Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Патриоттық және интернационалдық тәрбиенің мақ-саты, міндеттері, методтары
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Патриотизм дегеніміз
- мақсат
3.6.2. Патриоттық және интернационалдық тәрбиенің мақ-саты, міндеттері, методтары.
Азаматтық тәрбиенің негізі патриотизм мен интернационализм болып саналады Патриотизм дегеніміз – Отанға, туған жерге махаббаты, халқына деген мақтаныш сезім, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүдде-сіне жұмсау. Интернационализм – барлық мемлекет халықтарымен ынтымақтастық, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынас, тату көршілік, өзара көмек, басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеу т.б. Патриоттық тәрбиенің мақсаты – оқушыларың өз Отанына деген сүйіс-пеншілік сезімін қалыптастыру . Отансүйгіштік тек өз Отанының тарихын біліп, оған құрметпен қарау ғана емес, өз тілін, салт-дәстүрлерін, ұлттық мәдениетін, ұлттық әдеп норма- ларын білу, оны қорғауға, дамытуға үлес қосу, сондай-ақ, әлем мәдениетінен, басқа халықтардың материалдық және рухани байлықтарынан, ғылым мен техникасынан, тәжірибелерінен творчесволық пайдалану болып табылады. Отансүйгіштік (патриотизм) сезімін интернационализмнен бөліп қарауға болмайды. Себебі тәуелсіздігімiздің жемісін татып, өзімізге-өзіміз ие болып, тілімізге, дінімізге, ой-санамызға теңдік тиіп отырған бір кезде өзге халық-тармен санаспасақ, өзге елмен қарым-қатынас жасамасақ, өзге ұлтты менсін-бесек — «өз қабығымызға өзіміз оралып қаламыз». Басқаларда да бізге деген жағымсыз көзқарас пайда болады. Сондықтан халықтap арасындағы теңдікке, достыққа негізделген қарым-қатынасты, басқа ұлттарға достық сезімді, өзге халықтардың тіліне, тарихына, мәдениетіне, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұ-рыптарына құрметті қалыптастыратын интернационализмді жас ұрпақтың бойына сіңіріп бару керек. Интернационалдық тәрбие оқушылардың бойында адамгершілік, азамат-тық, гуманистік сезімдерді дамытуды мақсат етеді. Патриоттық және интернационалдық тәрбиенің міндеттері: – өз Отанына шексіз сүйіспеншілікті қалыптастыру; – кез келген ішкі және сыртқы жаулардан қорғау керек болса, өзінің патриоттық сезімдерін көрсетуге әзірлікті тәрбиелеу; – Өзбекстанда жасайтын барлық ұлттар мен ұлыстарға құрметпен қарау-ды тәрбиелеу; – Отан игілігі үшін адал еңбек етуге тәрбиелеу. Бұл міндеттер мектептегі оқу-тәрбие процесінде шешімін табады. Мектептегі ең алғашқы сабақ Өзбекстанның тәуелсіздігіне арналады. Са-бақта Отан, оның тарихи жолы, халқы, халқының тұрмыс-тіршілігі, респуб-ликаның байлықтары, саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастары т.б. туралы мәлімет беріледі. Отанға деген махаббатты тәрбиелеу осы бірінші сабақтан басталып, са-бақ үстінде, күнделікті тәрбиелік жұмыстарда өз жалғасын табады. Қай пәнді оқытуды алсақ та патриоттық және интернационалдық тәрбие берудің құралы бола алады. Сабақтан тыс уақытта патриоттық және интернационалдық тәрбие беру бойынша арнайы тәрбиелік шаралар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, оқушы-ларды өлкетану жұмыстарына қатыстыру, Отан тақырыбындағы кештер, әс-кери-патриоттық мерекелер, ұлттық мерекелер, сондай-ақ басқа халықтардың да ұлттық мерекелерін ұйымдастырып, соларға қатыстыру, даңқты желестері-мен, соғыс, еңбек ардагерлерiмен, ақын-жазушылармен, өнер қайраткерлерi-мен кездесулер ұйымдастыру, басқа елдердің балаларымен достық қарым-қа-тынас орнату, замандастар келбетiне арналған диспут, дискуссия өткізу, қай-рымдылық акцияларын жүргізу, ұлттық салт-дәстүрлердi, әдет-ғұрыптарды үйрету т.б. Өзбекстан Конституциясын, мемлекет символдарын үйрену, оларға құр-метпен қарау – оқушылардың туған жерге деген махаббатын тереңдетеді. Тәрбие сабақтарында «Құран» және хадистерде жазылған Отан, достық, ұлтаралық ынтымақ тақырыптарын ашу, мақал-мәтелдердi, аталы сөздерді топтау патриоттық, интернационалдық тәрбие берудің кең қолданылатын тә-сілдерінің бiрi. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling