Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігі
Download 481.14 Kb. Pdf ko'rish
|
3 Ана тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, дарыта оқыту
Көру диктанты немесе есте сақтау диктанты. Мұғалімдер тәжірибесінде өте
пайдалы диктантқа үйрететін жұмыстардың ең бастысы болып есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын жеке сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады. Диктант мәтіндері үзілісте тақтаға немесе үлкен қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-үш рет оқып шығуына көріп жадында сақталуына 1-2 минут уақыт беріледі. Сондан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан мәтінді есіне түсіріп, дәптерге жазады. Бақылау диктанты. Бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенінің анықтау 18 мақсатымен жүргізіледі. Бұл диктант белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін өткізіледі. Ол төмендегіше жүргізіледі: - диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. - Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзілісте тақтаға жазып қояды. - Диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алуын ескертеді. - Егер диктант мәтіні жеке сөздермен сөз тіркестерінен немесе байланысты сөздерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім 3 рет қана қайталап оқиды. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отырғанын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен келесі сөйлемді оқиды. - Оқушылар түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді. Диктант жұмыстарының барлық түрін магнитофон арқылы да жүргізуге болады. Магнитофон арқылы жүргізілген диктантта оқушылардың зейіні еститін сөзге ғана аударылады. Қазақ тілі нәтижелі өту үшін оның әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың жазбаша тілін дамытуда, сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыруда алуан түрлі жазба жұмыстары әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу үлкен жауапкершілікті, көп ізденуді, шеберлікті талап етеді. 19 Бірінші сыныпта мазмұндама мен шығарма жазуға төселдірудің үлкен мәні бар. Әдетте ата-аналар мен үлкендер арасында бірінші сыныпта мазмұндама шығарма жазудың мәніне түсінбеушілік те кездеседі. Байланыстырып жазу жұмысы кіші жастағы дидактикалық түсініктілік принципіне негізделіп жүргізіледі. «Баланы – жастан» деген халық педагогикасында баланы жас кезінен бастап әдептілікке тәрбиелеуді мақұлдайды. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде жас ұрпақты шығармашылық жазба жұмыстарға үйретудің аса жеңіл де тиімді әдістемелері аз емес. Шығарма жазуға дайындық жұмыстарын бірінші сынып оқушылары оқу жылының екінші жарты жылында бастайды. Оқушылар шығарма жазғанға дейін мына дағдыларды игеруге тиіс: Мысалы, бірінші сыныпта берілген суреттердің мазмұнына қарай жүйелі ойды білдіретін сөйлемде шағын шығарма әңгіме құрап айтуға және жазуға жаттықтыру. Оқушылар сурет мазмұнына байланысты сөйлемдер құрайды, шағын әңгіме жазып шығады. «Біздің сынып» тақырыбына шығарма жаздыру, мұнда ешқандай сурет қолданылмайды. Бірақ ауызша әңгіме өткізіледі. Сұрақ-жауап арқылы сынып ішіндегі заттардың атын сұраймын. 20 Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай болу керек. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесі еппен түзетіліп отырады. Оқушыға кішкентай бала деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына зор әсер етеді. Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығуларды кешенді орындауы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды. Дамытатын танымдық жаттығулардың мақсаты: мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру, және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу, өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру өзінің дәлелдеген шешімін үйрету болып табылады.Грамматикалық алғашқы мағлұматтардың мазмұны ашылып, дамытуы жағы қарастырылады. Сонымен қатар оқушының оқып отырған пәнге қызығушылығын арттырып сабақты танымдық жаттығулар арқылы игеру мақсаты көзделеді.Жаттығуларды орындау барысында балалардың сөздік-мағыналық ойлаудағы бір сөйлемге шоғарландыра отырып ойлауына мүмкіндік жасайды. «Сөйлем» тақырыбында өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлем ойла, тез ойла» әдістемелік жаттығуды пайдалану тиімді. Бір-біріне ешқандай қатысы жоқ кез-келген үш сөз беріледі. Оқушылар берілген уақыттың ішінде осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраулары қажет. Мысалы: 21 - Аю, өзен, қарындаш - Аю қарындашты өзенге ағызды - Бала қарындашпен өзенге шомылып жатқан аюдың суретін салды. - Аю қарындашпен өзеннің суретін салды. Мұндай танымдық жаттығулардың негізінде мұғалімдердің сабақ өтудегі әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, іскерліктерін шыңдау және оқушыларға жаңа берілетін білімді саналы да терең беруде көмек көрсетуге бағытталады. Бастауыш сынып оқушысының айтылған оқиғалардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін болғандығын және оқиғалардың себептерін, нәтижелерін қорытындылап айту үшін мәтіннің басы, негізгі бөлігі, соңы деген бөлімдерін және әңгімелеу, сипаттау, пайымдау сияқты бөліктерге бөлінетінін түсіндіру үшін арнайы танымдық жаттығу әдістемелерін қолдандым. «Әңгімеге ат қой» әдістемелік жаттығуында бір оқушы тақтаға қарап тұрады келесі оқушы мәтінді оқиды. Топқа теріс қарап тұрған оқушы әңгімені мұқият тыңдайды, оған ат қояды, сонымен қатар әңгіме екінші рет қайтадан оқылады. Мұнда бала әңгіменің басым, негізгі бөлімін, соңын өзінің есінде қалғаны бойынша анықтап көрсетіп әңгімелеп береді.[10] Жоғарыда келтірілген танымдық жаттығуларды орындау барысы ойын түрінде өткізіледі. Ол баладан сабақты дұрыс қорытындылап айту барысындағы сезімін сейілтеді. Сөйтіп балаға эмоционалды орта жағдайын тудыру арқылы оның өзін де бар мүмкіншіліктерін ашуға көмектесеміз. Ортаға шығарылған оқушының балаларға теріс қарап тұрып оның сөздік мағыналы ойлауының жүйелі болуына, жаңа сабақта айтылған мәтіннің бөлімдерін еске түсіруіне және де зейін тұрақтылығын дамыту арқылы берілген тапсырма шешімін дұрыс орындауына жағдай жасалады. Қазақ психологы М.Мұқановтың пайымдауынша баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынандай екі түрлі түрткіден құралады бірінші – сыртқы түрткіден, бұл жағдайда бала өзгелерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсінуі керек. 22 Екіншіден, оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз – баланың өзінің ықыласы мен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан білуге болады. Оқыту процесі барысында арнайы дамытушы жаттығулардың құрылуы танымдық іс-әрекеттің дамуына және мектептегі оқыту үрдісіне төменгі сынып оқушыларын дағдыландыру болып табылады. Танымды жаттығулардың барысы мынандай өлшемдермен анықталады: - интеллектуалдық деңгейі; - оқу ісі әрекеті субъектісінің қалыптасуының мазмұны; - іс-әрекетінің еркінділік деңгейі; - эммоционалдық орталық; - жеке-әлеуметтік даму деңгейі; Дамытатын танымдық жаттығуларға психологиялық талдау көрсеткіші арқылы ішкі теориялық іс-әрекет қатарының жалпы күші сыртқы практикалық іс-әрекетінің жеке құрылымдық элементері арқылы бір-біріне әсер етіп отыратындығы дәлелденді. Сонымен өнімді оқыту әдістемесінің негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту және оны ұйымдастырудың тиімді жолын табу мәселесі жатыр. Л.С.Выготский ойлауды белсендетуді «ойлауды ойлау ойламайды, адам ойлайды» мұндай екпінді бәрінен бұрын жеке оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендете түсу қажеттігі аңғарылады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына дамытушы ойындар арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыруда олардың психикалық қабілеттерін ескере отырып тапсырмаларды жеңілдете беру керек. Сонда ғана оқушылардың бойында білімді сіңіруге деген түрткі қалыптсады. Осындай түрткілердің қалыптасуы балалардың сабақты қызыға тыңдауын тапсырмаларды құлшына орындауын туғызады. Тапсырмаларда берілген сөздердің мағыналарымен білдіретін ұғымы бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. А.А.Любленская, А.Н.Гвоздьев, К.Молдабек 1-сыныпқа барған оқушылар 3000-4000 сөз аралығында сөз біледі дейді, бірақ ол сөздердің барлығының мағыналарын 23 оқушылар біле бермейді (М.Ермекбаев) сондықтан берілетін тапсырмалардағы сөздер оқулықтардағы сирек қолданылған сөздерді қамти берілуі тиіс. Бұның балалардың сөздік қорын молайтуға септігін тигізері даусыз. Сонымен «Қазақ тілі» сабағында дамытушы ойындарға қолданылатын сөздер әрі таныс, әрі түсінікті, әрі мағыналы болу керек. Бастауыш сыныптарда дамытушы ойындарға берілетін тапсырмаларды жинақтағанда олардың оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруға негізделуін ескерген жөн.[6] Дамытушы ойындарды оқушылар орындаған кезде олардың ойлау процесі аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан іске асады. Баланың қабылдаған білімі «ішке» қарай өтіп, оны практиалық тұрғыдан басқа жағдайда сыртқа шығара алады. Мысалы: «Ғасыр» сөзін басқа сөзге айналдыру қажет деген тапсырма берілген. Анаграмма ойынында баланың ойлау процесі мынадай операцияларды өткізеді: -«Ғасыр» сөзіноқыптаниды. - «Ғасыр» сөзінің мағынасын еске түсіреді - «Ғасыр» сөзіндегі қандай дыбыстарды орын ауыстыру арқылы басқа сөзді туғызуға болатындығын анықтайды. Бұл операцияны орындаған кезде балалардың санасында дыбыстарға қатысты ережелер еске түсіріледі.Осындай операцияларды орындау барысында оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттері нығаяды, жетіледі. Дамытушы ойындар балаларды ойландырады, сол арқылы ойлау қабілетін дамытады. Бастауыш сыныптарда дамытушы ойындарды іріктеу барысында, тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге негізделген болуы керек. Ойын баланы ойландыруға, өтілген материалда игерген білімін практикалық тұрғыдан қолданылуына ықпал етуге тиіс. Дамытушы ойындар оқушылардың өзі орындайтын жаттығуларға жатады. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында проблемалық ситуацияға кезігеді. Осы проблемалық ситуацияны дұрыс шешу үшін балалар ойлау операцияларын орындайды. Сөйтіп оқушылар проблемалық ситуацияларды орындау 24 барысында ойланады. Проблемалық ситуация балаларды ойландыруға түрткі болады.Тапсырмаларды оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру тұрғысынан іріктеу қажет. Баланың белсенділігі сабақта білімді игеруге, білімді сыртқа шығаруына негіз болады. Дамытушы ойындар балаларда күнделікті сабақта ерекше басқа жағдайда өтетіндіктен, балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятады, әрі жалықтырмайды. Мұндай сабақтарда ойын түрінде игерілген білімдерінің бала бойында 75 пайызына дейін қалатындығы айтылып тұр. Сондықтан дамытушы ойындар қолданылып өтілген сабақтарда балалардың оқу белсенділігі артып, білімді игеруі жылдамдатылады. Оқушыларға тіл дамыту жаттығулары жүргізіледі. Онда әр оқушыға жаңылтпаш берілген, жаңылтпашты жаттай отырып әріптерін бояйды. Мысалы: Іннен шықты сұр кірпі, Көрді оны қу түлкі; Теңізде таудай кит, Қорада қабаған ит. Үлп-үлп еткен киімді, Көрдіңдер ме тиінді. Download 481.14 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling