5.1.3. Аномалды оқушылармен жүргізілетін коррекциялық жұмыс-тардың негізгі бағыттары.
Психологиялық-физиологиялық дамуы және құлқында кемістігі болған балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту күрделі әлеуметтік педагогикалық проблема болып есептелінеді. Дамуында кемістігі болған балалармен коррек-циялық жұмыстар төмендегі бағыттарда жүргізіледі:
балалардың дамуы мен құлқындағы кемістіктердің табиғаты мен мә-нін анықтау, олардың пайда болуы себептері мен жағдайын үйрену;
дамуы мен мінез-құлқында кемістігі болған балалармен коррекция-лық-педагогикалық қызметтің пайда болу және даму тарихын үйрену;
балалардың дамуы мен құлқындағы ауытқулардың алдын алудағы жетекші тенденцияларды, баланың психологиялық-физиологиялық дамуы мен өмір сүруіндегі әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар этиологиясын (себеп-салдарын) айқындау;
дамуында кемшіліктер болған және мінез-құлқында ауытқушылықтар болған баланың жеке басына коррекциялық-педагогикалық әсер ету техно-логиясын, формасын, әдіс-тәсілдерін істеп шығу;
жаппай жалпы орта білім беру жағдайында дамуы мен құлқында ке-містігі болған балалардың жалпы және арнаулы білім алуын талдауды жүр-гізу;
арнаулы мекемелер мен балаларды реабилитациялау және әлеуметтік қорғау орталықтары қызметінің мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттарын анықтау;
аномалды оқушылармен коррекциялық-педогогикалық жұмыстарға мұғалімдерді даярлауда қажет болатын оқу-методикалық базаны құру.
5.1.4. Бала дамуындағы ауытқушылықты диагностикалауда кор-рекциялық жұмыстардың принциптері мен методтары.
Дамуында кемістіктері болған балалар арнайы коррекциялық-дамытушы оқыту және тәрбиеге қажеттілік сезінеді. Сонымен бірге оларға емдеу-сауықтыру көмегі де қажет. Мұндай балаларға берілетін көмектің нәтижелі болуы олардың жағдайын ерте диагностикалауға байланысты. Баланың қан-дайда бір дефектін анықтау ғана емес, баланы тиісті мекемеге орналастыруға және кейінгі коррекциялық жұмыстарды жүзеге асыруға негіз болатын оның өзіндік ерекшеліктерін, құрылымын, сан және сапалық көрсеткіштерінің тех-нологиясын анықтау да қажет.
Аномалды балаларға арнаулы мекемелерді, сондай-ақ жалпы орта блім беретін мектептер жағдайында коррекциялық-дамытушы сыныптарды ұйым-дастыру мәселесімен психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия-лар (ПМПК) шұғылданады. Бұл мәселеде мамандар мына принциптерді бас-шылыққа алады:
Do'stlaringiz bilan baham: |