Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- олигофренопедагогика
- Коррекциялық педагогика
5-тарау. Коррекциялық педагогика.
5.1.Коррекциялық педагогика негіздері. 5.1.1. Коррекциялық педагогиканың предметі, міндеттері және мәні. Дамуы мен мінез-құлқында әртүрлі ауытқуы бар балаларды коррекция-лық оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен коррекциялық педагогика ғылы-мы шұғылданады. Коррекциялық педагогиканың (дефектология грек сөзінен алынған болып, defectus – кемістік, logos – ғылым деген мағынаны береді) предметі дене және психикалық дамуында яки мінез-құлқында ауытқуы бар бала, оны диагностикалау ерекшеліктері мен коррекциялық оқыту техноло-гиясы болып саналады. Педагогка ғылымында коррекциялық педагогиканың ғылыми түсінік ретінде айтыла бастағанына онша көп уақыт бола қойған жоқ. Ұзақ уақыт «дефектология» түсінігі қолданылып келген. Коррекциялық педагогика мынадай салаларға бөлінеді: 1) сурдопедагогика – саңырау-мылқау және саңырау балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді; 2) тифлопедагогика – соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді; 3) олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуы жағынан артта қалған бала-ларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді; 4) логопедия – тілінің мүкістігі, кемістігі бар балалармен шұғылданады. Коррекциялық педагогика – денсаулығының мүмкіндігі шектелген, дене және психикалық кемістігі болғандықтан тәрбиелеу мен оқытудың ар-наулы индивидуал методтарына мұқтаж баланың жеке басын дамыту проце-сін басқарудың мәнін, заңдылықтарын, тенденцияларын үйренетін ғылым. Коррекциялық педагогиканың негізгі мақсаты: белгіленген және шы-найы (реал) қызмет арасындағы үйлеспеушілікті жою яки кемейту. Коррекциялық-педагогикалық қызмет – бұл күрделі, психологиялық-физиологиялық, әлеуметтік-педагогикалық құбылыс болып, тұтас педагоги-калық система ретінде көрінетін білім беру процесінің барлығын қамтиды. Сондықтан диагностикалық-коррекциялық, коррекциялық-дамытушылық, коррекциялық-профилактикалық қызметтермен қатар коррекциялық-тәрбие-лік, коррекциялық-оқыту, психикалық-коррекциялық қызметтер де бар. Бұ-дан шықты, коррекциялық-педагогикалық жұмысты оқыту, тәрбиелеу, дамы-ту процестерінен тұратын тұтас білім беру процесі деп атауға болады. Аномал (кемтар) оқушылармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың мәні де осыда. Коррекциялық педагогиканың міндеттері: 1) дамуында әртүрлі ауытқулары бар баладағы кемістіктің мәнін, құры-лымын және коррекциялық-компенсаторлық мүмкіндіктерін анықтау; 2) дифференциал оқуы мен тәрбиесін ұйымдастыру мақсатында аномал балалардың педагогикалық класссификациясы проблемаларын шешу; 3) аномал балаларды анықтау және есепке алу; 4) ауытқушылықтың дамуын ертерек диагностикалау методтарын ғылы-ми істеп шығу; 5) балаларда дефектердің дамуын түзету, болдырмау, тегістеу бойынша комплекс шараларды істеп шығу; 6) аномалды балалықтың алдын алу бойынша профилактикалық шара-лар системасын істеп шығу; 7) дамудың түрлі этаптарында аномал индивидуумның әлеуметтену процесінің тиімділігін арттыру. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling