оны аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді. Дегенмен, қарым-қатынас біз үшін басқа адамдарды түсіну мен тану көзі ретінде құнды. Қарым-қатынас адамның бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс-әрекетінің нәтижесі. Бұл пәндік іс-әрекетке де жатады, яғни әсерлі жағдайды туғызатыны жайлы,қозғаушы қарым-қатынас. Толыққанды қарым-қатынас жан-дүниені көтереді, адамның психологиялық -жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады және керісінше қарым-қатынастың жетпеуі, оған деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы психологиялық өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да ,адамдағы көптеген рухани, психикалық немесе әлеуметтік аномалиялар - толыққанды қарым-қатынастың жетпеуінен деп толық айтуға болады. Қарым-қатынас балалар арасында тұлға аралық және іскерлік қатынастар, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың жүйесін құрайды. Қарым-қатынас балалардың бір-біріне қарым-катынас жасау құралы мен механизмі туралы мәселеде маңызды роль атқарады. Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс- әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды. Әрбір коғамнын дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Қарым-қатынаста адамдардың өзара бағыттылық әрекетінен басқа маңызды сипаты ретінде онын мүшелерінің белсенділігі қарастырылады, яғни олардын әркайссы субъект ретінде көрінеді. Белсенділіктің көрінуі адамнын өз партнерына қарым-қатынас барысында бастамашылдықпен әсер етуінен көрініп партнер оның әсерін қабылдайды және оған жауап береді. Екі адам қарым-қатынасқа түскенде олар кезектікпен әрекеттеседі және бір бірінің әсерін қабылдайды. Сондықтан біз бір жақты белсенділікті жағдайдаларды қарым-қатынасқа жатқызбаймыз. Пайдаланылған әдебиеттер Download 148 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling