Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Экологиялық тәрбие берудің формалары мен методтары


Download 1.31 Mb.
bet104/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.12.3. Экологиялық тәрбие берудің формалары мен методтары.
Экологиялық тәрбие, ең алдымен, экологиялық білім беру процесінде амалға асырылады.
Экологиялық білім – табиғат пен пен қоршаған орта туралы теориялық және практикалық білімдерге ие болу.
Экологиялық білім география, биология, химия, еңбек, физика, әдебиет сияқты пәндерді оқыту арқылы бepiледі. Бұл пәндерді үйрену арқылы оқу-шылар өсімдіктер, жануарлар, қоршаған орта туралы мағлұмат алады. Эко-логиялық тепе-теңдікті сақтау не үшін қажет екенін білуі, табиғаттағы өзара байланыстылықты үйренуі олардың табиғат туралы көзқарастарын қалыптас-тырады.
Оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруда табиғатты қорғау-ға арналған қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Мысалы, 5-7 класс оқу-шылармен «Құстар күнін», «Табиғатқа саяхат», «Орман күнін» өткізу. Жоға-ры класс оқушыларын көгалдандыру жұмысына қатыстыру, экологиялық экс-курсиялар ұйымдастыру, «Қызыл кітап»қа енген өсiмдiктер, жануарлар, аң-дар туралы мәлімет жинап, оларды қорғау, айналаны таза ұстауға дағдылан-дыру.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде ақпарат құралдарының да орны маңызды. Балалар әдебиетінде, газет-журналдарда табиғатты қорғау, әлемде-гі экологиялық проблемалар туралы материалдар жарық көреді. Радио-теле-видение табиғатты қорғау бойынша танымдық хабарлар береді. Бұлар, әрине, оқушыларды табиғатты аялауға үндейді.
Экологиялық тақырыпқа байланысты тәрбиелік сабақтар өткізу, онда «Құран» және хадистерден, мақал-мәтелдерден пайдалану, кластарын таза ұстау бойынша жарыстар өткізу т.б. оқушылардың бойында экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі.


Бақылау сұрақтары:
1. Экология деген не?
2. Экологиялық апат дегеніміз не?
3. Экологиялық тәрбиенің мәнін түсіндip.
4. Оқушыларға экологиялық тәрбие және білім берудің мақсаттары жай-лы пікіріңіз.
5. Мектептегі экологиялық тәрбиенің негізгі міндеттері.
6. Экологиялық тәрбие беру жолдары.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling