Мектеп директорының міндеттері:
– мемлекет және қоғамдық ұйымдарда мектеп мүддесiн көздейдi;
– оқу программаларының орындалуын бақылайды; тәлім-тәрбие жұмыс-тарының сапалы және нәтижелi болуы, балалықты және еңбектi қорғау талап-тарының орындалуы, мектептен тыс және тәрбиелiк жұмыстардың ұйымдас-тырылуы үшін қажетті жағдайды жаратады;
– мектептің педагог және жетекшi кадрларын таңдап, орын-орнына қоя-ды, олардың мiндеттерiн белгідейдi, класс жетекшілерін тағайындайды, педагог және қызметкер кадрларды жұмысқа қабылдайды және босатады;
– мектеп педагог кадрларының Аттестация комиссиясына басшылық жасайды;
– мектеп педагог кадрларының творчестволық жұмыстарын, тәлім-тәр-биенің озат форма және методтарын қуаттау үшін жағдай жасайды;
– мектепке бөлінген каржының есебiн жүргізедi;
– мектептің норматив құжаттарының тура жүргізілуiн қамтамасыз ете-ді;
– мектеп (педагогикалық) кеңесі және жергілiктi әкiмшілік алдында өз қызметі туралы есеп берiп тұрады.
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбаса-рының мiндеттерi:
– оқу аптасы және оқу жұмыстарының ұзақтығын қамтамасыз етеді;
– сабақ кестесiн түзеді, кесте бойынша сабақтың өз уақытында және нәтижелi өтуiн қамтамасыз етедi;
– әр ширектің соңында директор және мектеп педагогикалық кеңесінің мүшелерiне оқу процесiнің баруы туралы ақпарат және мәлімет береді;
– жас мамандарға практикалық және методикалық көмек ұйымдасты-рады;
– класс журналының тура жүргізiлуi мен сақталуына жауап береді;
– оқушылардың білім дәрежесiне жоспар негізiнде талдау жасайды;
– оқушылар жағынан мемлекеттiк программаның орындалуын қамтама-сыз етедi және бақылайды.
Руханият және ағарту жұмыстары бойынша директор орынбасары:
– мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйымдарын ұйымдастырады;
– қоғамдық ұйымдар, махалла және ата-аналармен байланысты қамта-масыз етеді;
– мектептен және кластан тыс тәрбие жұмыстарын жоспарлайды және оны жүзеге асырады;
– оқушылардың кластан және мектептен тыс тәрбиелiк шараларын бақы-лап отырады және оған ғылыми, практикалық және методикалық көмек ұйымдастырады.
Do'stlaringiz bilan baham: |