Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Жыныстық тәрбие және семьялық өмірге моралдық жағынан дайындау


Download 1.31 Mb.
bet91/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.7.4. Жыныстық тәрбие және семьялық өмірге моралдық жағынан дайындау.
Үйдегі жағдай мен семьядағы қатынас оқушы адамгершілігінің дамуына үлкен ықпал жасайды. Бала адамгершіліктің үлгісiн, ең алдымен, семьядан
алады. Семьяның мiндетi – баланы адамдар арасында өмір сүруге үйрету.
Тәрбиенің түп негізi семьядан басталатынын ескерсек, сол семьяны құ-ратын азаматтарды алдымен семьялық өмірге дайындауымыз қажет,
Мектепте жоғары класс оқушыларын семьялық өмірге дайындау мақ-сатында, оларға жыныстық тәрбие беріледі. Жыныстық өмiрдi, жыныстық қарым-қатынас нормаларын білу, оларды сақтау – жастардың ең басты па-рызы, адамгершіліктің биік белгісі.
Қоғамымызға, мұсылмандығымызға жат болған гомосексуалистер, би-сексуалистер, СПИД, сифлис, гонорея сияқты ғасыр індеттері жыныстық қа-рым-қатынас нормаларын бұзудан келiп шықты. Осы бәлелерден аулақ болу үшін де жыныстық тәрбие беріледi.
Сондай-ақ, жастарды семьялық өмірге дайындауда зинақорлық жайлы да түсінік беріледі. Өзінің тән ләззәтін ойлап, айуандық сезімдерге берілу, некесіз қыз бен жiгіттің бірге өмір сүруi қоғамымыз үшін жат әдет-қылықтар болып саналады. Бұны ислам діні де, заң да, халқымыз да қаралайды.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын шешетін көрсеткіш – салауатты өмір салтын орнықтыру.
Қоғамның парасатты өмірі адамның мінез-құлқына, сөзі мен ісінің бір жерден шығуына маңызды талап қояды, мұның өзі адалдық пен шыншылдық туралы ұғыммен қабысады.
Адалдық пен шыншылдық кемшіліктерді ашуға жәрдемдеседі.
Салауатты өмір сүруге кедергі жасайтын арақ ішу, темекі шегу, наша-қорлықпен айналысу сияқты қоғамымызға жат көріністерден жастарды ара-шалап алуымыз керек. Мұндай жарамсыз қылықтар адам организмінің да-муына кедергі жасайтыны туралы, ауру балалар туылатыны туралы оқушы-лар білуі керек. Осындай қоғама жат әдеттерге қарсы тәрбие жұмыстарының түрін мектепте көбейту керек. Мәселен, осындай тақырыптарға арналған лекциялар оқу, мамандармен сұхбат.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling