Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Коррекциялық педагогиканың категориялары


Download 1.31 Mb.
bet117/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Коррекциялық педагогиканың категориялары: аномал балаларды оқыту және дамыту, аномал балаларды тәрбиелеу, коррекция, коррекциялық-тәрбиелік жұмыс, компенсация, әлеуметтік реабилитациялау, әлеуметтік адаптациялау, жанұялық тәрбие.
1. Аномал балаларды оқыту және дамыту – бұл білімдер, дағдылар, іскерліктер және өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі тәсілдерін беру мен меңгертудің мақсатқа бағытталған процесі. Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеудің мақсаты амалаға асырылады. Әрбір арнаулы оқу мекемесінде дефектің тереңдігі мен сипатына қарай оқыту процесінің міндеттері, мазмұ-ны принциптері, ұйымдастырылуы істелініп шығылады. Оқыту системасы мен методтарын таңдауда аномал баланың жас ерекшелігі, дефектің пайда болу уақыты да ескеріледі.
Аномал баланың дамуы оқытуға тәуелді. Сондықтан аномал балаларды оқытпаса яки оқытуды өз уақытында бастамаса, оның дамуына түзетіп бол-майтын зиян жеткізіледі, психикалық функцияларының қалыптасуы тежеле-ді, нормадағы теңдестерінен артта қалуы тереңдейді, күрделі дефектері бол-са, онда ақыл-ой дамуының мүмкіндіктері іске аспай қаладаы.
Арнаулы мектептерде еңбекке тәрбиелеу үлкен мәнге ие. Еңбек аномал оқушыларды тек өмірге, өздеріне лайық кәсіби қызметке даярлап қана қой-майды, олардың кеселдігі арқылы бұзылған функцияларын қалпына келтіру-ге, ақыл-ой және дене жағынан дамуындағы дефектерді кемітуге тәсір етеді.
2. Аномал балаларды тәрбиелеу – дефектің дәрежесі мен құрылымына қарай қолайлы методар мен тәсілдерді пайдаланып, оларды белсенді қоғам-дық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық сапаларын қалыптастыру процесі. Аномал балаларды тәрбиелеу өзара түсіністік, өзара көмек, талап пен қорғау режимінің орынды үйлесімі жағдайында жанұя және мектеппен тығыз байла-ныс орнату арқылы алып барылады.
3. Коррекция – аномал балалардың психикалық және дене жағынан да-муындағы кемшіліктерді түзету, жоғату және тегістеуге бағытталған арнаулы педагогикалық және емдік шаралар системасы.
4. Коррекциялық-тәрбиелік жұмыс – аномал балалардың психикалық және дене жағынан дамуындағы кемшіліктерді түзету, жоғату және тегіс-теуге бағытталған арнаулы педагогикалық шаралар системасы.
5. Компенсация (латынша compensatio – орнына төлеу, теңелту) орга-низмнің бұзылған немесе жетілмей қалған функцияларының орнын тол-тыру, қайта құру. Компенсация процесі жоғары нерв қызметінің резервтегі мүмкіндіктеріне сүйенеді.
6. Әлеуметтік реабилитациялау (латынша rehabilitas – жарамдылық-ты, қабілетті қалпына келтіру) – медициналық-педагогикалық мағынада бұл аномал балаларды әлеуметтік ортаға қосу, психикалық және дене мүмкіндік-тері дәрежесінде қоғамдық өмір мен еңбекке араластыру. Бұл коррекциялық педагогика теориясы мен практикасында басты міндет болып саналады.
7. Әлеуметтік адаптациялау - (латынша adapto - бейімделу) аномал ба-лалардың индивидуал және топтық мінез-құлқын қоғамдық норма мен құн-дылықтарға сай тәртіпке салу.
8. Жанұялық тәрбие – реабилитацияның белсенді факторы. Жанұя мен мектептің біргеліктегі әрекеті аномал балаларды белсенді қоғамдық пайдалы қызметке араласуын, оның еңбек ету мүмкіндіктері мен оңтайлы мамандық-ты таңдауын анықтауды қамтиды.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling