Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігі


«Дамыта оқыту технологиясы» бойынша бастауыш сынып


Download 481.14 Kb.
Pdf ko'rish
bet6/12
Sana03.02.2023
Hajmi481.14 Kb.
#1149895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Bog'liq
3 Ана тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, дарыта оқыту

3.«Дамыта оқыту технологиясы» бойынша бастауыш сынып 
оқушыларының жазба тілін дамытуға арналған жаттығулар 
 
Қазақ тілін оқушыларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін 
жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Себебі, оқушылардың берілген 
білімді саналы түрде ұғынуын, өмірге деген өзіндік көзқарасының дамуы, 
басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне 
байланысты. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін 
оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу 
мәдениетін де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу 
мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай 
таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында 
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман 
болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, 
кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына 
игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына 
көмектеседі. 
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді 
өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу 


14 
барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын 
көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда 
сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлау 
қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу. 
Мәселен оқушылардың білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуде, алған 
білімдеріндегі 
кейбір 
олқылықтарды 
толықтырып, 
бұрын 
өткен 
материалдарды бір жүйеге түсіру үшін диктанттарды пайдалану өте 
тиімді.Бастауыш сыныпта жазу жұмысында оқушылар көптеген қателер 
жібереді. Олардың көбі мәтіндегі жаңа ой басталатын жерде азат жолдан 
бастап жазуды білмейді. «Бас әріп, кіші әріп» түрі мен тұлғаларын сақтап 
жаза алмауынан, әріптің баспа түрі мен жазба түрін айқын білмеуінен 
болады. Әріптерді дыбыстағанда, оны дұрыс айтып үйренбейді. Септік 
жалғауын дұрыс меңгермеген оқушылар қосарланып жазылатын дауыссыз 
дыбыстардың біреуін ғана жазады. Сөздерді буынға дұрыс бөле 
алмағандықтан кейбір оқушылар тасымалдан қате жібереді. Сонымен бірге 
басқа тілден енген термин сөздерді де жазуда жиі қателеседі. Айта берсек өте 
көп, осы айтылған қателерді жібермей сауатты жазу үшін, қандай жұмыстар 
жүргізген жөн. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба 
жұмыстардың, әсіресе диктанттың маңызы зор. Тек диктант түрлері 
грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергенін және нелерді 
шала білетінін байқатады. Сондықтан диктант қай сыныпта болмасын
неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты соғұрлым табысты болмақ. 
Диктанттар мына түрде болады: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, 
шығармашылық, көру, өздік, суретті, терме, графикалық, есту, бақылау 
диктанттары.Мақсатына қарай оларды өткізудің де тәсілдері түрлі-түрлі. 
Оқушыны қатесіз жазуға үйрету үшін мұғалім олардың жіберген қателерін 
дер кезінде көріп, онымен нақты, тиянақты жұмыс істеуі тиіс. Дұрыс сауатты 
жазуға төселдіру үлкен шеберлікті қажет етеді. Оқушыларды сауатты жазуға 
«Әліппені» оқытудың алғашқы кездерінен үйрету керек, ол үшін графикалық 
диктант жүргізген жөн. Мақсатына қарай оларды өткізудің тәсілдері әр 


15 
түрлі. Графикалық диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба 
арқылы көрсету, керісінше берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты 
түрлі нұсқада жүргізуге болады. Сонымен, графикалық диктант уақытты аз 
алады, ауызша практикалық жолмен көп ережені түсіндіруге мүмкіндік 
береді. 

Download 481.14 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling