3.12.2. Экологиялық тәрбиенің мәні, мақсаты, міндеттері.
Экологиялық проблемалар адамзат қызметінің нәтижесінде пайда бол-ғандықтан, бұл проблемаларды шешу педагогика ғылымының да міндетіне кіреді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың табиғат байлықтарын – су ресурстары және өсімдіктep мен жануарлар дүниесін қорғауын; олардан ғылыми негізде пайдалануын; табиғат байлықтарының көбейуіне үлес қосуын; айналаны таза ұстауын қамтамасыз ету экологиялық проблемаларды шешуде маңызды қа-дам болып саналады.
Демек, табиғаттың сиын кейiнгі ұрпаққа қалдыру үшін оқушылардың бойында экологиялық сананы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет.
Экологиялық сана – экологиялық білімдерді, эстетикалық сезім мен экологиялық жауапкершілікті өз ішінде қамтиды. Экологиялық сана адамда табиғатқа сақтықпен қатынаста болу сезімін оятады.
Экологиялық мәдениет – бұл табиғатты қорғау, табиғат байлықтарын орынды пайдалану, экологиялық сана-сезімнің қалыптасуы, экологиялық бі-лімге ие болу .
Ғылыми дүниетанымның құрамдас бөлігі болған экологиялық сана мән мәдениет оқушыларда мектепте берілетін экологиялық тәрбие процесінде қа-лыптасады. Экологиялық тәрбие қоғамдық тәрбиенің ажыралмас бөлімдері-нің бiрi болып, ол адамның қоршаған ортаға қатынасын тәрбиелейді.
Мектепте экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларда табиғат туралы тура көзқарасын қалыптастыру, табиғатқа саналы және тәртіптi қаты-наста болуды тәрбиелеу, оларды табиғат байлықтарынан тиiмдi де ұтымды пайдалануға үйрету және келешек ұрпақ үшін өмір сүруге ыңғайлы жағдайды қалдыру рухында тәрбиелеу болып табылады.
Экологиялық тәрбиенің міндеттері мыналар:
1. Табиғат – адам өмір сүретін орта және эстетикалық құндылық екенін оқушыларға саналы түрде ұғындыру.
2. Оқушыларда оқу процесінде алған экологиялық білімдерін табиғатты қорғауға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға пайдалану пікірін қалыптас-тыру.
3. Оқушылардың табиғатпен адамилық және эстетикалық қатынаста бо-луын тәрбиелеу.
4. Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру.
Do'stlaringiz bilan baham: |