Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқушыларда саналы тәртіп пен мінез-құлық мәде-ниетін тәрбиелеу


Download 1.31 Mb.
bet92/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.7.5. Оқушыларда саналы тәртіп пен мінез-құлық мәде-ниетін тәрбиелеу.
Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде оқушыларда саналы тәртіп дағ-дыларын тәрбиелеудің маңызы зор. Тәртіптілік дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға арналған мінез-құлық ережелерін қалай орындау керектігін тү-сіндіру арқылы жетуге болады.
Мінез-құлықтың негізгі нормалары мен ережелері оқушыларға арналған ережелерде тұжырымдалған. Оларда мектеп оқушыларының оқуға жауапкер-шілікпен қарауы, мектепте және одан тыс жердегі жүріс-тұрысы, іс-әрекеті қандай болуы айтылады.
Осы мінез-құлық ережелерін оқушылардың әдетіне енгізіп, ішкі қажет-тілігіне айналдыру керек. Саналы түрде түсініп, күнделікті іс-әрекетіне айна-луына оқытушы әсер етіп отыруы керек,
Мектепте оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеуде класс жетекшісі ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс істегенде ғана нәтиже береді.
Адамгершілік қасиеттері мәдениетті мінез-құлықты қалыптастырумен байланысты.
Мәдениетті мінез-құлықтың ережелері алуан түрлі және әр қилы. Бала-ларды жас кезінен-ақ жақсы әдеттерге дағдыландыру керек, адамдарға жақ-сылық жасауға және көмекке зәру адамдарға қол ұшын беруге үйретіп бару керек.
Кейбір оқушылар өздерінің мінез-құлқына қойылған талаптарды біле бермейді. Сондықтан тәртіпсіздік жасайды, өздерін мәдениетсіз ұстайды.
Мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жолдары көп. Мәселен, мәде-ниетті болу тақырыбына өткізілетін түрлі әңгімелер, пікірталастар; әдеби шығармалар, мерзімді басылымдар, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен қызық-ты фактілерді талқылау т.б.
Мектеп оқушыларын әдепті болуға, дұрыс киініп, таза журуге, мәдени-етті мінез-құлықтың басқа да белгілеріне үйретіп отыру қажет. Мәселен, «Үлкендерді сыйла», «Әдепті бол», «Көшедегі, қонақтағы мінез-құлық», «Талғам туралы», «Жарасымды киіну деген не?», «Инабаттылық пен қара-пайымдылық» т.б. тақырыптарда сұхбат, пікірталас өткізуге болады.
Оқушыларда мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру үшін мектеп, се-мья және қоғамдық ұйымдар бірлесіп тәрбие жұмысын алып баруы қажет.
Бұл істе оқытушының жеке басының үлгісі көп роль атқарады. Олар өзінің сырт бейнесімен, күнделікті мінез-құлқымен, басқа адамдарға қарым-қатынасымен үлкен тәрбиелік әсер өтеді.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling