Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Білім, дағды және іскерлікті қалыптастыру – ақыл-ой тәрбиесінің негізі


Download 1.31 Mb.
bet84/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.5.4. Білім, дағды және іскерлікті қалыптастыру – ақыл-ой тәрбиесінің негізі.
Мектепте ақыл-ой тәрбиесі оқыту процесінде және сабақтан тыс жұмыс-тарда жүзеге асырылады.
Оқушыларды білім, дағды және іскерліктермен қаруландыратын оқыту процесі ақыл-ой тәрбиесінде маңызды роль атқарады. Оқыту процесінде ақыл-ойдың дамуына азық болатын білім жүйелі түрде бірізділікпен беріледі; білімді меңгеру үшін ойлау операциялары орындалады.
Оқытуда оқушының ақыл-ой белсенділігін оятатын оқыту методтары қолданылады. Қазіргі күнде сабақтың әр кезеңі үшін пайдалануға болатын «интерактив» методтардың түрлері көбейді. Жалпы, оқыту методтарының қай-қайсысы да өз орнында шебер қолданылса, ол міндетті түрде оқушының іс-әрекетін активтендіре алады.
Ақыл-ойдың дамуына оқушылардың дербес (өзіндік) жұмыстарын ұйымдастырудың орны ерекше. Дербес жұмыс оқушылардың сабақта үй-ренген оқу материалын нығайту үшін, білімдері мен іскерліктерін бекіту үшін қолданылады.
Оқушының ақыл-ой қабілеттерін дамытуда проблемалық ситуациялар туғызу, зерттеушілік ізденістер алып бару да жақсы нәтижелер көрсетеді. Проблемаларды шешу яки зерттеу жұмыстарын алып бару оқушылардың оқуға деген ынта-жігерін оятады, интеллектуалдық қабілетін арттырады, ақыл-ойын ширатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Дүниетаным дегеніміз не?
2. Kөзқapac, сенім дегендi түсіндiрiп бер.
3. Дүниетанымды қалыптастыру неге қажет?
4. Ұлттық идеология қандай болуы керек?
5. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнын айт.
6. Ақыл-тәрбиесінің міндеттері қандай?
7. Ақыл-ой күштерін дамытудың жолдарын айт.
3.6. Азаматтық тәрбие.
3.6.1. Азаматтық тәрбиенің мәні, мiндеттерi, методтары.
Азаматтық дегеніміз адамның Отан, халық алдындағы құқықтары мен мiндеттерi, қоғамдық және моралдық нормаларға бой ұсынуы, азаматтық борышын орындауы, қоғамдық белсенділігі, рухани жетілyi
Осыдан келіп шығып, азаматтық тәрбиенің мәнiн айқындайық. Азамат-тық тәрбие оқушыларға жан-жақты тәрбие беру жүйесінің негізі және тәрбиенің басқа құрамдарының орны мен ролін анықтайтын шешуші буыны.
Азаматтық тәрбие беру арқылы оқушылардың саяси саналылығы және қоғамдық белсенділігі артады.
Сонымен, азаматтық тәрбиенің мәні әлемнің бiрлiгi мен өзара байланыс-тылығы, бейбiтшіліктi сақтау және карусыздандыру, экологиялық мәселелер-дi шешу, әлемдiк өнер мәдениетiн сақтау, экономикалық, ғылыми, мәдени қа-тынастарды орнату және қоғамдық белсенділiк сияқты түсінiктердi қалыптас-тыру болып табылады.
Азаматтық тәрбиенің негізгі мiндеттерi мыналар:
– оқушыларда саяси саналылық пен қоғамдық белсенділікті қалыптас-тыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының принциптерін білу жә-не түсіну, бейбітшілік жолындағы күресте өз халқының ролін білу, патриот-тық және интернационалдық сезім, қоғамдық-саяси жұмыстарға қатысу үшін дайын болу, өз мемлекетiнің символдарына (Ту, Әнұран, Елтаңба) құрметпен қарау;
– халық, мемлекет алдындағы борыштарын ұғындыру, яғни мемлекеттің заңдарын, құқықтарын, мiндеттерiн, адамгершілік нормаларын меңгеру және оларды қатаң түрде сақтау, заңдарды, жалпыадамзаттық, құқық нормаларын бұзғандармен және тәуелсiздiктің дұшпандарымен ымырасыз болу.
Жас ұрпаққа азаматтық тәрбие беру – өте күрделi іс. Ол адамның өмірлiк мақсатын, мінез-құлықтың бағытын анықтайды.
Мектепте азаматтық тәрбие барлық пәндердi оқыту арқылы беріледі. Та-биғи-математикалық пәндер арқылы әлем, табиғат, табиғаттың бір бөлшегі болған адамзат туралы ілімді үйренеді.
Көркемдiк-эстетикалық пәндер адамзаттың жаратқан мәдени байлықта-рымен таныстырады.
Табиғи-математикалық, көркемдік-эстетикалық білімдер арқылы оқушы-ларда әлемдi, табиғатты сақтау, адамзаттың құқықтарын қорғау, мәдени ми-растарды сақтау сияқты адамгершілік, азаматтық сезім қалыптасады.
Қоғамдық-саяси және гуманитарлық пәндер арқылы оқушылар идеялық- саяси білімдердi меңгередi, саяси жаңаша ойлауын дамытады, елiмiзде және шетелдерде болып жатқан оқиғаларғa саяси қырағылық көрсетедi, тәуелсiздiк идеологиясына жат көзқарастар мен хабарларды әшкерелейдi.
Оқу-тәрбие процесінде азаматтық тәрбие берудің басқа да жолдары бар. Мысалы: саяси хабарламалар; ұлттық идея, идеология туралы пікірталастар; азаматтық борыш, міндет туралы әңгіме-диспуттар; замандастары туралы сұхбаттар өткізу.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling