Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
3.10.2.Эстетикал6ық тәрбиенің құралдары.
Эстетикалық тәрбие беруде эстетикалық тәрбие құралдары үлкен мәнге ие. Эстетикалық тәрбие құралдарына табиғат, көркемөнер түрлері кіреді. Табиғат – сұлулықтың қайнар көзі. Ол эстетикалық сезім, бақылампаз-дық және қиялдың дамуына мол материал береді. Табиғатқа эстетикалық қа-тынаста болу арқылы баланың адамгершілік мінез-құлқы да дамиды.Табиғат туралы ақын-жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің шығармала- рын оқып үйрену оқушының эстетикалық мәдениетін қалыптастырады. Көркемөнер – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарынан бірі. Көркем-өнердің түрлері: әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, театр, кино. Бұл өнер түр-лерінің әрқайсысы баланың сана-сезіміне ерекше әсер етеді. Мысалы, бала- лар өте жас кезінен халық ертегілерімен, өлеңдерімен танысып, әдемілікке талпына бастайды. Мектепте өтілетін әдебиет сабақтарында, өз беттерінше әдеби шығармалар оқу барысында қуану мен қорқу, мақтаныш пен жек көру сияқты сезімдері күшейеді. Бұл олардың эстетикалық талғамын биіктетеді. Оқушының сезімдеріне музыканың, ән-бидің әсері өте күшті. Баланың келешектегі әлеуметтік беделін қалыптастыруда да музыка белді орында бо-лады. Мысалы, патриоттық, лирикалық, ұлттық нақыштағы әндерді есітіп өс-кен ұрпақ ұлтжанды болып келеді. Бейнелеу өнері оқушыларға образдарды көре білуге үйретеді. Театр, кино өнері оқушылардың рухани дүниесін байытуға қызмет етеді. Бірақ зорлық-зомбылық пен адамдық болмысқа жат қылықтарды насихаттай-тын яки мағынасыз жеңіл-желпі фильмдер, спектакльдер кері әсер етіп, бала-ның сана-сезімін улайды. Ата-аналар мен педагогтар оқушы-жастардың қан-дай фильмдерді көруін, дискотекалардағы музыкалар оларға қалай әсер етуін бақылап баруы керек. Жалпы, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, таза, эстетикалық нәр беретін өнердің түрлерін балаларға ұсыну керек болады. Көркемөнер шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді кейде «көркемдікке тәрбиелеу» деп те атайды. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті де эстетикалық тәрбие берудің тәсілі ретінде үлкен мәнге ие. Диалект сөздерді, паразит сөздерді, былапыт сөздерді қолданбай таза әдеби тілде сөйлеу; ортада өзін ұстай білу, басқалар-мен қарым-қатынаста әдептілік сақтау; таза, ұқыпты жүру; өзіне жарасатын, ұлттық болмысқа лайық сәнмен киіну - бұлар адамның эстетикалық мәдени-етін көрсетеді. Сондықтан оқушылар арасындағы қарым-қатынасқа аса мән беріп, оларда мәдениетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру керек. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling