Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Аномалды (кемтар) балалар және оларға жалпы сипаттама


Download 1.31 Mb.
bet118/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

5.1.2. Аномалды (кемтар) балалар және оларға жалпы сипаттама.
Шет елдік және отандық зертеушілердің жүргізген зерттеу жұмыстары-ның көрсетуінше, дамуында кемістігі бар балалардың саны әлемде көп бо-лып, қазіргі күнде одан да көбейіп баруда. Мұның бірқанша себептері бар: кейбір жанұялардағы тұрақсыздық, қалыпты экологиялық және экономика-лық жағдайдың жоқтығы, мектеп және жанұялық тәрбиенің жетіспеуі, сенсор және эмоционал контакттар мен қажеттіліктерді қанағаттандырудың жеткі-ліксіздігі, т.б. Мұдай патологиялық факторлар әртүрлі ауруларға және да-муының ауытқуына соқтырады.
Дамуында ауытқу туралы мәселелер тек жеке адам дамуының нормал параметрлері туралы білімдер конекстінде зерттеледі.
«Норма» түсінігінің негізгі мәні – бұл белгіленген мөлшер, бір нәрсенің орта шамасы.
«Аномалия» түсінігі грек тілінен аударғанда нормадан, жалпы заңды-лықтардан ауытқу, дамуының дұрыс еместігін білдіреді.
Дамуында проблемалары болған балаларда дене немесе психикалық кемшіліктер болып, олар балалардың жалпы дамуында ауытқулардың пайда болуына себеп болады. Дефектің сипатына, оның пайда болу ерекшеліктері-не қарай кейбір кемшіліктерді толық жою, кейбірін түзету, үшінші түрлерінің орнын толтыру мүмкін. Аномалды баланың дамуында оны оқыту және тәр-биелеу негізгі проблема саналады.
Қазіргі күнде дамуындағы ауытқулардың классификациясы бойынша тұтас принцип бар деп айтуға болмайды. М.А.Власова және М.С.Певзнер аномалды балалардың мынадай топтарын көрсетеді:

  1. сенсорлық қасиеті толық емес балалар, (есту, көру, сөйлеу, тірек-қи-мыл аппаратының функциясы және сеномотрикасы бұзылған);

  2. психикалық дамуы артта қалған балалар;

  3. астеникалық яки реактивтік жағдайдағы және конфликті әсерленуші-лікке ие балалар;

  4. психопатикалық мінез-құлықты балалар (құлықтық-эмоционалдық бұзылу);

  5. ақыл-ойы кеміс балалар (дебилдік, имбецилдік, идиоттық дәрежесін-дегі олигофрендер);

  6. психикалық кеселдіктің бастапқы көрінісі бар балалар (шизофрения, эпилепсия, истерия, т.б.).

О.Н.Усанова аномалды балалардың мынадай классификациясын ұсынады:

  1. органикалық бұзылулар нәтижесінде дамуында кемістігі болған бала-лар;

  2. функционалдық жақтан жетілмеудің нәтижесінде дамуында кемістігі болған балалар;

  3. психикалық депривациялар себебімен дамуында кемістігі болған балалар.

Өзбекстандық дефектолог В.С.Рахманова дамуында кемістігі бар бала-лардың мынадай классификациясын ұсынады:

  1. интеллектуалдық жағынан бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамудан артта қалған балалар);

  2. сөйлеуі бұзылған балалар;

  3. сенсорлық жағынан бұзылған балалар (көру және есту қабілеттері бұзылған).

  4. тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;

  5. дамуында комплекс дефектері болған балалар.




Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling