3.7. Рухани-адамгершілiк тәрбие. Саналы тәртіптi тәрбиелеу.
3.7.1. Руханият – қоғамдық санаға әсер етуші және оны тәр-биелеуші тәсіл.
Қазіргі дәуірде руханият мәселесі тәуелсіздікті баянды eтy және келе-шекке сеніммен барудың ең дұрыс жолы деп саналуда. Жоғары мәдениетке, рухани байлыққа ие болған халық тәуелсіздік идеясын меңгеріп, келешекке ынтымақтасып, өзара түсінісіп, өзгелермен қарым-қатынасын нығайтып бара алады.
Руханият болмаған жерде бақытты өмір де, имандылық та, тәуелсіздік сезімі де, әділет те болмайды.
Руханияты дамыған халық пен ұлт өзін-өзі қадірлейді, өткенін мақта-ныш етеді, келешекке үмітпен қарайды.
Президентіміз И.А.Каримовтың сөзімен айтқанда, «руханият түрлі ха-лықтар мен мемлекет адамдарын туыс-бауыр етеді. Олардың тағдырын өзара құрмет негізінде жақындастырады».
Руханият өте кең түсінік. Оның сипаттамасы қай жақтан алынуына қа-рай әртүрлі болады.
Жеке адамның руханияты дегеніміз – оның іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі, істеген жұмыстары, еңбегінің нәтижесі, айнала-болмысқа қатынасы.
Руханият бір ұлттың өзіне тән рухани дүниесін, рухани келбетін көрсе-тетін ұлттық болады. Бірақ жалпыадамзаттық құндылықтарға қарсы емес, қайта өз ішінде оларды да қамтиды. Ұлттық руханиятқа ұлттың тілі, ұлт-тың әдебиеті, өнері, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, табиғаты, ғылым мен техникасы, адамның тұрмыс-тіршілігі, творчествосы, еңбегі және оның нәти-жесі жатады,
Демек, руханият, оның ішінде ұлттық руханият қоғамның және сол қо-ғамдағы әрбір адамның санасын белгілеуші, оны тәрбиелеуші тәсіл болады. Әрбір адам жас күнінен өз ұлтының қадір-қасиеті, әдет-ғұрпы, көзқарастары арқылы өзінің дербес руханиятын қалыптастырады. Әрбір ұлттың, мемлекет-тің тәлім-тәрбие процесі сол ұлт руханиятының даму дәрежесіне байланысты болады. Ғасырлар бойы жинақталған рухани байлықтар қоғамдық сананы жә-не жеке адамның санасын тәрбиелеуде негізгі ролді атқарады.
3.7.2. Рухани-адамгершілік тәрбиенің мәні, мақсаты, міндет-тері.
Do'stlaringiz bilan baham: |