Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
Ішкі бақылау мен тәртіпке салу білім беру мекемелерін басқаруда ай-рықша мәнге ие. Ішкі бақылауды ұйымдастырудың өзіне тән қиыншылықта-ры бар. Атап айтсақ, білім беру процесін бақылау жүйесінің жоқтығы, бақы-лауды ұйымдастыруда формализмге жол беру, бақылаудың біржақтама жүр-гізілуі, бақылауға тек лауазымды адамдардың қатыстырылуы. Ішкі бақылау-ды ұйымдастыруда осы аталған кемшіліктерді болдырмау үшін бірқатар та-лаптарды білу керек. Бұл талаптар: жүйелілік – бұл талап оқу орнындағы педагогикалық процестің барлық бағытын басқаруға мүмкіндік беретін бақы-лау жүйесін құруға бағытталады; әділдік (объективтілік) – бұл талап бой-ынша оқытушының яки педагогикалық коллективтің қызметін тексеру мем-лекеттік білім беру стандарттары және оқу бағдарламалары талаптарына сай жасалынған және келісілген критерийлер негізінде жүргізілуі керек; ықпал-дылық – жүргізілген бақылау нәтижелері оңтайлы өзгерістерге, көрсетілген кемшіліктерді жоюға алып келуі керектігін талап етеді; тексерушінің жетік білушілігі – бақылау преметін білуі, бақылау методикасын білуі; жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін көре білу біліктілігі; бақылау нәтижелерінің дамуын болжай алуы.
Педагогикалық басқаруға байланысты әдебиеттерде оқу орындары ішкі басқаруының мазмұны төмендегі бағыттарды қамтитыны көрсетілген: 1. Жалпыға бірдей білім берудің ұйымдастырушылық-педагогикалық мә-селелерінің орындалуы. 2. Оқу программалары мен мемлекеттік білім беру стандарттарының са-пасы мен орындалу барысы. 3. Оқушылардың білім, дағды, іскерліктерінің сапасы. 4. Оқушылардың тәрбиеленгендік деңгейі. 5. Оқытудың білім берушілік, тәрбиелеушілік және дамытушылық функ-цияларын іске асыратын оқу пәндерінің оқытылу жағдайы. 6. Кластан тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу жағдайы және сапасы. 7. Педагог кадрлармен жұмаыс алып бару. 8. Оқушыларды тәрбиелеу бойынша мектеп, семья және жұртшылықтың ынтымақтастық істерінің тиімділігі. 9. Нормативті құжаттар мен қабылданған қаулылардың орындалуы. Оқу орындарындағы ішкі бақылаудың түрлері, формалары және метод- тарын классификациялау әлі күнге дейін ғалымдар арасында проблемалы мә-селе болып тұр. Әйткенмен, И.Шамова1 ұсынған классификация ең дұрысы деп танылады. Ғалымның көрсетуінше, бақылаудың екі түрі бар: тақырып-тық бақылау және фронтал бақылау. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling