Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- 3.9.2. Дене тәрбиесiн берудің жолдары.
Дене тәрбиесі.
3.9.1. Дене тәрбиесiнің мақсаты, мiндеттерi. Дене тәрбиесi ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерімен бірлесе отырып, баланың жан-жақты дамуының негiзiн қалайды. Дене тәрбиесі – организмді шынықтырып, баланың жан-дақты жетілуіне игі ықпал ететін педагогикалық іс-әрекет. Дене тәрбиесі оқыту процесі үшін үлкен мәнге ие. Егер оқушының дені сау болмаса яки денесінде кемістігі болса, онда оның үлгерімі төмендеп кете-ді. Оқушының есте сақтауы, ықыластылығы, қайсарлығы жалпы денсаулығы мен дене күштеріне байланысты. Денсаулықты нығайту ақыл-ой еңбегінің қарқындылығын күшейтеді. Дене тәрбиесі адамның еңбек операцияларын орындауын жеңілдетеді, себебі денешынықтыру жаттығулары арқылы қимыл-әрекетінде дәлдік, бағытталғандық қалыптасады. Дене тәрбиесі арқылы адамның мүсіні сұлуланады. Ол тік жүретін, ширақ қимылдайтын, жылдам әрекет ететін болады. Дені сау адам ержүрек, тапқыр, табанды, жігерлі, ұйымшыл, бастама-шыл, тәртіпті, алғыр болады. Мектепте жас ұрпаққа дене тәрбиесiн берудің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, денесiнің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, дене жағы-нан шыныққан, ержүрек, Отанын қopғayғa дайын азаматты тәрбиелеу. Дене тәрбиесін берудің мынадай мiндеттерi бар: 1. Денсаулықты нығайту, организмдi шынықтыру, дене жағынан дұрыс өсу және жұмыс iстеу қабілетiн арттыру. 2. Оқушыларда жаңа әрекеттер түрлерiне дағды және iскерлiктер қалып-тастыру, оларды арнайы білімдермен қаруландыру. 3. Оқушылардың жасына, жынысына лайық келетін негізгі әрекет сипат-тарын дамыту. 4. Оқушыларды өз денсаулығына саналы қатынасты тәрбиелеу. 3.9.2. Дене тәрбиесiн берудің жолдары. Дене тәрбиесін беру тәсілдерiнің ішінде гимнастика, әрекетті ойындар, спорт негізгілерден есептеледі. Мектепте оқушыларға дене тәрбиесін беру бойынша арнайы денешынықтыру сабақтары өткізіледі. Кластан тыс жұмыстарда да дене тәрбиесiн беру бойынша әртүрлі шара-ларды өткізуге болады. Мысалы: спорт үйірмелеріне, спорт жарыстарына қа-тыстыру, дем алуды ұйымдастыру, экскурсия, туристік походтарға шығу т.б. Оқушылардың сымбатты болып, дұрыс жүріп-тұруына қамқорлық жасау – барлық оқытушылардың ісi. Мұғалімдердің бәрі де оқушылардың партада дұрыс отыруын, жауап беруге қалай шығатынын, тақтаның алдында қалай тұратынын қадағалап жүpyi керек. Yнeмi ескертіп отыру оқушылардың бой-ындағы кем-кетіктерді түзеуге немесе олардың болуына жол бермеуге көмек-теседі. Барлық мектептерде денешынықтыру сабақтарымен қатар күн режимін-де денешынықтыру-сауықтыру шараларының тұтас бір комплексі жүргізледі. Мәселен, сабақ басталғанға дейін денешынықтыруға шығады, ал төменгі кластарды сабақ үстінде денешынықтыру минуттары өткізіледі. Еңбек сабақ-тарында профилактикалық гимнастика жасалады. Үзіліс кездерінде төменгі класс оқушыларымен қимыл ойындары ұйым-дастырылады. Көктемде, күзде үзілісті аулада, таза ауада өткізу ұсынылады. Ал денсаулығы нашар балалардың бәріне шамасы келетін жаттығулар жасату керек. Біздің елімізде спорт пен денешынықтыруға аса қатты көңіл бөлініп отыр. Жастардың бос уақытында спортпен шұғылдануы үшін мейлі қалада болсын, мейлі ауылда болсын спорт алаңдары көптеп құрылуда. Әртүрлі жа-рыстар өткізілуде. Балалардың түгелдей спортпен шұғылдануына және ден-саулықтарын нығайтуға жағдай жасау мемлекеттік саясат дәрежесіне жетті. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling