Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet102/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.12. Экологиялық тәрбие.
3.12.1. Экология туралы түсінік.
Адамның табиғатқа қатынасында терең гуманистiк мән жатыр. Себебі ол табиғаттың бір бөлігі. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Табиғаттағы тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым экология деп аталады. Экология сөзі гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген сөздерiнен алынған болып, бұл термин-дi бiрiншi рет 18бб жылы немiс ғалымы Эрнест Геккель пайдаланған.
Техника ғасыры деп аталатын XX ғасырда табиғат көп зардап шекті. Адамзат ақыл-ойының тамаша жетістігі болған техника бір жағынан адам-дардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетсе, екінші жағынан олар жасайтын ортаға теріс ықпал етуде. Техникамен байланысты болған өндірістің зиянды қалдық-тары табиғаттағы тіршілікті әлсіретіп барады.
Соңғы 30-40 жыл көлемінде адамдар өз қажеттіліктеріне жарату үшін та-биғат байлықтарын шектен тыс пайдаланды. Бұл табиғи ресурстардың жойы-лып кетуіне, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқтыруда.
Планетамызда адамдар санының тез өсуі де экологиялық қиындықтарға әкелді. Олардың жақсы өмір сүру үшін табиғат байлықтарын керегінен ар-тық пайдалануы, қолайлы жерлерге қоныс аударып, үй-жай салуы, өндіріс орындарын ашуы – табиғаттағы ара қатынастың бұзылуына себепші болуда.
Жауыз ниетті кейбір адамдардың ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулармен соғыс ашуы тек адамдарды, мемлекетерді емес табиғатты да қы-рып-жоюда.
Міне, осылардың салдарынан XXI ғасыр экологиялық апаттармен бас-талды. Экологиялық жағдайдың бұзылуы, табиғат апаттары енді адамның өзіне қауіп төндіріп отыр.
Табиғат және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ, экологиялық пробле-малардың әлеуметтік қауіпі туралы Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.Каримов былай деген еді: “Экологиялық қауіпсіздік проблемалары әл-деқашан ұлттық және аймақтық шеңберден шығып, бүкіл адамзаттың ортақ проблемасына айналған. Экология – қазіргі заманның кең көлемдегі ең көкей-тесті әлеуметтік проблемаларынан бірі. Оны шешу барлық халықтардың мүд-десіне сай болып, цивилизацияның бүгіні мен ертеңі міне осы прблеманың шешілуіне байланысты.”1



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling