Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet87/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.6.4. Құқықтық тәрбиені беру жолдары.
Құқықтық тәрбие беру білім беру мекемелерінде арнайы жүргізілетін сабақтар, тәрбиелік шаралар арқылы амалға асырылады. Құқықтық тәрбиені беруде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі.
Төменгі сынып оқушылары мен жеткіншектер құқықтық білімдерді оқу процесінде мемлекет, оның символдары, азаматтардың құқықтары мен мін-деттері туралы жалпы түсініктер арқылы алады. Бұл жастағы оқушылар кей-де қарым-қатынас барысында құқықтық норма талаптарын бұзып қояды. Оған олардың еркеліктері, эгоизмі, бейбастығы, жалқаулығы себеп болады. Сөйтіп басқа бір адамға немесе қоғамдық мүлікке зиян жеткізеді. Егер мұндай жағдайда құқықтық профилактика жұмыстары жүргізілмесе, оқушыларда құқықбұзушылық мінез-құлық пайда болады.
Ал жасөспірімдік шақта оқушылар құқықтық және адамилық қарым-қатынастың мәнін тереңірек түсіне бастайды. Олар әртүрлі қызмет түрлерінде азаматтық жауапкершілігін біледі, өзінің құқықтары мен міндеттерін мең-гереді.
Мектепте оқушының бойында құқықтық сананы қалыптастыру үшін ар-наулы құқықтық білім берiледi. Мемлекеттік құқық негіздерi және қоғамдық пәндер арқылы оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беріледі.
Оқушыларға сабақтан тыс құқықтық білім конференцияларын, диспут, сұхбат, дискуссия ұйымдастыру, Республика Конституциясын, заңдарын түсіндіру құқықтық тәрбиенің негізгі бағыттарының бipi болып саналады. Оқушыларға республика дәстүрлері, ұлттық ерекшеліктері, этнографиясы, демографиясы туралы түсінiктер беру де құқықтық тәрбиенің функциясына кіреді.
Сонымен бірге, құқықтық тәрбие беруде ақпарат құралдарының тигізетін пайдасы зор. Бүгінгі күнде теле-радио хабарларда, мерзімді баспасөздерде оқушылардың құқықтық білімін нығайтатын, құқықтық сана-сезімін дамыта-тын хабарлар жеткілікті. Одан тиімді пайдалану керек.
Құқықтық тәрбие беру методтары: лекция, сұхбат, үлгі-өнеге, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару, үйрету, тапсырма беру, талап, жаттықтыру, мақтау, мадақтау, марапаттау, жазалау.


Бақылау сұрақтары:
1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтық тәрбие дегеніміз не?
3. Құқықтық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері қандай?
4. Әрбір мемлекеттің азаматына құқықтық білiм не үшін керек?
5. Құқықтық тәрбие беру жолдары қандай?
6. Құқықтық тәрбие беру методтары қандай?



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling