Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігі


Download 481.14 Kb.
Pdf ko'rish
bet5/12
Sana03.02.2023
Hajmi481.14 Kb.
#1149895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Bog'liq
3 Ана тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, дарыта оқыту

ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:

— оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;

— оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін 
тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;

— білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

— оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

— оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

— оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Дамыта оқыту - деген термин психологияғылымының қойнауында 
туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейінің 
типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да 
психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. 
Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс –әрекет теориясының 
психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-
жақты талданды.
Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент 
жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков 
басқарды.



Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің 
салыстырмалы сипаттамасы 
Педагогикалық 
процесінің 
компоненттері 
Мазмұнындағы 
басылымдық 
дәстүрлі 
иллюстрациялық 
түсіндірме әдісі 
Дамыта оқыту 
Мақсат
Оқушыларда білім білік 
дағды қалыптастыру 
Байқампаздығын, 
ойлауын, 
практикалық 
әрекетін дамыту. 
Бастапқы мазмұн 
Факторлар, мысалдар, 
тақырыптар, дәлелдер 
Заңдылықтарды, 
теорияларды,ұғымдарды, 
ережелерді қорыту. 
Оқытудың формалары 
Жеке, 
топтық, 
фронтальды 
Бірлесккен ұжымдық іс-
әрекет 
Оқыту әдістері 
Ауызша 
түсіндіру, 
көрнекілік, практикалық 
Проблемалық баяндау, 
ізденушілік, 
зерттеушілік, ойлау 
Бақылау, бағалау 
Оқытудың 
нәтижесін 
мұғалімнің бақылауы, 
бағалауы 
Өзін-өзі бақылау, өзін-
өзі бағалау,рефлексия 
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) 
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық 
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажеттіақыл, сана бар деп 
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта 
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге 
көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, 
есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді 
байдалана білуге үйретеді.


10 
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты 
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амал - 
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға 
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, 
білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас 
бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы; 
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы;
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған 
жүйенің негігі компоненттері.
Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі 
берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге 
асырылады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам 
рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей 
білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, 
жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. 
Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге 
талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы 
зор.
Біріншіден- дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған 
оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс 
кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз 
беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз 
білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген 
қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді 
шеше отырып, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушы өзінің 
деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) 


11 
ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, 
құштарлығын арттырады.
Үшіншіден –оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің 
әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс 
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын 
қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен 
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін 
береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, 
оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, 
дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын 
құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. 
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, 
шығармашылық белсенділігі артады;
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне 
деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:
 Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісті алмастырады. Бұл 
әдіс тұлға дамуымен тығыз байланысты.
 Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік 
деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.
 Бала іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
 Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі 
беріледі.


12 
 Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
 Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың 
мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын 
іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушылармен кеңеседі.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.
 Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. 
Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді 
қолдану.
 Келесі сабақтың моделін жоспарлау.
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этабында оқушының 
негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-
тәсілдерін таңдау.
 Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-
қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
 Рефлексия.
Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер 
еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған 
тән сипаттар:
- Оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек; 
- Іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет 
жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу 
міндеттерін қою; 
- Осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әрекетін ұйымдастыру, мұнда 
үлгі көрсетілмейді, сондықтанмұғалім оқушылардыіздену іс-әрекетіне 
тартуы қажет, ол үшін шарттарды орындауы керек. 
1. Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде 
қатынасушы болуы керек. 


13 
2. Ол оқушылар жүргізіп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру 
керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек. 
3. Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің 
бағасын ұйымдастырып, оның басқа міндеттерді шешу үшін 
қаншалықты пайдалануға болатынын түсіндіреді. 
Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:
-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, 
жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, 
оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде 
қолдануды үйрету.

Download 481.14 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling