Бақылау сұрақтары:
1. Дене тәрбиесінің мәні неде?
2. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін айт.
3. Мектептегі денешынықтыру бойынша жүргізлетін жұмыстардың түр-лері қандай?
4. Елімізде жастардың дене тәрбиесімен айналысуына қандай жағдайлар жаратылған?
3.10. Эстетикалық тәрбие.
3.10.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, мақсаты, міндеттері.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілдіруде эстетикалық тәрбиенің орны ай-рықша. Өйткені эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өмірдегі, өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауға, түсінуге тәрбиелейді, эстетикалық талғамын, қиялын да-мытады.
Эстетика ( «эстезис» - түйсік, сезімдік қабылдау) грек тілінен алынған болып, әсемдікті сезінемін деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет ғылымға 1750 жылы «Эстетика» деген шығарма жазған неміс өнер зерттеу-шісі Баумгартен енгізді.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – жеке адамда эстетикалық талғам мен шындыққа эстетикалық қатынаста болуды қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:
1. Жеке адамның табиғаттағы, өнердегі әсемдікті эстетикалық қа-былдауын, эстетикалық санасын дамыту. Оқушыларда сұлулықты сезу қабілетін дамыту үшін оларға эстетикалық білім беру керек. Эстетикалық бі-лімді балалар өте жас кезінен ала бастайды. Балалардың әдемі ойыншықтарға қызығуы, түрлі-түсті суреттерді, кітаптарды зейін қойып тамашалауы – бұл бастапқы эстетикалық мағлұматтарды ала бастауын көрсетеді. Мектеп кезең-інде балалардың эстетикалық мағлұмат дәрежесі өседі. Бейнелеу өнері, музы-ка, әдебиет, дене шынықтыру, еңбек сабақтары оқушыларға эстетикалық бі-лім беріп, оларды әдеміліктің объективтік критерийлерімен қаруландырады.
Оқушыларға эстетикалық білім беруде табиғаттану, география сияқты пәндердің орны да салмақты. Бұл пәндерден табиғат туралы алған білімдерін кеңейту үшін экскурсияларға шыққан оқушылар сұлулықты өз көздерімен көріп, сезінеді. Сөйтіп, эстетикалық білімдер оқушылардың санасы мен ой-лауын дамытады, эстетикалық түсініктерін қалыптастырады, оларды көркем-өнер салаларын ажыратуға үйретеді.
Оқу орындарындағы түрлі тәрбиелік шаралар – конкурстар, жарыстар, көрмелер, фестивалдар, концерттер т.с.с. оқушыларға эстетикалық тұрғыдан мағлұмат береді, олардың эмоциясына, сезімдеріне әсер етіп, эстетикалық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Do'stlaringiz bilan baham: |